7


  • Учителю
  • Сцераний бастауыштарға арналған Алтын күз

Сцераний бастауыштарға арналған Алтын күз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Күз аруы

Мақсаты:қыздарды адамгершілікке,кішіпейілдікке,әдептілікке,өз халқының салт- дәстүрін үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, тіл байлығын,таным белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: шар,гүл,билборд «Күз аруы»,бүктеме

Жүргізуші: Бойға жиып ата-баба салтын біз,

Мерекеде шат көңілді жарқынбыз.

Берекесін,молшылығын әкелген,

Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз.

-Армысыздар, бүгінгі кешімізге жиылған көпшілік қауым!

Бүгін 1-4 сынып қыздары арасында өткелі тұрған Күз аруы байқауына қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі. Қыз тәрбиесі-киелі ұғым.

Қазақ халқы «Қыз-қонақ» деп,төрінен орын беріп өсірген.

Қыз бала қай халықта болмасын әдеміліктің, сұлулықтың белгісі.

Жүргізуші: Қазақ халқы қыз баланың ұқыптылығын,шеберлігін,сүйкімділігін,нәзіктігін,білімділігін,өнерлілігін жоғары бағалаған.Бүгін осы мақсатта байқау ұйымдастырып отырмыз.

Жүргізуші:Ақын боп әділдікті жақтап өтем,

Ананың ақ үмітін ақтап өсем.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен,

Қазақтың аруларын мақтан етем.

Бүгінгі байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырамыз.

Москвитина Аделина, Асаинова Мерей

Жүргізуші: Алданыш Шолпан, Тұрсын Мөлдір, Шолан Әсем

Жүргізуші:Байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар...

Жүргізуші:Күз аруы байқауының бағдарламасымен таныстырайық:

1.Таныстыру

2. Өнерлі өрге жүзер(Өз өнерін көрсету)

3. Күзгі сыйлық:

1) жеміс-жидектен көркемдеу

2) үйден әр түрлі жапырақтан ашық хат жасау

Жүргізуші: Шыққан соң бұл сайыста талаптанып,

Шын арулар шығады сарапталып.

Тұрғанда өзін-өзі таныстырып,

Қолдап тұрса кетпей ме, қанаттанып.

І - бөлім. Таныстыру

Жүргізуші: Білімнен нәр, сөзден маржан теремін,

Күзден алған адам барлық керегін.

Алтын күзде алтындайын жарқырар,

Аруларың көрсетсін бар өнерін.

2 - бөлім. Өнерлі өрге жүзер

Жүргізуші: Астық, жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс.

Алдық өнім сыйымды.

3 - бөлім.Күзгі сыйлық

1) Жеміс-жидектен көркемдеу.

Мұнда қандай жемістер пайдаланған,қалай жасалғанын айтып беру және ат қою қажет.

2)Жапырақтардан ашық хат үйден дайындап әкелу

Жүргізуші: Теңіздей терең біткен, теңіз болса,

Өнер, ақыл,мінезі дұрыс болса.

Сабырлы, тапқыр деп біз соны айтамыз,

Бергенде жауаптары дұрыс болса.

Келесі бөлім «Ақ сандығым ашылды . . .» Жұмбақтар шешу

Жүргізуші: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз - дей келе, кезекті мәнерлеп оқуға береміз.

Жүргізуші: Алтын күздің сыйлықтары алдық біз,

Қызығына қандық біз.

Соңғы 6 - бөлім. Құрастыру

Қиылған суретті үлгі бойынша құрастыру

Жүргізуші:Ұлтымыздың әр сөзі ,

Асып жатыр кәдеге.

Күз аруы мінеки,

Келіп жетті мәреге, - дей отырып, келесі кезекті әділқазылар

алқасына береміз.

(Жеңімпаздарды анықтап марапаттау)



Көк кілем менің реңім,

Қош енді, қош бол, күрең күз.

Жаз келер және жап-жасыл

Жақсылық тағы тілерміз,

Жадырап өмір сүрерміз

Қош енді, қош бол, күрең күз.

Қайырмасы:

Қош енді, қош бол, күрең күз,

Күрең мұң саған жібердім.

Күлермін деп ем, түнердім

Білермін, қалай білермін?

Жыртылып жатыр күрең жер

Күрең жер - тозған кілемдер

Күрең тау, анау күрең бел

Күрең бел жиған кілемдер

Жаз келер және жап-жасыл,

Жасауын жердің түгендер.

Қайырмасы:

Қош енді, қош бол, күрең күз,

Күрең мұң саған жібердім.

Күлермін деп ем, түнердім

Білермін, қалай білермін?

Қош енді, қош бол, күрең күз

Ақ қысты тездеп жібергіз

Ақ қыстай аппақ бір елміз,

Ширығып, біраз, жүрерміз

Шынығып өмір сүрерміз

Қош енді, қош бол, күрең күз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал