- Учителю
- 'Әсем әнге билейміз '
'Әсем әнге билейміз '
Сыныбы: 1 «в,г»
Сабақ күні:
Тоқсандық тақырыбы: Музыкалық аңыз әлеміне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Әсем әнге билейміз.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды әдемілікке,әсемдікке,сұлулыққа тәрбиелеу.
Білімділік мәні:Оқушыларды бидің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Музыканы естей отырып, билердің түрін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Дауыс жаттығуын жасау. «До-мажор гамммасы».
Үй тапсырмасы. «Күз жомарт» әнін сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру. Әсем әнге билейміз.
Сабақтың барысы:
Әртүрлі музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Әнді шалқыта айтамыз, кейбір музыканы тыңдап отырып ,ойланамыз. Сондай - ақ көңілді музыкаға би билегіміз келіп тұрады.
Би -музыка ырғағына сай қимылмен биленетін өнер түрі. Би өнері түрлі ырғақта болады. Асықпай билейтін,тез және адымдап орындалатын билер.
Вальс - жұптасып билейтін бидің түрі.Оны айнала билейді. Вальсті «би патшасы» дейді.
Полька - көңілді және қарқынды билейтін би түрі. Көбіне оны жылдам музыкамен орындайды.
Қара жорға - қазақ халқының ұлттық биі.
Қорытындылау:Сұрақ-жауап арқылы.
1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?
2 Қандай билердің түрін білесіңдер?
3.Вальс қандай би?
Үйге тапсырма. Әндердің сөздерін еске сақтап, жаттап келу.