7


  • Учителю
  • Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Астана қаласы Білім басқармасы

№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі















Көшкенбай Аида

3 сынып оқушысы











Музыкалық аспаптар және оларға температураның әсері

Секция: этномәдениеттану

















Жетекшісі:

музыка пәнінің мұғалімі

Кенжеханов А.К.























Астана қаласы

2016 жыл.



Мазмұны





І. Кіріспе ................................................................................................ 5

ІІ. Негізгі бөлім ...................................................................................... 7

2.1. Музыкалық аспаптар ...................................................................... 7

2.2. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы .................................. 10

2.3. Музыкалық аспаптарға температураның әсері.

Зерттеу жұмысы және нәтижесі .................................................... 14

ІІІ. Қорытынды ....................................................................................... 17

ІV. Әдебиеттер ........................................................................................ 18

Астана қаласының №82 мамандандырылған лицейінің 3 сынып оқушысы Көшкенбай Аиданың «Музыкалық аспаптар және оларға температураның әсері» атты ғылыми зерттеу жұмысына







Пікір



Ғылыми зерттеу жұмысында 3 сынып оқушысы Көшкенбай Аида музыкалық аспаптардың музыкалық дыбыстарды қалай шығаратынын қарастырып, оларға температура өзгерісінің әсерін зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде музыкалық аспаптар туралы жазылған. Екінші бөлімде осы музыкалық аспаптардың қалай дыбыс шығаратынын және дыбыстардың жиілігінің уақытқа тәуелділік графиктерін қарастырған. Үшінші бөлімде сыртқы ортаның немесе аспаптың температурасының өзгерісі музыкалық аспаптардың үн шығаруына қалай әсер ететінін тәжірибе арқылы зерттеген. Осы бөлімде бөлме температурасындағы және салқын ортадан алынған домбыраның дыбыс шығару ерекшеліктерін салыстырған.

Көшкенбай Аиданың ғылыми жұмысын музыкалық аспаптарда ойнауды үйреніп жүрген балаларға ұсынуға болады. Олар аспаптың және қоршаған ортаның температурасының қалыпты болғаны дұрыс екеніне көз жеткізеді.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.









Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі

Кенжеханов Азамат Кошкинбаевич



Аңдатпа



Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

Музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруына қоршаған орта температурасы әсер ететініне көз жеткізу.

Ғылыми жобаның гипотезасы: Егер жас музыкалық аспапты үйренуші қоршаған орта температурасының музыкалық аспаптарға әсер ететінін білсе, онда ол өз аспабына дұрыс күтім жасап, оны ұзақ уақыт пайдалана алады.

Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:

  1. Музыкалық аспаптар жайлы мәліметтер жинадым.

  2. Музыкалық аспаптардың қалай дыбыс шығаратынын қарастырдым.

  3. Қоршаған орта және аспаптың өз температурасының музыкалық дыбыстың шығарылуына қалай әсер ететін зерттедім.

  4. Домбыра үйірмесіне баратын оқушылармен сұхбаттасу: «домбыраны қалай күту керек?» тақырыбында.

  5. Өзіндік пікір,тұжырым жасадым.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Домбыраның және камертонның температурасын және қоршаған орта температурасын өзгерте отырып, олардың дыбыс шығару ерекшеліктерін салыстырдым.

Ғылыми жобамның жаңашылдығы: Жас домбырашыларға домбыраны ұзақ уақыт пайдалану үшін, оның температурасының қалыпты болуы керек екенін айту.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде дыбыс шығару үшін денелердің тербелісте болуы керек екенін және музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруына қоршаған орта температурасының әсері болатынына көз жеткіздім.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Осы зерттеулерді жасап, болашақ музыканттарға аспаптардың күйін қай уақытта келтіруге болатынын айтып беру.

Кіріспе

Музыка сырт көрініс, яғни бейнелеушілік аз рөл атқарады. Пластикалық өнерден, әдебиеттен, театрдан айырмашылығы - ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Алайда музыкада табиғат көрінісін көркем бейнелеу кездесіп отырады. Мысалы, табиғат үні (жел гуілі, судың гүрілі, құстың әні, т.б.), адамның дауысы, күнделікті өмірде кездесетін дыбыстар музыкада азды-көпті көрініс табады. Сондай-ақ музыкада заттардың сезім арқылы қабылданатын кейбір белгілері ассоциация (құс әнімен орман суретін меңзеу), аналогия (мелодияның байсалды, кең тынысты қозғалысынан жазық дала көрінісін елестету) және есту, көру сезімдері байланысының көмегімен қиялда қайта жаңғыру арқылы бейнелейді.

Менің әкем музыка пәнінен сабақ береді және әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Кішкентай кезімнен бастап, музыкаға жақын болдым. Әкем домбырасын қолына ала бастаса болды, менің әлемім ерекше бір әуенді әлемге айналатын. Ес білгелі мен әкемнің күй тартар алдыңда домбыраның күйін келтіретінін байқадым. Мен үшін оның себебін білу өте қызықты еді. Анам мен әкеме осы сұрақты қойғанда, анам физика пәнінен сабақ беретіндіктен, қоршаған орта температурасының әсері болады деді. Олар маған осы тақырып бойыша зерттеу жұмысын жасауға ұсыныс жасады. Яғни, маған ең бастысы музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы мен оған ауаның температурасының әсерін білу керек.

Жобамен жұмыс жасай отырып, мен өзімнің алдыма мынандай мақсат қойдым:

  1. Музыкалық аспаптар қалай дыбыс шығарады?

  2. Температураның өзгеруі музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруына қалай әсер етеді? - деген сұрақтарға жауап алу.

  3. Осы зерттеулерді жасап, болашақ музыканттарға аспаптардың күйін қай уақытта келтіруге болатынын айтып беру.

Ө

5зім үшін мынадай міндеттерді анықтадым:

- музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы;

- дыбыс қандай ортада таралатынын анықтау;

- музыкалық аспаптардың температурасын өзгерту;

- музыкалық аспаптар орналасқан ортаның температурасын өзгерту;

- зерттеу нәтижесін талдау және қорытынды шығару.

Болжам: егер қоршаған орта температурасы мен аспаптардың өз температурасы төмен болса, онда шекті аспаптардың әуені өзгереді.

Зерттеу әдістері:

  • Жинақтау, топтау;

  • Салыстыру;

  • Өзіндік ой топшылау

Зерттеу объектісі: камертон, домбыра мен қобыз.

Зерттеу пәні: музыка және физика.





6



2.1. Музыкалық аспаптар

Музыкалық аспаптар - адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар.

Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ''халықтық'' және ''кәсіби музыкалық аспаптар'' болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың "ұлттық аспабы" болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гусли, жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.

К

7әсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғасырдан басталды, ал 18 ғасырдада кеңінен қолға алынды. 16 - 18 ғасырлардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.

Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ''электрлі музыкалық аспаптар'' тобы бар.

Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Қ

8азақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз және сыбызғы. Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді. Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады. Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі: сегіз, он, он бір, он үш болады. Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра - қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап. Қобыз - қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап. Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен (терімен) қапталады. Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады. Сыбызғы - үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады. Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді. Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі. Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы. Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады. Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады.











9



2.2. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығаруы

Дыбыс шығару немесе дыбысты есту үшін дене тербелуі керек. Тербеліс дегеніміз - дәлме дәл немесе жуықтап қайталанатын қозғалыс. 1 секун ішіндегі тербеліс санын жиілік деп атаймыз.

Дене тербелгенде, айналасындағы ауаға тартылып, қайтадан кері шегінетіндіктен, ауаны сығу және босату арқылы тепе-теңдіктен шығарады.

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

Бұл бірнеше рет қайталанатындықтан, толқынның ауада таралуына алып келеді. Ауа қысымының өзгерісінен пайда болған бұл толқындарды, қысым өзгерісі айтарлықтай үлкен болған жағдайда адам құлағы ести алады. Біз мұны дыбыс толқындары деп атаймыз. Олар сұйықтарда, қатты денелерде және газдарда тарала алады. Басқа толқындар секілді оларды да толқын ұзындығы және жиілігі бойынша сипаттаймыз. Әрбір жоғары қысым аймақтарының арасындағы қашықтық толқын ұзындығы, ал бір секунд ішінде нүктеден өткен толқын саны жиілік деп аталады. Бұл екеуінің көбейтіндісі толқынның бір секундта таралған қашықтығы: толқын жылдамдығына тең.

Д

10ыбыс жылдамдығы әр материалда әртүрлі болады. Дыбыс жылдамдығы ауада температура жоғарылаған сайын арта түседі, ал бөлме температурасында шамамен 340 м/с-қа тең. Оны үлкен қашықтықта байқауға болады. 100 м қашықтықта көрінген құбылыс пен содан естілген дыбыс арасында шамамен секундтың үштен бірінен аз уақыт кідіріс байқалады. Дыбыс жылдамдығы оның таралу ортасымен анықталады. Температура дыбыс жылдамдығына әсер етуі мүмкін, ортаның температурасы артса, материалдағы тербеліс жылдамдығы артады. Сонымен қатар, серпімділік пен ортаның тығыздығы да дыбыс жылдамдығына әсер етеді. Бөлшектері ауыр тығыз материалда дыбыс баяу таралады. Серпімділік ортаның қысымға байланысты қаншалықты өзгеретінін сипаттайды. Резеңке секілді, күш түскенде оңай иілетін материалда дыбыс жылдамдығы төмен болады.

АНаучный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсерідам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 - 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде алынатын спектр - дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті (үзілісті) жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады.

Музыкалық аспаптар айналасындағы ауаны тербелту арқылы дыбыс шығарады.

Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі - дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны - дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады.

Д

11ыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.

Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон - доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

К

12

12амертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс -тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

13

13



2.3. Музыкалық аспаптарға температураның әсері. Зерттеу жұмысы және нәтижесі

Музыкалық аспаптарды дұрыс күтіп ұстау оның даусының өзгермеуі мен оның сыртқы бейнесін дұрыс сақтауына көп әсер етеді. Себебі, музыкалық аспаптарды ары-бері тасып жүргенде ауа райының өзгеруі музыкалық аспаптарға қатты әсер етеді. Әсіресе ағаш пен саздан жасалған аспаптарға, мысалы: домбыра, жетіген, сазсырнай, шертер, балалайка.

Төмендегі суретте музыкалық аспаптар дыбысының қалай естілетінін тыңдап отырмын.

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсеріНаучный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

14Енді музыкалық аспаптардың температурасын төмендетіп көрейін, ол үшін домбыраны мұздатқыштың ішіне салып қойдым, 10 минут уақыт өткен соң домбыраны тартып көрдім. Оның дыбыс шығаруында айырмашылық бар екенін байқадым.

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсеріНаучный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

15Температура төмендегенде дыбыс жылдамдығы азаяды, бұл шектің тербелісінің баяулайтындығын көрсетеді. Осы тәжірибені камертонмен де қайталап жасадым, оның тербелісінің графигі:

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсері

Тәжірибе барысы бойынша музыкалық аспаптарды күтіп-баптап ұстаудың жолдарын қарастырдым:

· Музыкалық аспаптарды негізінен температурасы +10 +25 градус жылылықта болатын жабық бөлмеде ұстаған дұрыс, сәйкесінше ылғалдылық 50-60% болуы тиіс.

· Музыкалық аспаптарды дымқыл жерге қоймаңыз, себебі дымқылдың кесірінен ағаштан жасалған аспаптар қисайып кетеді. Домбыралардың мойнының қисаюы көбіне осы дымқылдықтан болады. Мойны қисайып кеткен аспаптың даусы өзгеріп, ойнау мүмкін емес боп қалады. Оны тек мойнын жасатқан шеберге ауыстыртып немесе тазартқызып қайтадан қалпына келтіруге болады. Мойны қисайған домбыраны ішегінен байқауға болады, ішегі мойнынан бөлек болып 05-1 см дей шығып тұрады.

· Аспаптарды терезе, есік, жылытқыш құралдары мен от жағатын пештерден кемінде 1,5 метр алыс ұстаған дұрыс. Себебі, ағаш пен саздан жасалған аспаптар жиі ауа алмасудан қатты өзгеріске ұшырайды.

·

16 Музыкалық аспаптарды ары-бері алып жүру үшін әрқашан қалың тыс (чехол) мен футляр пайдаланыңыз. Тыс пен футляр күн түсу мен жаңбырдан аспабыңызды қорғап тұрады және құлатып алған жағдайдан зақымданудан сақтайды.

· Тыс аларда оның екі қабат және қалың болуына басты назар аударыңыз. Себебі, астыңғы тыс қашан да күн сәулесі мен суды өзіне сіңіріп алады. Ең дұрысы сырты теріден (кожа) ішінде астары барлығына назар аударыңыз.

· Үйде музыкалық аспаптарды футлярдың ішінде сақтаған кезде, футлярдың аузын ашып қойыңыз және аспапты арасында алып шығарып қойыңыз. Үйде футлярдың ішіне салып аузын жауып қоюға болмайды!

· Қыстың күндері даладан келген аспапты бірден пайдалануға болмайды. Суық даладан келген аспап ылғалды боп тұрады, сондықтан аспапты қабынан шығармай 25-30 минуттай бөлме температурасында қойып қойыңыз. Ойнар алдында құрғақ сүлгімен жақсылап сүртіп тазартып алыңыз. Ылғал аспаптың ісініп даусын бұзып, ағаштың бұзылуына әкеледі.

·

5 Температура өзгерер уақытта, әсіресе күз уақыттарында қыс түсерге жақын (от жақпаған кезде) аспаптың басына целофан кигізіп кішкене көп тесіктер тесіп қойыңыз. Кейін температура тұрақталған кезде целофанды бірден алып тастаңыз.

· Жаңбырдың астында қалған кезде үйге келе сала аспапты тысынан шығарып қойыңыз. Себебі, судың бәрін сіңіріп алған тыс кебу керек. Кеппесе дымқыл аспабыңызды құртады.





16

Научный проек Температураның музыкалық аспаптарға әсеріҚорытынды



Жақсы музыкалық аспаптарда ойнап үйренген дұрыс. Тек жақсы аспап қана күшті, әсем, әсерлі дыбыс шығарады, ал дыбыстың сапасы мен музыкалық аспаптарды пайдалана білу орындау шеберлігіне байланысты.

Жақсы аспапты музыкалық аспаптың сыртқы түрі бойынша анықтау қиын емес - оның формасы әдемі болуы керек және сапалы материалдардан жақсы өңделіп жасалуы қажет.

Болашақта музыкант боламын деген бала музыкалық аспаптарға байланысты кейбір жағдайларды білгені жөн.

Домбыра мен қобызды бес жылға дейін сақталған ағаштардан жасайды. Ылғалдылық артқан кезде ағаш ұлғаяды да, аспаптың істен шығуына әкеп соғады. (Қалыпты ылғалдылық - 38-45%, температура - 20 градус Цельсийше). Ал егер аспап жасалған ағаш «ұлғайса» онда жоғарғы дека көтеріледі де, деформацияланады. Қыс мезгілінде музыкалық аспаптарды тасымалдамас бұрын, оны салқын жерде ұстау керек (7-10 градус Цельсийше). Ал даладан әкелген аспапты бірден ойнамау керек, кем дегенде 1 сағат уақыт қажет болады. Сондай-ақ, қыста домбыраны ұзақ уақыт қабырғаға жоғарғы жаққа іліп қоюға болмайды. Себебі жылы ауа жоғары көтеріледі, яғни, еденге жақын жерде температура 18 градус болса, бөлменің жоғарғы бөлігінде температура 27 градусқа дейін болады. Бұл ылғалдылықтың төмендеуіне алып келеді.

17

Әдебиеттер.



1. Уикипедия - ашық энциклопедиясы

2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006

3. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.

4. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том

5. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. - 240 бет.

6. Музыкальная акустика, М., 1954; Шерман Н.С., Формирование равномерно-темперированного строя, М., 1964

7. Закс К., Современные оркестровые музыкальные инструменты, пер. с нем., М., 1932

8. Вертков К., Благодатов Г., Язовицкая Э., Атлас музыкальных инструментов народов КСРО, Л., 1964

9. Сарыбаев Б., Қазақтың музыкалық аспаптары, А., 1978







</

18







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал