- Учителю
- Конспекты по музыку на тему дархан даланың үні сыбызғы 1 класс
Конспекты по музыку на тему дархан даланың үні сыбызғы 1 класс
Сабақтың тақырыбы : «Бесік жыры»
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырыпты меңгерту ,қызығушылығын арттыру және әндіүйрету
Сабақтың міндеттері : «Бесік жыры» әнімен танысу,мәтінін жаттау
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу,методикалық ерекшеліктерін сезіну.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты түгендеу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын
таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру
Бесік Жыры - көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл , дәстүрлі , ежелгі -, көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі - бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 - 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
Музыка тыңдау: «Бесік жыры» әнін тыңдау
Қорытынды : Әнді үйрену , мәтінін жаттау,хормен айту.
Бағалау : Үй тапсырмасын орындап, жаңа сабаққа бел-
сене қатысқан оқушыларға баға қою
Үйге тапсырма : Тақырыпты оқып келу,әнді үйрену