7


  • Учителю
  • Музыка әлемине саяхат (2 сынып)

Музыка әлемине саяхат (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат
Білімділік мақсаты: Музыка әлемінің сырларына деген білімін арттыру, музыкалық сауаттылықтарын жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: Музыкаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Музыканың әуенін терең түсіну, әнді аспаптармен сүйемелдеп айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кітап, нота дәптерлері,аспаптар, электронды оқулық

Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, ізденіс, аспаптың сүйемелдеуімен ән-айту

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ

Музыка әлемінің сыры
Сен музыка әлемінің құпияларымен танысың келе ме?
Ендеше, Музыка еліне саяхатымызды бастайық.

Скрипка кілті- музыка тілінің кілті

Скрипка кілті соль кілті депте аталады

Скрипка кілті

Ноталарды басарған,
Басты қызмет атқарған
Скрипка кілті түспеген
Бес сызықты тақтадан

Скрипка кілтінің орналасатын «үйі» бар. Ол- музыка сызықтары. Музыкада оны бес сызық дейді.

Музыкалық сызықтар

Бірінен соң бірін тізіп,дөп сызып,

Әуен жазу үшін туған бес сызық.

Егер артық сызып қойсан қызығып,

Кетер жазған ноталарың бұзылып.

Скрипка кілті төменнен санағанда екінші сызықта орналасады.






ІІІ. Елбаланың қоржынынан шыққан ертегі

Ертеде бір үйдің жеті баласы болыпты. Бұлардың ән-жырлары айналасындағы ауыл-ауылға тарап, оны естіген жұрттың көңілдері көтеріледі екен. Бірде ауыл ішінде ұрыс керіс болады. Адамдар бір-бірімен амандаспай қалады. Көңілсіздіктен жеті бала ауырып қалады. Ауылда бірде-бір ән айтылмайды,күй тартылмайды. Ауыл адамдары емші іздей бастайды. Осындай күндердің бірінде ауылға Емші қарт келеді.

Емші: «Ау халайық бейбіт өмір сүру керек. Ұрыс бар жерде ән де, жыр да болмайды. Бір-біріңе тек жақсы тілектер тілеңдер, әрдайым тату-тәтті, ынтымақты болыңдар», деп ауыл адамдарына ақыл айтады. Осыдан соң ауыл адамдары бір -бірімен татуласып, бейбіт өмір сүре бастапты. Жеті бала сырқатынан жазылыпты. Қайтадан ән шырқалып, күй төгіліпті. Содан сол қалықтың басына бақыт қоныпты. Жеті баланың салған әні мәңгі бақи музыканың жеті түрлі дыбысы болып қалған екен.

Жеті баланың жеті түрлі дыбысына қарай аттарын біліп қой

Үлкені-До

Екіншісі-Ре

Үшіншісі-Ми

Төртіншісі-Фа

Бесіншісі-Соль

Алтыншысы-Ля

Жетіншісі- Си


ІV. Сергіту сәті.

«До»

«До, до, до» деп ән салдық,

А-ла-қай-ау, а-ла- қай!










до до до до до

«РЕ» нотасы тұр ретте

«РЕ» нотасы төмендегі бірінші сызықтың астында орналасқан

«РЕ»

Бес сызықтың астында

Орналасқан жайы бар

«До»-ның ылғи қасында

Қатарланған жолы бар


«РЕ» нотасын салып үйрен





ре ре ре ре ре


Мен білетін «МИ»

"ре" - мен бірге күн кешкен

«ми» нотасымен мен болам

«фа» сіңлім бірге өскен

Асқан бірге белестен

«МИ» НОТАСЫН САЛЫП ҮЙРЕН






МИ МИ МИ МИ МИ

«ФА» НОТАСЫ

«ФА»нотасы бірінші сызықпен екінші сызықтың арасында орналасқан.

«ФА»

«Ми» мен «Соль»-дің жолдасы

«фа» нотасы болғасын,

«Әнұранды бастаймыз,

Ресбулика ордасы.





ФА ФА ФА ФА ФА


КІЛТ САҚТАУШЫ СОЛЬ

"Соль" нотасы екінші сызықтың бойында орналасқан.

"СОЛЬ"

Домбыраның ішегінің бірімін,

Ноталардың ортасында жүремін.
Менімен әркез скрипка кілті де,

Менсіз ол кілт басталмайды білемін.






СОЛЬ СОЛЬ СОЛЬ СОЛЬ

ЛЯ» деп ән саламыз





ЛЯ» нотасы екінші сызық пен үшінші сызықтың ортасында орналасады.

ЛЯ ЛЯ ЛЯ ЛЯ


БІЗ СЫЙЛАЙТЫН «СИ» НОТАСЫ

Соңғы жетінші нотаның аты-си. Си нотасы үшінші сызықтың бойында орналасады.

«Си» нотасы





Бес сызықтың ортасынан орын тепкен, «Си» нотасы балаларды билеткен.

СИ СИ СИ СИ

Музыкалық сауат: Аспаптардың сүйемелдеуімен ән айту

V. Жаңа сабақты бекіту: Мұғалімнің айтуымен немесе тақтаға ноталардың аттары жазбаша түрде жазылады. Оқушылар ноталарды бес сызық бойына түсіреді: до, фа, ми,ля, соль, си,ре т.б.

VІ.Сабақты қорытындылау. «Жоғалған нотаны тап» ойын

  1. До, ре, фа, соль, ля, си.

  1. Ре, ми, фа, соль, ля, си.

  1. Ми, фа, соль, ля, си, до.

  1. До, ре фа соль , ля, си.

  1. До, ре, ми, фа, ля, си.

  1. До, ре, ми, фа, соль, си.

  2. Ля, соль фа, ми, ре, до.


VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал