7


Наурыз - Жыл басы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

-Жүргізуші

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы,

Ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз

Қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.

Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан

Әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.

Арайлап жеткен әз Наурыз мейрамымыз құтты болсын!

Ақ мол болсын, ақтарылған ақ тілектер оңғарылсын.

Мешін жылы қазыналы, мерекелі, берекелі жыл болсын.

Орта толсын, қойын қуанышқа кенелсін, ынтымақ, бірлік ажырамасын.

Дендеріңізге саулық, өмірде асқаралы табыстар, игілік, бақыт тілейміз

Ақ мол болсын, жыл ырысты болсын!

Күй А. Бейсенов «_______________________» орындайтындар Жалғасов Ернақ, Қойшыбек Темірлан





Жүргізуші

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы - көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға - береке, халқымызға - игілік, мемлекетімізге - молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Жүргізуші

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойын бастайық!

* * *

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

Халық әні «Ақ Сұңқар» орындайтын Жанқожа Сағындық, оқытушысы Жаскеленова Бибігул

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі ән-биіміз

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.





Ән И.Нүсіпбаев «Домбыра сазы» орындайтын Медеубаева Махабат оқытушысы Бегалиева Гулмира

Жүргізуші

Наурыз тойы - тамаша,

Наурыз тойы - жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.





Әбдімомын Желдібаев «Еркесылқым» орындайтындар Тауаш Ақылбек, Ахметов Дидар, оқытушысы Турганбаев Нұрбек.

Жүргізуші І

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңакүн, мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған білдіреді.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Жүргізуші І

Қазақтың халық әні «Бипыл» қобыз аспабында орындайтын Бауыржанқызы Аружан, оытушысы Утешова Ұлболсын

Халық күйі «Кербез қыз» жетіген аспабында орындайтын Жақсыбаев Бекзат, оқытушысы Хамзина Ақмарал. Осы орындауында халық әні «Ақбаян»

Жүргізуші

Наурыз - көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі - қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы - жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан</, тең көтеру, т.б.) ойналады.

Жүргізуші



Наурыз тойы-салтанат

Наурыз ойы - мархаббат

Әр жүректен - ән тарап,

Шаттанады шартарап, - дей келе

Н.Тілендиев «Туған күніңмен» орындайтын Досанова Әсем, оқытушысы

А.Жұбанов «Қарлығаш» орындайтын Ғалинұр





Жүргізуші

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл - көсір!

Қашанда құт - береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Осы жерде Шашу! Шашу!деп (шашу шашылады)

























№1 Балалар музыка мектебі





Наурыз - Жыл басы





Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!













Дайындаған оқытушылар:

Ажигалиева Узипа, Утешова Ұлболсын Тұрғанбаев Нұрбек







Ақтөбе - 2016жыл











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал