- Учителю
- Ана тілің- арың бұл
Ана тілің- арың бұл
</ «Ана тілің - арың бұл»
1. «Қазақстаным менің» әнұранын орнымыздан тұрып, тыңдап бірге қосылып айтып отыру.
2. Кіріспе сөз. Стенде ілулі тұрған Т.Молдағалиев және Б.Тәжібаев сөздерінен үзінді оқып беру.
Мұғалім: Міне құрметті оқушылар мен ұстаздар осы тілімізге арналған ағаларымыздың өлең жолдарын тыңдай келе қазақ тілі білімінің атасы, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын-аудармашы, қоғам қайраткері, ағартушы демократ Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп айтқандай тіл білу арқылы біз өзіміздің дінімізді, тарихымызды, мәдениетімізді біле аламыз. ҚР тіл туралы заңының орындалуы барысында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен еліміздегі мерекелер мен атаулы күндер қатарында ҚР халықтарының 1989 жылы 22 қыркүйек тілдер күні деп белгіленді.
Елбасымыздың биылғы жолдауында да қазақ тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістемелік, тәжірибелік қазіргі заманғы озық бағдарламалар енгізу жөнінде де айтып өткендей.
Қазақ тілі - рухани байлығымыздың қайнар көзі. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Осы себептен халқымыздың баға жетпес қазынасы ана тілінің құнды қасиеттерін насихаттап, қолдану аясында ана тіліміздің қадір қасиетін өзіміздің білуімізбен бірге келешек ұрпақ аясында аманат болып табылады.
Сіздерге енді «Тілден қымбат қазына жоқ» деген ата-бабаларымыздың аманат аңызын оқып берейін: Ертеде бір қария дүниеден өтерінде ұлына қымбат қазына қалдырғанын айтып кетеді. О дүниелік болған әкесін арулап, жерлегенннен кейін, ұлы қазынаны іздеуге шығады. Ауланы, үйді түгел қопарып, әкесі аманаттаған қазынасын таппақшы болады. Қарамаған жері болмай ақыры ауылдың үлкен қариясына барып бар жайды айтады. Сонда ауылдың үлкен адамы тұрып, балам, босқа әуре болыпсың әкең өз ана тілін ерекше қастерлеген сөзге шешен, (ауалы) зиялы азамат еді. Оның артындағы ұрпақтарына қалдырғаны құрметті қызыл тіл болатын. Ел ішіндегі, халық арасындағы сол қазынаны құрметтеуді аманаттаған екен. «Өйткені тілден қымбат қазына жоқ»,-деген екен.
3. Олай болса енді «Ана тілім - әнім» атты сабағымызды жалғастыра келе жергілікті сазгер-педагог, профессор, филология ғылымының докторы, қазіргі уақытта құрметті зейнеткер Қабдірашид Қайымов атамыздың әніне сөзіне жазылған «Ана тілім - әнім» атты өлеңі (оқып беріп, аспапта ойнау).
4. Енді екі топқа бөлініп пікір алмасу. «Тәлімгер», «Болашақ» тобына мақал-мәтел жазылған конверт беріліп өз пікір ойларын жинақтап айту үшін 2 минут уақыт береміз де тыңдаймыз.
Мақал-мәтел талдай отырып біз берілген мақал-мәтелдеріміздің мағынасын ашамыз.
Нақыл сөздер, тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Өз тілің өскен өренің
Анамның берген ақ сүті
Мақтаның ұлттық ол сенің.
(Асқар Тоқмағанбетов).
5. Қорытындылау. Міне құрметті оқушылар, ұстаздар бағанадан бірге айтылып жатқан сөзіміздің бәрі тілімізге байланысты болды. (Сіздердің пікірлеріңізбен алмаса отырып) Ана тіліміз - ол ән екенін, ол сән екенін, ол өмірдің мәні екенін сіздер өздеріңіз, өз пікірлеріңізбен дәлелдедіңіздер. Осы сабақта өткен әніміз, мақал-мәтеліміз және нақыл сөздерімізбен танысу арқылы өз тіліміздің қасиетін түсіндік деп есептеймін.
Олай болса өздеріңізге белгілі ауылымызда қонақта болған ақын жазушы Қадыр Мырзалиевтың Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
деген бір ауыз өлең шумағымен сабағымды аяқтаймын.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің қобыз сыныбының оқытушысы: Нугыспанова Нурсагат Нурслямовна