7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Ұлы әлем сазгерлері' (6 сынып)

Сабақ жоспары 'Ұлы әлем сазгерлері' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Ұлы әлем сазгерлері

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға ұлы әлем сазгерлерінің музыкасын тындай отырып,шығармашылығымен танысып білімдерін жетілдіру

Ә) Дамытушылық: Музыкалық туындыларға қызығушылығын оята отырып, музыкалық сауатын дамыту

Б) Тәрбиелілік: Классикалық музыканы тыңдай білуге және түсінуге тәрбиелеу


Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, репродуктивтік,

сұрақ-жауап.

Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер

Сабақтың көрнекі-құралдары: сигнал картасы, портреттер,

магнитофон, DVD ойнатқыш

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

  2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.

II.Жаңа сабақ.

Л. В. Бетховен шығармаларының ерекшеліктері.

(фото-слайд арқылы көрсету).

Немістің ұлы компазиторы Людвиг Ван Бетховен 1770 жылы 16 желтоқсанда Рейн өзенінің жағасындағы Бонн қаласында әншінің семьясында дүниеге келген. Болашақ компазитор жас уақытынан-ақ материалдық мұқтаждықта өсті. Жас кезінен скрипкамен, фортопьяно және органда ойнады. Ал, 1792 жылы Венаға келді. Бұнда атақты пианист-импровизатор деген атақ алды. Венада 2 симфония, 6 квартет, 7 фортопьяноға соната және көптеген шығармалар жазады. Осы уақытында творчествосының өрлеген тұсында композитор құлағынан айрылады. 1804 жылы үшінші «Ш Геройкалық», 1805 жылы «Фиделио» атты жалғыз операсын жазады.


Бүгін біз Бетховеннің ең атақты да, құнды шығармасы болып табылатын «К. Элизе» атты шығармасына тоқталайық. 1965 жылы биограф, компазитор, әрі музыкант Людвиг Ноль, Мюнхень қаласынан «К. Элизе» деген Бетховеннің жеке қолжазбасы мен ноталарын тауып алады. Бұл қолжазбада «Элизаға мәңгілік ескерткіш» деген Бетховеннің қолы қойылған ноталар жазылған еді. 1867 жылы Людвиг Ноль бұл шығарманы жарыққа шығарады, бірақ осыдан соң бұл қолжазба жоғалып кетеді. «К. Элизе» шығармасының шығу тарихында Бетховен бұны өзінің өте жақсы оқушысы және шығармаларының ерекше, тамаша орындаушы Элизабет Рекельге арнаған. Тіпті ол қызды қатты ұнатып, үйленуге ұсыныс жасаған, бірақ ол жақтан қарсы жауап алады. Бұл шығарманың нотасы көпке дейін Элизабеттің қолында болған.

Бетховеннің шығармаларын тындау:«К. Элизе»,«5 симфония»,«Аве-Мария»,«9 симфония»


Иоганн Себастьян Бах (1985 - 1750)

Иоганн Себастьян Бах - неміс халқының ұлы композиторы. Ол «Матфейге іңкәрлік», «Иоанға іңкәрлік» және «Құдіретті месса» сынды ірі вокалды - аспаптық шығармалар жазды. Діни тақырып, адам баласының дүниедегі орны өмір мен өлім туралы терең философиялық толғанысына арқау болды. Оның оркестрге арналған «Бранденбург концерттері» деп аталатын 6 концерті, оркестрлік сюиталары, органға арналған шығармалары, партиталары және т.б. көптеген шығармалары бар.

Тақтада «Музыкалық сауаттылық» сөздік плакаты ілінеді.

Концерт - музыканың көлемді жанрының бірі. Концерт сөзінің екі түрлі мағынасы бар: бірінші, өнер шеберлерінің қатынасуымен өткізілетін музыкалық кеш; екінші, көлемді, әрі күрделі аспаптық музыка.

Месса - католик дініндегі жексенбі күні құдайға құлшылықта айтылатын діни ән.

Рондо - музыкалық аспаптарға арналып жазылған, негізгі темасы бірнеше рет өзгеріп, қайталанып отыратын шабытты шығарма.

Фуга - бір, екі немесе одан да көп теманы бірінен соң бірін барлық дауыста пайдалана отырып, имитация негізінде жүргізіп отыруға негізделген полифониялық шығарма.

Симфония - грек сөзі, «дыбыстар бірлестігі» деген мағына береді.

Классикалық музыка - ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, «уақыт сынынан» сүрінбей өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма


.И.С.Бахтың шығармаларын тындау: «Прелюдия» ,«Құдіретті месса» ,«Органға арналған шығармалары»

III. Сөз жұмбақты шешу


IV.Неміс халқының ұлы композиторларының шығармаларын талдау


V. Музыкалық шығармаларда кездесетін екпінің түрлерін топтау

Жай

Орташа

Жылдам

VI. Сабақты қорытындылау.


Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, сабақты қорытындылаймын.


VII. Бағалау.


Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып бағалаймын.


VIII. Үй тапсырмасы. Ұлы композиторлардың өміріне байланысты шығармашылық жұмыс жасау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал