7


Тақырыбы: Ашық есіктер күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қаламыздағы №11 бөбекжай-бақшасында «Ашық есіктер күні»



Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлт тағдыры, ұлт болашағы деп білген. «Білім мен тәрбие егіз» дегендей, бүлдіршіндерді тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеменің ролі ерекше зор екендігі ақиқат. Отбасының да , балабақшаның да мақсат-мүддесі біреу ол -заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бөбекжай-бақшасының қызметкерлерінің балаларға берген білімдерінің жетістіктерін көрсету мақсатында көптеген іс -шаралар өтті.Балаларды , ата-аналарды таңертең шамдары жарқырап , түрлі түсті шарлармен безендірілген ,ертегі кейіпкерлерінін костюмдарын киген тәрбиешілер қарсы алды .

Қазақстаның болашақ ұрпағын патриоттық сезімде тәрбиелеуде «Менің- Отаным Қазақстан» жас оқырмандар сайысымен басталды. Балалар өте жақсы жоғары дайындықпен қатысты. Олардың ішінде ерекше көзге түскен , келген қонақтарды, әділ-қазылар алқасын таң қалдырған мына балаларымызды атап өтсек Алшоразов Данияр, Мұратов Мансур,Қонысбаева Жания, Ануарбек Саяна .Тақырыбы: Ашық есіктер күні

Ары қарай мерекені кішкентай 2 жастағы сәбилер «Балақан», «Сылдырмақ» әндерімен ерекше ата -аналарды тамсандырды.

Ата-аналарды педагогикалық бағытта тәрбиелеп, баланы жақсы жолға салу мен жағымды тәрбие беруде тек өзара байланыс арқылы мүмкін болатындығы ашық айтылды.Мектепке дейінгі жастағы балалар тек қана өлең , тақпақ, би билеп қана қоймай , сондай ақ Ы.Алтынсариның «Мақта қыз бен мысық», орыс халқының «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ойнап көрсеткен сәтінде бал тілдерінен бірден көңілің көтерілетіні шындық. Тақырыбы: Ашық есіктер күніТақырыбы: Ашық есіктер күні

Келесі кезекте тәрбиенушілер Утин Аман , Абай Абылай , Тұрсын Нұрали , Амантаев Ернар «Үш торай» ертегісін орыс тілінде қойып балалардың жүзінен, кәдімгі сол ертегінің ішінде отырғандай сезім байқалады Ол да болса ата-аналар мен мамандардың жетістігі. Тақырыбы: Ашық есіктер күні















Күннің екінші жартысында «Жол жүру ережесін сақтай білейік» атты 5-6 жастағы тәрбиеленішілердің арасында сайыс өтті. Балаларды жолда сақ болуға үйрету,тәртіпке, жауапкершілікке тарту.Тақырыбы: Ашық есіктер күні

Бұл мекемеде еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отан сүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін ұжым аянбай еңбек атқарады .

Мерекелік іс-шаралар соңында бөбекжай-бақшамыздың директоры Мажит Гүлсім Уалиханқызы қатысқан балаларды мақтау қағазымен марапаттады. Өздерінің алғашқы жетістіңктеріне қуанғандары бал-бұл жанған жүздерінен керемет жылылық сезіледі.

Біздің байқағанымыз ашық есік күнінің мақсаты ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек беріп әрі балабақша жұмыс ретімен танысуға мүмкіндік беру екендігін ой таразысына салдық. Әрі болашаққа қанат қаққан жас тәрбиеленушілерінің ана тілінде яғни мемлекеттік тілде тәрбие алып жатқаны қуантты.

Ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ал әжелеріміз ақ баталарын берді.



Мухамбетжанова Канымкөз

музыка жетекші

Меден Тілеужан

әдіскер







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал