7


  • Учителю
  • Музыка пәнінен тест тапсырмалары

Музыка пәнінен тест тапсырмалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Кенжеханов Азамат Көшкінбайұлы

Астана қаласы, № 38 мектеп-лицей

ән-күй пән мұғалімі



Музыка пәніне арналған тест тапсырмалары және оның формалары

Музыка пәнінің басты мақсаты қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірмен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеу. Өзара тақырыптарды қорытындылайтын сабақтарда оқушылардың білімін тексеру және бекіту жұмыстарын жасап отыру қажет. Жаңа технологияларды енгізу және білімді тексеру барысында тест тапсырмаларына және оның формаларына деген қызығушылық туды. Тест оқушылардың білім, білік деңгейлерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалім тест тапсырмаларын өзі құрастыра білген кезде ғана тестке деген қажеттілік артады.

Музыка пәні бойынша құрастырылған мына тест тапсырмаларының бірнеше формаларын ұсынамын. Ескерту! Тест тапсырмаларын орындамас бұрын оқушыларға тапсырмаларды орындауға түсінік берілуі керек.

Бір жауабы бар тест тапсырмалары

Сіздерге ұсынылған тапсырмалардың дұрыс жауабы біреу. Дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеңіздер.

  1. Бір жағы қапталып, ішіне сылдырмақ, қоңырау ілінген ұрмалы-сілкімелі, жарғақты, сырғалы аспап

    1. асатаяқ

    2. тұяқтас

    3. даңғыра

    4. қоңырау

  1. Пішіні тауыққа ұқсайтын сазсырнайдың бір түрі

  1. сыбызғы

  2. тастауық

  3. үскірік

  4. шаңқобыз

  1. Тізбекті тест

  2. Сіздерге ұсынылған тізбекті тапсырмалардың дұрыс жауабы біреу. Дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеңіздер.

  1. Халық аспаптарында орындалатын мәтіні жоқ шығарма

    1. күй

    2. өлең

    3. ән

    4. терме

    1. 2. Төкпе әдіспен орындаудың шебер күйшісі

    2. 1) Тәттімбет

    3. 2) Құрманғазы

    4. 3) Дәулеткерей

    5. Екі немесе бірнеше жауаптары бар тест тапсырмалары

    6. Сіздерге ұсынылған тапсырмалардың дұрыс жауабы екеу немесе бірнешеу. Дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеңіздер.

    1. Құрманғазының күйлері

  1. Сарыарқа

  2. Қосалқа

  3. Сылқылдақ

  4. Балбырауын

  5. Ақсақ құлан

  1. Сөйлемді құрастыру үшін толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары

  2. Толықтыр!

  3. 1. Тәттімбет күйді ___________ әдіспен орындайды. Шертпе күйлер көбіне асықпай _____, баппен орындауды, ________ қос ішегін алма-кезек даралап шертуді, пернедегі _______________ толқынды қажет етеді.

  4. Сөздерді ретпен орналастыру арқылы сөйлемді дұрыс құрастыруға арналған тест тапсырмалары

  5. Дұрыс ұғымды ретпен орналастырыңыздар

  1. Композитор -

  • әнді

  • адам,

  • оның аты

  • нотаға

  • шығарушы

  • белгілі және

  • түсіріп жазады

  • ол әнді

  1. Сипаттаушы тапсырмалар

  2. 1. Шілдехана -

  3. 1) халқымыздың ұлттық салт-жорасы

  4. 2) балаға «тұсау кесер» сыйлығы беріледі

  5. 3) сүндет тойы жасалады

  6. 4) нәрестенің дүниеге келу құрметіне өткізілетін ойын-сауық кеші

  7. 5) бала мектеп табалдырығын алғаш аттағанда өткізілетін салт-жорасы

  8. Текстік тест

  9. Тексті оқып шығыңыздар. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

  10. Дүкенұлы Ықыластың туып-өскен жері - Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы. Оның ата-бабалары - шетінен қобызшы болған. Мың жылдан соң, Қорқыттан кейін қасиетті қара қобызға тіл бітірген Ықылас еді. Ықылас дарынының тегеуріні бақсы қолындағы тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, адамның жоғын жоқтатып, адамның мұңын ортақтастырғаны үшін тәнті боламыз.

  11. Тест тапсырмалары:

    1. Дүкенұлы Ықыластың туған жері

    1. Ақтоғау ауданы

    2. Аягөз ауданы

    3. Жаңаарқа ауданы

    4. Талғар ауданы

    1. Ықыластан мың жыл бұрын қара қобызға тіл бітірген

    1. Тәттімбет

    2. Қорқыт

    3. Құрманғазы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал