- Учителю
- Қазақ тілінен ашық сабақ Етістік (3сынып)
Қазақ тілінен ашық сабақ Етістік (3сынып)
Қазақ тілі (3сынып)
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Б.м: Етістік туралы ұғымды кеңейту. Байланыстырып сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру.
Д.м: Сауатты, көркем жазуға төселдіру.Оқушылардың сөздік қорын
молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.
Т.м:Оқушылардың логикалық сезімін оятып, әдептілікке, ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікпен кәсіпкерлікке, татулыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Кубизм», түсіндіру, , әңгіме, көрнекілік, ой
қозғау
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе қағаздар,
сабақтың картасы, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Әрбір адамның алдына қойған мақсаты болады,сол мақсатқа жету үшін
көп еңбек етеді.Сол сияқты біздің де алдымызға қойған мақсатымыз
бар.
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Еңбек етіп топтаса,
«5-ке» қолды жеткізу
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Сабақты бастауға дайынсыңдар ма?Зейінімізді сабаққа
аударамыз.
-Ендеше сабағымызды бастаймыз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 161- бет 55-жаттығу
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (Кубизм әдісі)
-
Сөз таптарын ата
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Негізгі зат есім дегеніміз не?
-
Туынды зат есім дегеніміз не?
-
Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
-
Ана сөзін үш жақта тәуелдеп айт
ІV. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Қандай сөз табын білеміз?
- Бүгінгі өтетін тақырыбымызды анықтау үшін сөзжұмбақ шешейік.
-
Киелі сан
Біздің мемлекет
Жаңғақ жейді
Уақыт құралы
Ас дәмін не келтіреді?
Біз нешінші сынып оқимыз?
Ең нашар баға
- Сонымен қандай тақырып екен?(Етістік)
V. Жаңа сабақ: 1. Демонстрация әдісі.
а) Музыка әуенімен екі оқушы би билейді.
ә) Бір оқушы балаларға сергіту сәтін жасатады.
- Инабат пен Жалын не істеді?(би биледі)
- Әли не істеді? (жаттығу жасады)
- Оқушылар қозғалды ма? Қимыл жасады ма? Іс-әрекеттер жасады ма?
- Олар жасаған қозғалысқа, қимылдарға, іс-әрекеттерге қандай сұрақтар қоясың ? Өздері ереже шығады.
2.Жаттығулармен жұмыс жасау
1. Дәптермен жұмыс
2. Күн ретін жазу
3. Көркем жазу. О одыбысы. Қандай дыбыс? Отан туралы мақал -мәтел айту
4. Топқа бөлу
1-жаттығу
І - топ «Зергер»
Жұмбақ шешейік
Үй ішінде бөлме
Бөлме іші көлде
Жүзді сайран салып
Бұл не?(аквариум)
-Жаттығуға қарайықшы, аквариум бар ма?
-Оның жанында бала не істеп тұр?
Суреттің жоғарғы жағында не тұр?
Бұл суреттегі құстар мен балықтар үй жағдайында да өмір сүре ме екен?
Суретке қарап әңгіме құрастырып жаз
ІІ - топ «Білімпаз»
Жұмбақ шешейік
Үстіне киген -
Сарғыш тон инелі(Кірпі)
-
Суретке қандай әңгіме құрауға болады?
-
Қандай әңгіме тақырып қойдыңдар?
2-жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Шешуі: Аққу. Аққу туралы не білеміз?
Аққу - бұл қардан аппақ құс. Көрсең көз тоймайтын сұлулық рәмізі. Салмағы 7-10, кейде 13кг, қанатының құлашы 1,5м. Аққу 30-40жыл өмір сүреді. Халық аңызына сенсек, жылан аққу жұмыртқасына тимейді екен. 3-4жұмыртқа басады, 38-40 күнде өргізеді.
-
Етістіктерді теріп жазып, оларға сұрақ қой.
-
Сөйлемді етістіксіз айтып көр. Етістік не үшін керек екен?
3-жаттығу
Сөздерді оқы.
-
Сөздерді сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз.
«Үн қатпа» ойыны (2топқа)
Шарты: Оқушылар үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді. Бір оқушы тақтаға шығып, әр қимылды сөзбен жазып шығады.
(Биледі, жүгірді, отырды, секірді, жазды, оқыды,тұрды)
VІ. Сергіту сәті: бейнебаянмен сергіту сәтін орындау4-жаттығу
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
Қонды, ұшты,секірді, тасыды.
-
Сөйлемдегі етістіктерге сұрақ қой.
5-жаттығу
Мына төлдердің қайсысы қалай төлдейді?
-
Етістіктердің астын сыз. Олардың қай сөзбен байланыстырып тұрғанын айт.
Бие құлындайды
Сиыр бұзаулайды
Түйе боталайды
Қой қоздайды
Ешкі лақтайды.
VІІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
6-жаттығу
Дұрысын табу.(Бас бармақ әдісін пайдалану)
Етістіктерге сұрақ қой.
Бие кісінейді
Түйе боздайды
Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Ешкі бақырады
Ит үреді
Тауық қыт-қыттайды
Мысық мияулайды.
Шошқа қорсылдайды
Есек ақырады.
-
Етістіктерге сұрақ қою.
VІІІ.Қорытындылау:
-Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
І - топқа: Семантикалық картамен жұмысЖинады
ІІ-топқа: Постермен жұмыс
ІХ. Үйге тапсырма: « Қояндарға көмек» Ішінде етістігі бар сөйлемдер жазамыз.
Бағалау
-