7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Абай салған сырлы әндер' (3 сынып)

Сабақ жоспары 'Абай салған сырлы әндер' (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Абай салған сырлы әндер»

Мақсаты: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқыту. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы,өлеңдерінің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу.


Білімділік: Музыканың ерекшеліктері туралы білімдерін арттыру .


Дамытушылық: Ән айту,тыңдау қабілеттерін дамыту .


Тәрбиелік: Өнерсүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық, жеке даралап оқыту.

Сабақтың көрнекі-құралдары:Үн таспа,суреттер,күй санды.

I.Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

  2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру. 4. Пәнге деген қызығушылығын,зейінін қалыптастыру.


II. Жаңа сабақ : «Абай салған сырлы әндер» Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Абай 1845 жылы туған. Абай 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды.

1904 жылы ескіше 23 маусымда Шыңғыстау сыртындағы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған Абай Құнанбаевтың сүйегі Жидебайға жеткізіліп, сол жерге қойылды.

Абай ескерткіші Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға 1960 жылы

Орнатылған. Жалпы биіктігі 13,7 м. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған.

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын

Танытты ол адамзаттың асыл затын.

Қырық бес қара сөзді жазып кетті

Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

Әр сөзінде астарлы ой тұрады,

Оқысаң , ашылады ой тұманы

Сүрініп, жығылмауға абайды оқы

Абай сөзі - қазақтың бой тұмары.

IIІ. Ән тындау: «Көзімнің қарасы» , «Айтым сәллем -Қаламқас».

Әуені қандай?

  • Мазмұны қандай?

  • Не туралы?

  • Жылдамдығы қандай?

Әңгімелесу:

Балалар бізге дауыс жаттығулары не үшін қажет?

Қандай дауыс жаттығуларын білесіңдер?

Дауыс жаттығулары:

1. Тыныс алу жаттығуы

2. Ли-ли-ли-ли,

3. Ма,ме ми,мо,му.

IV. Ән жаттау: «Көзімнің қарасы» » - Абай Құнанбаев.

Көзімнің қарасы

Көңлімнің санасы,

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

Ән талдау:

  • Әннің мазмұнымен жұмыс

1. Әннің мазмұны қандай екен?

2. Құрлысы қандай?

  • Әннің әуенімен жұмыс

  1. Әннің екпіні қандай екен?

  2. Музыкамен қосылып орындау

V .Қорытынды: 1Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 2.Абайдың әкес кім болған? 3.Анасы,әжесінің аты кім? 4.Абайдың қандай әндерін үйреніп,тындадық?


VІ.Үйге тапсырма: Абай Құнанбаев туралы шығармашылық жұмыс,ізденіс жасау. «Көзімнің қарасы » - әнін жаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал