7


  • Учителю
  • «Бейбітшілік, бақыт белгілері Қазақстан комзиторларының шығармаларында»

«Бейбітшілік, бақыт белгілері Қазақстан комзиторларының шығармаларында»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қарағанды обл., Балқаш қ.,

БГТК колледжінің музыка пәнінің мұғалімі

Аралбаева Бибинур Толендыевна


Сабақтың тақырыбы : «Бейбітшілік, бақыт белгілері Қазақстан комзиторларының шығармаларында»

Сабақтың мақсаты :

Өткен тақырыпты қайталау, жаңа тақырып бойынша жаңа әнмен танысу, күйді тыңдау барысында жұмыс істеу; вокалдық және хормен ән айту әдіс-тәсілдерін дамыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу,табиғатқа сүйіспеншіліктерін ояту

Қолданған муз. шығармалар :

1. «Сакура» жапон халық әні «Хиросима» балетінен, комп. Ғ. Жұбанова

2. «Аққу» күйі комп. Н. Тілендиев

3. «Ақ когершін» әні комп. А. Жұбанов

Сабақтың көрнекілігі :

Композиторлардың портреттері: Ғ. Жұбанова, А. Жұбанов, Н. Тілендиев; аққу, тырна, ақ көгершін құстардың бейнелері; дискілерге жазылған муз. шығармалар; муз. центр, пианино аспабы, видео жазбалар, проектор.

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, дауыстарына муз. жаттығуларды жасау,сабақтың тақырыбын айту.

2. Өткен тақырыпты бекіту

-Мен орындаған әуенді тыңдап, ол әуен сендерге таныс па, қалай аталады екенің айтасындар. (ж.х.ә. «Сакураны» орындаймын) -(б.жауаптары)

-Бұл ән не туралы?Жапон халқының қандай дәстүрімен байланысты- (б.жауаптары)

-Қай композитордың шығырмасында осы ән кездеседі? -Ғ.Жұбанованың «Хиросима» балетінде.

-Балет деген не ? «Хиросима» балеті не туралы?-(б.жауаптары)

- 1945ж., тамыз айында Жапонияның екі қаласының үстінен АҚШ мемлекеті атом бомбыларын тастады.Мыңдаған адамдар жазықсыз қырғынға ұшырады . Жапон халқының бір аңызы бойынша тырна құсы армандарын орындайды, елге бақыт пен жақсылық әкеледі. Кімде-кім қағаздан мың тырна жасаса , сол адамның арманы орындалады , бақытты болады . «Хиросима» балетінде Юки деген қыз өзінің әке-шешесіне қағаздан көп тырналарды жасап сыйлаған , бірақ мыңға саны жетпеген екен, Хиросимаға тастаған бомбыдан Юки анасымен қаза болған.

- Комп. Ғ.Жұбанова осы шығармасымен нені айтқысы келген? -Атом жарылыстары адам өміріне қайғы , өлшеусіз зиян келтіреді. Сондықтан, бүкіл әлемде атом бомбылары жарылмасын , мәңгілік бейбіт өмір болсын дегісі келді .

- Жыл сайын атом жарылысы болған қасіретті күнін бүкіл жапондықтар еске алып өтеді . Бұл күні жапон балалары қағаздан ақ тырнаны жасап сыйға тартады , дүние жүзінің бар халықтарына бақыт , ұзақ өмір т.б. тілектерді айтып тілейді . (осы кезде қағаздан жасаған тырнаны балаларға көрсетіп, тақтаға ілемін )

3. Жаңа сабақ

- Жер шарында бүкіл халықтар әрине бейбіт өмір сүруін қалайды , бейбітшілік белгісін басқа құстарға тенейді . Мысалы: үнді халқы үшін бейбітшілік белгісі -тауыс құсы , жапондықтарға тырна болса , көптеген халықтарға бейбіт өмірдің рәмізі болып -ақ көгершін құсының бейнесі саналады . Дүние жүзінің прогресшыл жастары 20-ғасырдың ортасында бейбіт өмір үшін , атом жарылыстарына қарсы қозғалыс бастады, Дүниежүзінің Жастар фестивальдары өтті. (видео «Фестиваль») Сол фестивальдардың рәмізі ақ көгершін болып саналды. Көптеген композиторлар «Ақ көгершін» рәмізіне арнап шығармаларын жазды . Ол шығармалардың біразі - әндер . Осындай әндердің біреуі - «Ақ көгершін» әні, атақты Қазақстан композиторы Ахмет Жұбанов жазған ән . Бүгін біз осы әнмен танысамыз.(Тақтаға ақ көгершін бейнесін ілу.) Оқушылармен бірге әннің сөздерін оқып , өлен не туралы екенің сипаттау. Содан кейін әннің әуенімен танысып , жаттау жұмыстарын өткізу, мәнерлеп орындатқызу.)

- Ал, қазақ халқында сұлулықтың , тазалықтың , бақыттың белгісі болып саналатын құс -аққу . Аққу құсын қазақ халқы өте құрметтеген, көптеген әндер, күйлер осы құсқа арнаған . Бүгін біз әдемі құсқа арналған күй тыңдап көреміз . (Тақтаға аққұдың бейнесін ілу.) - Авторы -атақты Қазақстанның комп. Нұрғиса Тілендиев , дарынды комп., дирижер, домбырашы-күйші. Кезінде фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркесторын құрып, өзі сол оркестрдің бас дирижері болды. Жазған шығармалардың ішінде көптеген әндер, күйлер, романстар, поэмалары бар. («Аққу» - видео жазбада күйін тыңдатқызып, сипаттама беру: көңілі қандай, нені бейнелейді , күйдің екпінінде өзгерістері бар ма , олар нені суреттейді ?)

4. Қорытынды шығару

- Біз бүгін не білдік, не үйрендік ? Қандай жаңа шығармалармен таныстық? Қандай құстардың бейнесімен байланысты осы шығармалар ? (ақ көгершін, тырна, аққу )

-Осы құстардың аттары ненің белгісі деп айтуға болады: (оқушылардың жауаптары арқылы мына схеманы шығару)

тырна

көгершін

аққу

Бақыт Достық Бейбіт

Әділеттік Жақсылық


Сұлулық Адалдық Тазалық

Сабақтың аяғында оқушыларға ақ қағаздан тырнаның бейнесін қалай жасау керек екенің көрсетіп , әр балаға жеке таратқан парақ қағаздан тырнаны жасату. Дайын тырналарын балалар бір-біріне тілектерің айтып сыйға тартады .

5. Оқушылардың сабаққа қатысуларын бағалап, үйге тапсырма беру .





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал