7


  • Учителю
  • Қазақ халқының музыкалық ішекті аспаптары

Қазақ халқының музыкалық ішекті аспаптары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының музыкалық ішекті аспаптары»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту, әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру және жасалу ерекшелігі мен дыбыс бояуын таныстыру;

ә) дамытушылық: оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру , музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту, ұлтымыздың бай мәдени мұрасы жайлы танымдарын тереңдету;


б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, және оны құрметтеуге баулу. Ата-бабамыздан қалған мәдени мұраны қастерлей білуге тәрбиелеу;


Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, буклеттер, үнтасалар;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысымын, үлгерімін қадағалау, жаңа сабаққа назарын аудару;

Жаңа сабақ барысы: Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге Қадыр Мырзалиев ағаларыңның мына бір өлең шумағын келтіргелі отырмын:

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра - демекші ұлттық аспабымыз домбырамен бірге жасасып

келе жатқан музыкалық аспаптар әлеміне саяхат жасау үшін бүгінгі сабағымызды

бастайық.

Қай халықтың болмасын, өзіне тән музыкалық аспаптары бар және біздің қазақ халқы түрлі музыкалық аспаптарға бай. Аспаптар дегенде бірінші домбыра есімізге түседі.

Домбыра - көнеден келе жатқан ұлттық аспаптардың бірі. Қағып, шертіп ойналатын екі ішекті музыкалық аспап. Жыр, терме, айтыс, толғау, ән күй бізге домбыра аспабы арқылы жетеді.

Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбек-еріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек - қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.

Қобыз - көне аспаптардың бірі. Ысқышпен ойналатын қос ішекті музыка аспабы. Дыбыс ішектің тырнақты сыртқы жағымен басу арқылы тартылады. Қыл қобыз, прима қобық деп бөлінеді. Қылқобыз аттың қылынан жасалады. Бұрынғы заманда бақсылар осы аспаппен ауруларды емдеген. Қобызды бүкіл әлемге танытқан күй атасы Қорқыт атамыз болған.

Жетіген - көпішекті музыкалық аспап. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалады. Шанағы көң терімен қапталған. Жеті пернесі бар. Күйге келтіру үшін тиек орнына жеті асық қойылады. Жеті асық арқылы жетігеннің даусын туралайды.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.

Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Құрылысы домбыра аспабына ұқсас.

Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата - бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.

Дамыту: Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек.
1. қылқобыз
2. сазсырнай
3. шаңқобыз
4. сыбызғы
5. Жетіген

Бекіту: Оқушылар аспаптар туралы жұмбақтар шешеді.

Бас, құлақ, мойны бар

Үп үлкен шанағы бар

Ысқышпен ысқанда

Әндетіп шығар тағы әні бар (қобыз)


Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)


Созылған үні, сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын, аспаптың бірі. (сыбызғы)
Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар. (дабыл)


Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)

Тілшікті аспап, қобыздай асқақ

Ерекше үні бар,бұл қай аспап?(шаңқобыз)


Қоңыр сазды даусы бар

Шертсең күй, әні бар

Домбыраға ұқсайтын

Бұл қай аспап? (шертер)

Қорытынды: Қазақ ежелден-ақ өнерді сүйіп өскен халық. Ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың баға жетпес асыл мұрасымен бүгінгі ұрпақты суісындатты. Бүгін қазақтың ұлттық аспаптар жайында көп білдік. Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұту, ұлттық өнерді құрметтеу біздің парызымыз.

Үйге тапсырма: «Қазақтың халық аспаптары» туралы мән жазба жазу;

Бағалау: оқушыларды бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал