- Учителю
- Театр-өнер ордасы 3 класс
Театр-өнер ордасы 3 класс
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім: Ержанова Г.Е.
Сабақтың атауы
Театр-өнер ордасы
Мақсаты
Театр-өнер ордасы екенін түсіндіріп,оның түрлерімен таныстыру
1.Театр және оған қатысты ұғымдар туралы мәлімет беру
2.Оқушыны дүниетанымын кеңйту,сезіну,қабылдау қабілеттерін дамыту
3.Өз бетінше ізденіп,жауапкершілікті сезінетін тұлға тіәрбиелеу
Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ-жауап ,ән айту,музыка тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі:аспап суреттері, сөзжұмбақ,карточкалар,баян,үнтаспа
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Оқушыларды төрт топқа бөлу
ДО,РЕ,МИ,ФА.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Жаңа сабақ.Кіріспе әңгіме.Слайдпен сурет көрсету
Театр «theatron» - ойын-сауық орны дегенді білдіреді.
Сахнада өмір көріністерін актерлер күшімен бейнелейтін өнердің бір түрі.Театр-ұжымдық өнер өйткені қазіргі театр спектаклі драматург,актер,қоюшы-режесер,сценограф,композитор,мен хореграфия өнерінің және киім-кешек жасаушылар,гримершілер,жарық берушілер секілді театрға т.б көптеген қызметкерлер жұмыс жасайды.Қазақстанда театр өнері 1920-1930 жылдары қалыптасты
Театр түрлері
Опера,балет Қуыршақ театры Әзіл сықық-теары
театры
1933-жылы Алматыда Абай атындағы опера және балет театры өмірге келді
2013-жылы Алматы қаласында «Астана опера театры ашылды»
Слайдтан суреттерін көрсету
Музыкалық сауат: «Фа» нотасы 1 сызықпен екінші сызықтың ортасында жазылады
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Нота дәптерімен жұмыс:нота дәптеріне «Фа» нотасын салып үйрету.Төмендегі тапсырмаларды орындау
Берілген ноталарды бес сызыққа сал: ДО,МИ,ДО,ФА,РЕ,МИ,ДО,ФА.
Ән үйрету:И.Нүсіпбаев «Біз осылай өсеміз» әнін үйрету.Әннің мазұны оқушыны болашақта жігерлі,қайратты,туған жерді сүйетін азамат болып өсуге талпындырады.Әуені жеңіл,көңілді,ширақ орындалады.Орындығанда оқушыны жігерлендіреді,сондықтан осыған баса көңіл бөлу керек.
Үйге тапсырма
Театр-өнер ордасы
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Екі жұлдыз, бір тілек
Стикерлерді өзі қалаған тұсқа жабыстырады