7


  • Учителю
  • Музыка сабақ жоспары Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев

Музыка сабақ жоспары Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Музыка 6-сынып Күні: 15. 04.15

Тақырыбы:Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев.

Мақсаты:Бүгінгі заман музыкасымен, Ескендір Хасанғалиев шығармашылығымен танысу, әнге деген қызығушылықтарын ояту, арттыру.

Әдісі: ауызша, жазбаша, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, күй табақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

1)оқушыларды сабаққа дайындау

2. Үй тапсырмасын тексеру. 1) «Ана» әнінің сөзін жаттау. Әнін жазған Д.Ботбаев. Өлеңін жазған С.Жиенбаев

3. Жаңа тақырыпты меңгеру

Музыка сабақ жоспары Туған жерін ән еткен Ескендір ХасанғалиевЕскендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Әнші (лирикалық баритон), композитор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хор факультетін Е.Виноградов пен Н.Шарипованың класы бойынша курсты және Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисті. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды.

Шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы мен материалды берудің көп салалығы тән. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды.

1970 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері. 1984 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі. 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Оңтүстік шаһарда Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиевтің «Жасай бер, қазақ» атты авторлық кеші өтті. Ел-жұртының еркесі, сазгерлердің серкесі, ел ағасы 70 жасқа толып отыр. «Анаға сәлем», « Әдемі-ау», «Асыл арман», «Есіңе ал» сияқты 200-ден астам ән-романс жазған дара дарын иесінің шығармашылық қызметіне 50 жыл толып отыр. Кеш барысында лирикалық -баритон дауысты әнші -композитордың туындыларын негізінен жас әншілер орындады. Сондай-ақ, өмірі мен өнер жолынан түсірілген деректі фильм көрсетілді. Мерейтойға орай, Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған Ескендір Хасанғалиевтің орындауындағы әндердің антологиясы шықты. Әншінің шығармашылық ізденісі еліне, жұртына, отанына арналған. Патриоттық әуендердің қатарында «Атамекен», «Күн дидарлы Қазақстан», «Ауылым-әнім» атты әндері бар. Мерекелік кеште сазгердің елу жыл ішінде көптің көңілінен шыққан таңдаулы шығармаларымен қоса жаңа әндері де шырқалды. Үш буын өкілдерін әнімен тербеп, сазымен емдеп келген композитордың арманы - тау-кен инеженері болу еді. Алайда, тума берілген талант әнші-сазгерді киелі сахнаның қақ төрінен шығарды.Ескендір Хасанғалиев, ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Қазақтың өнеріне азды-көпті үлесімді қостым. Мен өзімді бақытты адам деп есептеймін. Құдайға шүкір деп айтайын білім алдық, әртүрлі дәрежеге жеттік. Халықтың құрметіне ие болдық. Оның бәрі әрине бір жағынан талант та болар, екінші жағынан еңбек, іздену. Үнемі тұрақты түрде ізденудің нәтижесі деп білемін.

Майра Ілиясова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері

Мен ойлаймын бүткіл бір ұрпақты осы Ескендір ағамыздың әні тәрбиелеп отыр. Ол кісінің алғаш жазған әні - «Анаға сәлем». 21 жасында жазылған екен. Енді қазір соны біздің жаңа сахнаға аяқ басқан әншлерге дейін айтып келе жатыр. Қай әнін алатын болсаң да үлкен тәрбиелік мәні бар. Ағаның әндерінің ерекшелігі- ешқашан қайталанбайды, біріне-бірі ұқсас емес.

4. Ән айту. «Біз -Отанның ұланымыз» Әнін жазған Н.Тілендиев. Өленің жазған Т.Молдағалиев

5. Сабақты қорытыңдылау: Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасы: Ескендір Хасанғаливтің ұнатқан әнін жаттау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал