7


Өнер ордасы музыка мектебі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ «Өнер ордасы» Музыка мектебі - өнер айдынының бастау -бұлағы ,өнер - білім ордасы , жас ұрпақты музыкаға баулумен қатар оларға рухани- мәдени тәрбие беріп болашақ таланттардың талаптарын кәсіби жағынан шыңдайтын білім ордасы. Осы тұрғыдан алғанда аудан орталығындағы А. Байқыдыров атындағы саз мектебі бүгінгі таңда жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасына айналып отыр . Мектеп 1968 жылы ашылған. Яғни, 1968 -ші жылдан бері музыка мектебінде өнердің өзіндік дәстүрін қалыптастыруына із қалдырған А.Байқыдыров ,С.Культуманов, М.Иштебаев, Ы.Иштебаева Р.Ноғайбаев, Ғ.Ноғайбаева, Ә.Мағзұмов, А.Сейфуллаев, Ш.Бошанова, М.Кұсайнова, Б.Кәленбекова, В.Кайль т.б өз ісінің майталмандары кәсіби мамандар еңбек етті. Осы білім ордасынан тәрбиеленіп , білім алып ҚР.Мәдениет қайраткері атағына жетіп Республикамыздың түкпір-түкпірінде өнердің жолына түсіп еңбек етіп жүргендер Т.Мұқышев ,М.Әбуғазин, К.Төленбаева , М.Көшкінбаев ,Г.Иманғалиева. т.б. Осы салада оқып жатқандары қаншама.

Қазіргі таңда мектебіміз аудан әкімдерінің қолдауымен 2 қабатты еңсесі биік әрі жылы ,жарық жаңа ғимаратта орналасқан . Ұжымда 15 тарта арнаулы орта және жоғары білімді әрі білікті мамандар еңбек етеді .8 түрлі мамандықтан дәріс беруде. Ұстаздардың еңбектері орасан зор. Ұстаздар берген білімдері мен еңбектерінің арқасында шәкірттерге кәсіби білім берумен қатар оларды музыкаға баулып, адамгершілік-эстетикалық мәдениетке тәрбиелеп, отаншылдыққа , шығармашылдыққа және дүниетанымдық көзқарасын кеңейтеді.Оқушылар аспапты меңгеріп қана қоймай мектеп ішілік, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі байқауларда өз таланттарын көрсетіп жүлделер мен марапаттауларға ие болып жүр. 2012 жылы домбыращылар ансамблі Өскемен қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтын алдында да өнер корсетті .

Бүгін де мектептің ұстаздары мен оқушылардың жетістіктерін ауыз толтырып айта аламыз . Мектептен тыс қоғамдық жұмыстарға белсене араласып аудан мәдениетін көтеруге де үнемі атсалысып отырады. Келешекте де білім ордасы болашақ таланттардың талаптарын кәсіби жағынан шыңдап кемелденген білімді тұлға тәрбиелей берері сөзсіз . .

А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы Нұрсағат Нұғыспанова







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал