7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Дәулеткерей (2 класс)

Сабақ жоспары Дәулеткерей (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3 сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Халық композиторы- Дәулеткерей

Сабақтың мақсаты: Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру.

1.Білімділік: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен танысу.

2Ән үйрену: «Қошақаным қайда екен?» Әні: Ә. Бейсеуов,сөзі: С.Асанов

3.Тәрбиелік: Сұлулық пен әдептілікті қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:аспап,тыңдату құралы,оқулық,суреттер

Сабақ түрі: Сахналау сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгендеу

-Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақты меңгерту.

Жүргізуші:-Дәулеткерей ел билеп тұрғанында арнайы сәлем беруге атақты Құрманғазы іздеп келеді. Дәулеткерей Құрманғазыны үлкен қошеметпен қарсы алады.

Дәулеткерей:-Бұған дейін атағыңды көп естігеніммен, өзіңді көрмеген едім. Құрманғазы, төрге шық, қонағым бол!

Жүргізуші:-Аман- саулық сұрасып, шай ішіп болады.

Құрманғазы:-Сіздің домбыраңыздың үнін сағынып, арнайы іздеп келдім. Кезекті домбыраға бермейміз бе?

Жүргізуші:- Дәулеткерей қолына домбырасын алып бір күй тартады.

Құрманғазы:- мына күйіңіз бұлбұлша сайрап тұр ғой. Бұл не деген күй?

Дәулеткерей:-Әй, Құрманғазы, неткен сезімтал едің.Айтпай-ақ таптың ау.Бұл күйімнің аты-«Бұлбұл»!

Жүргізуші: -Ендігі кезек Құрманғазыға келеді.Қолына домбырасын алып, бірнеше күй тартады.

Дәулеткерей: -Оу, Құрманғазы, күйлерің неткен жігерлі еді.Көз алдыма аттың дүбірін, қазақтың кең даласын елестеткендей болды.

Жүргізуші: Олар сыртқа шығады. Сол кезде құдық басынан су алып келе жатқан келіні Саржан көрінеді.

Құрманғазы: -Келініңіздің жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына арнап бір күй шығарыңызшы.

Жүргізуші:- Сол кезде Дәулеткерей отыра қалып, келіне арнап бір күй тартады. Бұл күй «Қосалқа» аталады.

Күй тыңдау !

Иін ағашпен су әкеле жатқан келінінің сылдырлаған алқасының дыбысын күйге қосқан Дәулеткерейдің бұл күйінде қазақ қыздарының сыпайы,сабырлы мінезін бейнелеген.

Ән орындау!

«Қошақаным қайда екен?»Өлеңі:С.Асанов,әні:Ә.Бейсеуов.

Бұл ән -танымал әндердің бірі.Ән балалардың жазғы демалыс кезінде сауық-сайран құрған сәттерін есктеріне түсіреді.

Біліп ал!

Дәулеткерей Шығайүлы -1820-1887 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы күйші-композиторы.Дәулеткерей Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген.Дәулеткерей атақты хан тұқымынан шыққан төре. Дәулеткерей күйші - композиторлығымен қатар,ел билігіне де араласқан. Дәулеткерей күйлері - терең мазмұнды күйлер.Оның «Көркем ханым», «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Қосалқа», «Жігер», «Салық өлген», «Топан» атты күйлері бар.

Оқушыларды сабақтың қызықты өтуі үшін сахналық қойылымға қатыстырамын./Дайындап әкелген мәтіндерді үлестіремін/ Күйшінің «Қосалқа» күйінің шығу тарихы туралы сахналап береді.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

-Дәулеткерей қандай адам?

-Қандай күйлері бар?

- «Қосалқа» күйі кімге арналған?

Қорытындылау:

Міне,оқушылар біз бүгін атақты күйші-композитор Дәулеткерей туралы мағлұмат алып, оның әсем күйін тыңдап,таныстық.

«Қосалқа» күйі - қазақ қыздарының сыпайы,сабырлы мінезін бейнелеген.

Сыңғырлаған алқаның дыбысын күйге қосқан Дәулеткерейдің күй тарту шеберлігін анық байқаймыз.

Бағалау: Сабаққа араласып отырған,үй тапсырмасына дайындалған оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:

«Халық композиторы-Дәулеткерей» тақырыбын оқып келу,Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйіне би қимылдарын ойлап табу.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал