7


  • Учителю
  • Методическая разработка на тему 'Ынтымақ - достық кепілі'

Методическая разработка на тему 'Ынтымақ - достық кепілі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ынтымақ - достық кепілі»

(Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кеш)

Тақырыбы: «Ынтымақ - достық кепілі»

Түрі: халықтар достығының шеруі.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге
тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Баннерге жазылған ұрандар, қанатты сөздер, шаңырақ, ленталар, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер, көрме.

Қазақ биі. - 7класс оқушылары

Фанфары.

І - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ағайын! Ынтымақ, бірлік, келісім - ең асыл іс ел үшін! Бұл Қазақ елінің азаттық алғалы бергі ұраны. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен биылғы 2015 жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Бұл - табалдырығымыздан аттаған жаңа жыл ел бірлігінің, бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың жылы деген сөз.

ІІ-жүргізуші:

Құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгінде №50 орта мектебіндегі Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ - достық кепілі» тақырыбындағы Өнер бірлестігі апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

І-жүргізуші:

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

ІІ- жүргізуші:

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

І - жүргізуші:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы!

ІІ- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортаға шақырамыз.

(Залға топ жетекшілерімен әр ұлт өкілдерінің киімімен, қолдарына ту ұстаған оқушылар кіреді. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады.)

1.- Қазақ ұлты - 5 «Б»

2.- Өзбек ұлты - 5 «Ә»

3.- Корей ұлты - 5 «А»

4.- Грузин ұлты- 5 «В»

5.- Орыс ұлты - 6 «Ә»

6.- Түрік ұлты - 6 «Ә»

7.- Қырғыз ұлты -7 «А»

8.- Украин - 7 «Ә»

9.- Әзірбайжан - 7 «Б»

І - жүргізуші:

Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

ІІ - жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 9 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі кешіміздің қонақтары өздерінің ұлты туралы таныстырып өз өнерлерін ортаға салады.

І - жүргізуші:

Болашақ жолы -нұрлы жол,

Сеніммен нық басасың.

Ұраны: Бірлік, ынтымақ,

Ассамблея жасасын.

І-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, Қазақ мәдени орталығына сөз кезегін береміз.(Әр ұлт өкілдері өздерінің сәлемін, бұйымын, биін көрсетеді.)

ІІ-жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.

І-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

Ортаға Өзбек ұлт өкілдерін шақырамыз.

ІІ-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті Украин мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Украин халқының сәлемі/

І -жүргізуші:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
(Келесі кезекте сахнаға Корей халқының өкілдерін шақырамыз).

І-жүргізуші:

Ағайын-туған - бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

ІІ-жүргізуші: Ортаға Грузин мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/Түркмен халқының сәлемі

ІІ-жүргізуші:

Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

І-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға Орыс мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

ІІ-жүргізуші: Сөз кезегі Түрік мәдени орталығына беріледі.

І- жүргізуші: Сахнаға Қырғыз ұлт өкілдерін шақырамыз.

ІІ- жүргізуші: Сахнаға Украин ұлт өкілдерін шақырамыз.

І -жүргізуші: Ортаға Әзірбайжан ұлт өкілдерін шақырайық.

І-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

ІІ -жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

І-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

ІІ-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

Би. Спорттық биден гимнастика, аэробикаларынан үзінді көрсетеді.

ІІ-жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.

І-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

ІІ-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

- «Қара жорға биі» Барлық ұлттар билейді.

ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Мейрамгүл Аяғанқызы. Ендеше, Мейрамгүл Аяғанқызы көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!

І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!

Ән «Қазақстаным менің!» Мәди

Ән «Родина моя» - Назгүл

ІІ -жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

І-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Екеуі бірге: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Екеуі бірге: Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!

«Жаса Қазақстан» әні орындалып кетеді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал