7


  • Учителю
  • Презентация Тұтықпа балаға музыканың әсері

Презентация Тұтықпа балаға музыканың әсері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Жасы: 3-7жас Айы: мамыр Аптасы: 1-2 Күні: Сабақтың тақырыбы: Көңілді барабан Сабақтың мақсаты: Әуенге ілесе жеңіл би қимылдарына тербелу, бір орында айналуға үйрету,музыка туралы түсінік беру.Әуенді тыңдауға,есту,есіне сақтау қабілетін,ырғақты ажыратуға баулуды жалғастыру,б
предварительный просмотр материала





Жасы: 3-7жас

Айы: мамыр

Аптасы: 1-2

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Көңілді барабан

Сабақтың мақсаты: Әуенге ілесе жеңіл би қимылдарына тербелу, бір орында айналуға үйрету,музыка туралы түсінік беру.Әуенді тыңдауға,есту,есіне сақтау қабілетін,ырғақты ажыратуға баулуды жалғастыру,барабанда ойнауға үйрету.

Міндеті:

Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Табиғатты аялап, өсімдіктерді қорғау

Көрнекілігі:бірнеше барабан аспаптары

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: өнер, шығармашылық

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Баламен сәлемдесу

-Баланың сабаққа деген жағымды эмоциясын қалыптастыру

-Оқу құралдарын түгендеу

-Алдыңғы сабақты қайталау

2.Сабақтың мазмұны

Көңілді әуен ырғағымен балалар залға кіреді.Музыка жетекшісі балаларды ойыншық мысықпен қарсы алады:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Бүгін бізге ала мысық қонаққа келді:

«Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Бетін-қолын жуады,-деп,ойыншықты қозғалтып,қимылын көрсетеді.Қайталап айтып,балаларға мысық қимылын көрсетулерін сұрайды.

«Ала мысық айлалы,

Дыбыстайды ол қалай?»-деп сұрайды.

-Балалар,мысық мияулап шақырып тұр.Мұнда не бар екен?-деп қараған болып,барабанды «тауып алады»

-Балалар,мысық бізге сыйлық әкеліпті.Музыка жетекшісі балаларға кілемге жайғасып отыруды ұсынады.

Барабан аспабын көрсетеді,барабанның дауысын шығара ойнап береді.Балаларды шақырып,барабан аспабын ұстап көруге,ойнап көруге мүмкіндік береді.

-Ала мысықты қуантып ән айтып берейік,ал мысығымыз отырып тыңдасын,-деп орындыққа ойыншықты қояды.Балаларға таныс би қимылдарын ұсынады.

3.Сергіту сәті

Саусақ жаттығуы: Жаңбыр себелейді

Артикуляцилық жаттығу «Сағат»

Сабақты бекіту

-Бүгін қандай ойын ойнадық?

-Сабақ ұнадыма?

-Барабанды қалай соғамыз?

Үй тапсырмасы

Әннің І шумағын жаттау.

Сабақты қорытындылау

-Бүгін қандай сабақ өттік?

-Сабақ кезінде не істедік?

-Ән айтқан ұнады ма?





Күтілетін нәтиже: Әуен ырғағын сезіну,әнге қосыла айта білу.Ән-әуенге әсерлену,қызығушылығын арттыру.Ырғақты ажырата білу, дыбыстарды қайталай білуге дағдыландыру.Барабан аспабының дауысын ажыратуды,жеке сөздерді,дыбысты есте сақтап қайталауды меңгеру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал