- Учителю
- Ашық тәрбие сағаты Ана деп ән саламын (4-сынып)
Ашық тәрбие сағаты Ана деп ән саламын (4-сынып)
Тақырыбы: Ана деп ән саламын
Мақсаты: оқушыларды адамгершілік пен эстетикалыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу; анаға, қыз балаларға құрмет көрсету, сыйлай білу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ана туралы даналық сөздер, сызбалар, ана моделі.
Жоспары
-
Анаға жыр, ән шашу
-
Ана - құдірет
-
Ана ұлылардың көзімен.
Барысы.
Кіріспе.
Ана, Ана, Ана... Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңдң ашып көретінің - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да - Ана. Тек жақсылық тілейтін де - Ана. Ана - біз үшін пана, дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауынсұм соғстң болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.
1-жүргізуші:
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
2-жүргізуші:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
1-жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2-жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Хор: «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»
-
Анаға жыр, ән шашу
Сымбат: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясндай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.
Ер жеткізіп елге берген баласың,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, Анашым! Мұзафар Әлімбаев
Дидар: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды,
Қуандың ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым. Қадыр Мрзалиев
Сәулет: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген - асыл жандар болаттай,
Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.
О адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.
Ана десем - шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ән: «Ана туралы жыр»
Ақбота: Өмірде ана - бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ана! Ол - біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы отанына
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Көңілді Алатаудың ақ қырындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Ана деген - адамзаттың анасы,
Ана деген - сәбилердің панасы.
Ана деген - жарық жұлдыз, шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген - өмірдегі қамқорың,
Ана деген - сүйенерің, жан құрбың.
Ән: «Анаға сәлем».
Бақытбек: Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
Қарлығаш: Бала, бала , бала деп,
Түнде шошып оянған:
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Суық болса жүргегін,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана
Назерке: Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де,
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!
Дидар: Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Ән: «Ақ мамам»
Назира: Әлемдегі ақылды адам, Сәулет: «Күнім»-дейсің мені
Бәрінен сол жақын маған! Күн мейірі сенде.
Ол жанымда жүрсе, мен де, Күннің ыстық лебі,
Батырларша батылданам. Құшағыңа тең бе?
Бекзат: Мәпелейсің мені, анам, Райымбек:«Жаным»-дейсің мені
Қолыңдағы құсыңдай, Жаратушым бір сен.
Құлпыра өсіп дем алам, Жалғыз өзің тегі,
Құшағыңда қажымай. Жанашырым білсең
Омар: «Құлыным»-деп мені, Әли: Таусылмайды өлеңі,
Құрақ ұштың дәйім. Күнде айтып береді.
Қамқоршым-ау сені, Барған сайын бір жаққа
Қалай, ұмытайын. Кәмпит алып келеді.
Айналайын, ана!(бірге) Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
1-жүргізуші: 2-жүргізуші:
Болар күнде алаң, Болсаң егер жаман,
Жанашыр кім саған? Кейитін кім саған?
Бәрі: Анам Бәрі: Анам
1-жүргізуші: 2-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам, «Боташым» дер саған,
Кім ең сұлу адам? Кім сүйікті адам?
Бәрі: Анам Бәрі: Анам
Раушан: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді м ақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ілияс: Еркелесем, күлімдейтін, Ғаділбек:Айналайын,анашым,
Ұрысқан білінбейтін. Көкте нұр боп жанасың.
Маңдайымнан иіскеп менің, Ет жүрегің елжіреп,
«Құлыншағым, күнім»,-дейтін Құшағыңа аласың.
Хиуаз: Айналайын анашым, Ахмет: Көктемде көңілді,
Аялайсың, бағасың. Құстар кеп жатқанда.
Менің үшін не керек- Құлпыртып өңірді,
Бәрін іздеп табасың. Гүл ектік бақтарға.
Ән: «Анашым»
1-жүргізуші: 2-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп, Көрсетемін күллі елді,
Мен жаттыға жетермін. Жарық етем түндерді.
Айтқаныңды екі етпей, Өсіріп мен сыйлаймын,
Ақ сүтіңді ақтармын. Жұрт көрмеген гүлдерді.
Бәрі: Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау....
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!
Қорытынды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі - біздің қазақ». Ендеше біз де барша аналарға қуаныш пен бақыт тілейікші. Балаларының ер жетіп адам болуын тілейікші. Себебі анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
Ислам діні - әйелді ер адамның жай ғана бір баламасы немесе бақылаушысы емес, қайта онв ер адамның бүтіндеушісі, толыұтырушыс есебіндегі айнымас бір бөлігі деп бағалаған.
Расында Исламның әйелге деген құрметі - әділеттіліктің ең биік үлгісі. Алла Тағала әйелге отбасы мен ошақ қасын, ал ер адамға қоғамдық өмірді бұйырған да, әйелге адамды, ұрпақты тәрбиелеу сияқты ең ізгі міндетті тапсырған.
Хадис: Мұхаммед (с.а.у.) айтқан «Жәннат аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де біз уйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі - аналар. Сіздердің Мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрландырып, даналықтың бастауы бола беріңіздер.
Жармыш орта мектебі
Ана деп ән саламын
(тәрбие сағаты)
Өткізген: Н.Абдолла
2014-2015 оқу жылы