7


  • Учителю
  • Конспект: Күй атасы-Құрманғазы (3 класс)

Конспект: Күй атасы-Құрманғазы (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала























Ашық сабақ

Тақырыбы: Күй атасы құрманғазы

Домбыра аспабының мұғалімі: Мадреева Г.Б

Мұңайлы ауданы

Өнер мектебі























































Ашық тәрбие сағаты (2 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Күй атасы - Құрманғазы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Күй тыңдау және ән айту барысында балалардың музыканы ести білу, есте сақтау, орындау қабілеттерін жетілдіру. Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Сабақтың барысы

Перейти на сайт

І Ұйымдастыру

Қадыр Мырзағалиевтің «Нағыз қазақ - домбыра» өлеңінен үзінді оқу.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл - сәл кем бұра.

Қазақ - нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ - домбыра.

1 - жүргізуші:

Күй - қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол - ол бастан кешіріп отырған өмірдің мән - маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Өткенімізден өлмес қасиеттей қанымызға сіңген күйді бүгін де тек қазақ баласы сайын сахарада әуелетіп жүр. Алайда, кешегімізді білмей, екшемей көсегеміз тағы көгермейді. Сондықтан, бүгін күй атасына айналған Құрманғазы жайлы сөз қозғайық.

2 - жүргізуші

Күй атасы - құрманғазы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Ұлы күйші композитор - Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей - шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Сонымен бірге ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен. Табиғатынан ешкімге тәуелсіз, азат ойлы, намысқой адам болғандықтан оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштеріне еріксіз қарсы келіп, қуғында, қыспақта, түрмеде, айдауда өмір кешкен.

1 - жүргізуші

Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады.

2 - жүргізуші

Құрманғазы ауданы

Құрманғаз ауданының аумағын бірнеше өзендер қиып жатыр. Соның ішінде ең ірісі - Қиғаш. Аумақтың солтүстік жағалауы батыс Қазақстан облысымен, батысы - Ресеймен шектеседі. Әкімшілік орталығы - Ганюшкино ауылы, 1793 жылы құрылған.

1 - жүргізуші

Шыққан тегі - Кіші жүз он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қазығұрт бұтағыАл нағашы жұрты - Беріш руы.

Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа. Кейін Игіліктің қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады.

2 - жүргізуші

Ашу мен ызасын, күйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын өмірінде кездескен түрлі оқиғалардың барлығын күй өнерімен өрнектеген.

Құрманғазы күйлері

1 - оқушы

Өн бойыңа бал әуен таратылып,

Лаулап, сөніп бал сезім - жаңа тұнып,

Көрінгенде табиғат анаңдай боп,

Өзің қайта туғандай жаратылып -

2 - оқушы

Жетікзетін сезімге жарық қайсы

Көзді жұмшы, көңілмен барып қайтшы.

Қанат етіп Айгүлдің саусақтарын

Құрекең боп Әлемді шолып қайтшы.

3 - оқушы

Сазға салып - шапқанды, шабылғанды.

Сазға салып тарыққан, шағынғанды

Құса болған жандардың анда - санда

«Кісен ашып» тек қана бағы жанды..

4 - оқушы

Сонша неге ғазаттық, сүйікті едің,

Ноқтадан бас босамай, күйіпті елің.

Аласарған намысты қамшылатып,

«Алатау» боп, түлеп, ел биіктедің.

5 - оқушы

Содан барып оянар жыны бұққан,

Содан барып азаттық құнын ұққан.

Қанша ұрпақ, кім білген «Кішкентайды»

Тыңдап, сосын дәметті ұлылықтан.

6 - оқушы

Исатай боп ел мұңын бастан кешкен,

Сатқындықты көп көріп қастан, достан.

Тек сонан соң болмысың буырқанар,

«Адай» болып сапырып, астан - кестен.

7 - оқушы

Әллі күнге «Серпер» күй дабыл қаққан,

«Төремұрат» тектілік шамын жаққан.

Тек сендердің, бабалар, арқаларың -

«Қазақпың» деп табады жаным мақтан.

8 - оқушы

Бір күйі бар дәл қазақ баласындай,

Бір күй мақтар ұлдарын шаласынбай.

Бір күйлері шалқыса «Көбік шашып»,

«Сары Арқасы» қазақтың даласындай.

9 - оқушы

Сол күйлермен ғашықтар сағынады,

Сол күйлермен әлсіздер шағынады.

Ұлы өнерден ұрпағың, Құрман - Ата,

Табар әлі сізді де, бағын әлі.

1 - жүргізуші

Құрманғазы түрмеге түскен бір кезінде түрмеде ақ шашты, ақ сақалды бір қарияны кездестіреді. Таныса келе оладам Орда өлкесінен келген Құрманғазының жерлесі және домбырашы Салық атты азамат екен. Салық көп күй білетін өте шебер домбырашы болған. Сол түрмеде Салық дүние салады. Дүниеден өтер алдында Құрманғазыға. Балам бәлен деген жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің,- деп аманат айтады.

2 - жүргізуші

Құрманғазы 73 жыл ғұмырының жартысынан астам уақытын түрмеде өткізеді. Түрмеде отырып «Ертең кетем» күйін күйін тұтқындарға тыңдатқан Құрманғазы сол түні түрмеден қашып шығады.

Көрініс: «Қызыл қайың күйі»

Күйде бар басқаша құдірет!

Құрманғазының күйлерінің шығу тарихы

1 - жүргізуші

Күйлер негізінен үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жүктеледі.

1 - оқушы

«Балбырауын» халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.

2 - оқушы

Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - «Адай» күйі. Күйші - рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күшін суреттеген.

3 - оқушы

ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем»,«Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады.

4 - оқушы

«Серпер»- қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік халықтың қайыспас еркіне, ерлігіне арналған шығарма.

5 - оқушы

«Алатау» күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.

6 - оқушы

«Машина» күйі Құрманғазының зерек алғырлығын, дарындылығын ашатын күйлердің бірі. Алғаш рет қазақтың кең даласынан Омбыға келіп, тар көшелердегі ығы - жығы адамдарды, көліктердің қозғалысын, жалпы үлкен қаланың өмірін көрген сазгер, алған әсерін өз шығармасында бейнеледі.

Би: «Қамажай»

7 - оқушы

«Сарыарқа» күйі ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын - сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісі.

Көрініс: «Салық өлген» күйі

1 - жүргізуші

Қағылды кейде бір күй дабылдай боп

Бұрқырап кетті тұтап дауылдай боп.

Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,

Әйтеуір, қырдан көшкен сарындай боп.

2 - жүргізуші

Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі - Батыс Қазақстан аумағы. Батыс күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Түркеш.

Көрініс: «Қорғансыздық»

1 - жүргізуші

Күйші елі домбырасын аңыратқан

Халықты әсем әнмен жадыратқан.

Құрекең, Дина, Қали, Шамғондар да

Өсіпті осы елдегі шаңырақтан.

Күй: «Балбырауын»

2 - жүргізуші

Құрманғазы өмірінің тарихи тізбесі (хронологиялық тәртіп бойынша)

1. 1823 жылы қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген.

2. 1836 - 1840 жылдары малшылықты қойып, өнер соңына түседі. Күйші Ұзақтың жанына еріп, ел аралайды.

3. 1836 - 1838 жылы. Махамбет пен Исатай көтерілісі жас Құрманғазының санасына қатты әсер етеді. Осы көтеріліске байланысты «Кішкентай» атты алғашқы күйін шығарды.

4. 1830 - 1840 жылдары композиторлық өрісі ашылып ондаған күйлерін дүниеге әкелді.

5. 1845 - 1850 жылдары Жем, Сағыз бойымен Маңғыстау, Үстірт өңірлерін аралайды. Адай жеріндегі үлкен нағашылары Төремұрат пен Нарыбайдың елінде өмір сүреді.

6. 1850 жылы Маңғыстаудан келген соң, Орынбор түрмесіне қамалады. Көп ұзамай одан қашып шығалды.

7. 1857 жылы қараша айының басында абақтыдан қашады.

8. 1857 - 1860 жылы басқа ауылдарда жасырынып жүреді.

9. 1860 - 1863 жылы елге оралады.

10. 1864 жылы абақтыдан кеткені үшін және мал ұрлады деген айыппен орда абақтысына жабылып онда 12 жыл 7 ай жатады.

11. 1868 жылы журналист Н. Салвичевпен кездеседі.

12. 1868 жылы Орал түрмесіне түседі.

13. 1870 жылы Астраханнан шақырту келіп, қайтадан түрмеге жабылады. Онда Сананжан деген қалмақпен танысып, түрмеден қашып шығады.

14. 1882 жылы Кроснояр түрмесінде жатады.

15. 1884 жылы билеуші Мақаш Бекмұхаммедовтан көмек сұрап «Ақ паспорт» алады.

16. 1885 - 1890 жылдары сахмаға көшіп келеді.

17. 1890 - 1895 жылдары Жаймашуақ өмір кешіп аң аулайды. Шәкірт тәрбиелейді.

18. 1896 жылы Астрахань облысы Володор ауданындағы «Алтынжар» деген жерде қайтыс болады.

Қорытынды

1 - жүргізуші

Мұңдасы көшкен қиялдасын

Ал тебірет, ақ сақалды күй атасы,

Келеді сені тыңдап баяғыдан

Өлкенің өзен, тауы, қия тасы.

Білмеймін, қанша жанға күйің дарып,

Ашулы, ащы өзегін өтті жарып.

2 - жүргізуші

Бар мұнда сынықтары асылдардың,

Іздері дауылдардың, жасындардың.

Шешіле сыр шертеді әр мұрағат

Төрінен арғы - бергі ғасырлардың.

Көргенді ауыр - жеңіл бұрар айға,

Иісәін сағынғанда әр бабамның,

Қарағым, бұрылғайсың, мұражайға!

Кері қайту

Ілмек сөздер: Күй атасы Құрманғазы, Құрманғазы Сағырбайұлы</<font face="Times New Roman, serif">







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал