- Учителю
- Урок 'Бабалар ерлігі-ұрпақ есінде'
Урок 'Бабалар ерлігі-ұрпақ есінде'
Қазалы қаласындағы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп бойынша ұйымдастырылған «Бабалар ерлігі-ұрпақ есінде» атты
КТК сайысының сценарийі
21 сәуір, 2015 жыл
Мақсаты: Оқушылардың таланттарын шыңдау, қазақша КТК ойынын дамытуға үлес қосу. Оқушылар бойындағы талантпен талапты шыңдау.Жастарға бабалар ерлігін ұғындыру.
Қатысатындар: 7-9 сынып.
Жүргізуші: Өнерлі жандар салатын
Әзілде биде жайдарлан
Жүректен орын алатын
Жанарды жаула жайдарман Армысыздар жайдарманның тұрақты көрермендері.Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Бабалар ерлігі-ұрпақ есінде» атты жайдарманшылардың кезекті ойынына қош келдіңіздер.
Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық.
-
9 сыныптан құралған «Тек қана»командасы.
-
8 сыныптан құралған әдемі қыздар «Әдемі»командасы
-
7-8 сыныптан құралған «Депазит»командасы
Ойын шарты:
-
Команда құрамы 7 оқушыдан аспауы керек.
-
Тақырыпты ашу
-
Сахна мәдениетін сақтау
Сонымен қатар әрбір команда ойыншылары бір-біріне құрметпен қарау
Ойыншыларымызға сәттілік.
Ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. (Сәлемдесу)
2. Жамбы ату
3. Үй тапсырмасы (Көрініс)
Бүгінгі ойынымыздың тақырыбын тағы да естеріңізге салғым келеді. . Ойыншылар осы тақырыпта тереңінен әзілдейді деген сенімдемін.
Олай болса біздің әдемі әзілдерімізге әділ бағасын беретін сараптайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
-
Қазылар алқасының төрайымы (төрағасы)_________________________
Мүшелері:
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
Ендеше ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынымызды «7-8 » -сынып оқушыларынан құралған «Депозит» командасы бастайды.
Өз командасын таныстыру кезеңі.
Келесі сәлемдесетін «8» сынып оқушылары Әдемі қыздардан құралған «Әдемі» командасы
Келесі сәлемдесетін «9» сынып оқушыларынан құралған «Тек қана» командасы
Бірінші айналым бойынша ұпай сандары.
Келесі екінші айналым. Жамбы ату.
Бұл сайыста әр команда 2 әзілден оқиды,әділ қазылар ұнамаған команданың реттік номерін котереді .
Екінші айналым бойынша ұпай сандары.
Кезекті үшінші айналым бойынша үй тапсырмасына (Көрініс) берсек. Командалар рет-ретімен өнерлерін көрсетеді.
Қазалар алқасынан үшінші айналым бойынша жалпы ұпай сандарын көрсетуін сұраймыз.
Міне, ойынымыз ақтық мәреге де жетті. Командаларды ортаға шақырамыз.
Кешімізді қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Сайыс қорытындысы.