7


Ашық сабақ Киелі аспап

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап қобыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау барысында қобыз аспабы туралы білім-біліктерін толықтыру

Дамытушылық:Аспаптың шығу тарихы туралы мәліметтерді жинақтап, меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушылар әсемдікті сезіне отыра,өз ұлтының музыкалық мұрасын үлгі тұтып, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиясының элементтері,жаңа сабақты меңгерту,талдау, салыстыру, тыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қобыз аспабы,Қорқыт ата суреті, топтың атауы,қосымша материалдар, «Қорқыт» күйі. Интербелсенді тақта.

1.Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

(Балалар бүгінгі сабағымызда қонақтар отыр амандасу рәсімінен бастайық)

Амандасу

(психологиялық ахуал туғызу)

До, ре, ми (2рет)

Фа, соль ля

До, ля, соль

Фа соль, ля

До, ля, си

До,До,До-деп әнге саламыз.

2.Үй тапырмасын тексеру ( сұрақ арқылы) 5 минут

-Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын еске түсірейік.

(үлестірмелі карточка таратылады)

Музыкада неше дыбыс бар? (7дыбыс)

До нотасы нешінші сызықта орналасқан (негізгі сызықта)

До нотасын тақтаға жазып көрсет.

Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан (2-ші сызықта)

Соль нотасын тақтаға жазып көрсет.

3 Келесі сатымыз қызығушылықты ояту.

Жаңа сабақтың алғашқы сатысы.

Интербелсенді тақтадан сөзжұмбақты шешу

-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Киелі аспап қобыз» Интербелсенді тақтаға төмендегідей өлең шумақтарын жазу.

Ашық сабақ Киелі аспап Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған таман бақсы асқан ата.

Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

Сыныптан бір оқушы шығып өлең жолдарын дауыстап оқып беру.

-Балалар,бүгінгі сабағымыздың мақсаты қалай болады?

4.Сынып оқушыларын үш топқа бөлу: Өз ара топ басшысын сайлау.

І топ «Қорқыттанушылар»

ІІ топ «Күйтанушылар»

ІІІ топ.«Қобызшылар

(3 топқа «қоржын жәшік» таратамын.Әр топқа бір сұрақтан) 5минут

І топ: Қобыз аспабының құрылымын ата

Ашық сабақ Киелі аспапКейбір ғалымдар қобыздың бейнесін адамға ұқсатады екен. Мысалы, бас, құлақ, мойын, кеуде.Ысқышпен ойналатын ішекті аспап.Мойны имек,шанағы терімен қапталған, ысқыштары,ішектері жылқының қылынан жасалған.Сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады.

Ашық сабақ Киелі аспапІІ топ:- Қобыз аспабының ескі түріне талдау жаса

Әлкей. Марғұлан: «Қазақтың ескі дәуірдегі қобызының формасы аққудың бейнесіне ұқсайды, мойны ұзын, құйрығы сопақ, ұзынша келген аққудың құйрығы сияқтанып тұрады. Сыртынан қарағанда аққудан еш өзгешелігі жоқ.». Оған дәлел ретінде үш деректі үсынады: біріншіден, халық аққуды ең сұлу құс деп санаған, екіншіден, аққудың дауысы құлаққа әдемі естілетін ең сұлу үн, үшіншіден, аққу - ерекше қадірлейтін киелі құс, оны атуға болмайды.

ІІІ топ Қобыз аспабының сиқырлы қасиеті қандай?

Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты.



5.«Ой қозғау» сатысы.

Оқушыларға Қорқыт, қобыз туралы мәлімет таратылады.Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.

І топ «Қорқыттанушылар» Қорқыт ата туралы аңыздардың сыры

Аңыз бойынша:Дүниеге келуі

Қорқыттың дүниеге келуі де өзгеше. Анасы Қыпшаққызы құланның жаясына жерік болыпты-мыс. Бір жыл ішінде жерігін әрең қойыпты. Ана құрсағында 3 жыл жатыпты. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Күн күркіреп, найзағай жарқылдап, қатты дауыл тұрады. Жер дүниені қара түнек басып, ел- жұрттың үрейін ұшырады екен.....

ІІтоп. «Күйтанушылар»

Есімінің қойылуы

Қорқыт есімінің қойылуы да бір аңыз екен. Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Алғашында бұл жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт оның адам нәсілі екенін көргеннен кейін ғана көңілдері жайланды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті боп өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын»,-деп есімін Қорқыт қояды.

Қорқыт туған кезінде,

Қара аспанды су алған,

Қара жерді құм алған,

Ол туғанда ел қорқып,

Туғаннан соң құанған,- деген жырда бар.

ІІІ топ. «Қобызшылар» Аспаптың шығу тарихы.

Қорқыт жасынан өте ұғымтал,құйма құлақ болып өседі.Сол кездегі аспаптардың бәрінде керемет ойнайды екен.Алайда, оған қанағаттанбай, адам мен жануарлардың үнін,табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.Көп ойланып,қарағай ағашын кесіп әкеліп, бір нәрсенің жобасын жасайды.Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді.Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт жасап жатқан қобыз

6 жасар нар атанның жілігіндей қылып ойып, қасиетті тау басындағы ортекенің мүйізінен тиек жасап, желмаясын сойып, терісін қобызына көн қылып қаптайды, үстіне мінбеген бесті аттың құйрығынан қыл ішек жетпей тұр екен»-деп кеңес береді. Ұйқысынан оянып,осы айтылғандардың бәрін жасайды.Қобызын қолына алған кезде аспап боздап қоя беріпті.

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяның терісін

Шанаққылған қобызым,

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған қобызым,

Құлағын да бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын,

-деген екен..



6.Оқулықпен жұмыс жасау Мәтінді дауыстап оқып шығу.

Дәптермен жұмыс.



7.Сергіту сәті ( музыка әуенімен қимыл-қозғалыс жасау)



8.Салыстыру. Бүгінгі сабақта өткен тақырыппен, алдыңғы сабақтан ой жинақтау.

(фламастерь, А4 ақ қағаз тарату)

Күйден үзінді тыңдау интербелсенді тақтада аспаптардыңқұрылымы естіледі.

Қобыз аспабы Домбыра аспабы

Ашық сабақ Киелі аспапАшық сабақ Киелі аспап



«Бостыр» сурет арқылы, венн диаграммасы арқылы жасауға болады.

(топтан бір оқушы шығып қорғап береді)



9. Рефлексия

Оқушы өз- өзін бағалау Нені меңгердім? Нені үйрендім?

Оқушыларға карточка таратылады.р/с

Оқушының

аты-жөні

Қорқыттың дүниеге келу аңызы

Есімнің қойылуы

Аспаптың шығу тарихы

Қобыз аспабының құрылымы

Қорытынды баға









10.Сабақты бағалау

«Стикер» тарату. (Жақсы жағы, жағымсыз жақтарына ілу.)

11. Үй жұмысын интербелсенді тақтада сурет арқылы көрсету.Сурет бойынша Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» атты күйін зерттеп келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал