- Учителю
- Музыка пәнінен сабақ жоспары 'Башқұрт халқының қурай аспабы' (5 сынып)
Музыка пәнінен сабақ жоспары 'Башқұрт халқының қурай аспабы' (5 сынып)
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Башқұрт халқының - қурай аспабы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Білімділік мәні :Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білу, ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, музыка пәніне деген сүйіспеншіліктері артады
Психологиялық ахуал
- Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
«Көнеден жеткен аспаптар».
І топ. Домбыраға ұқсас қандай аспаптар бар?
ІІ топ. Не себепті туыстас аспаптар деп атайды?
ІІІ топ. Домбыра ,дутар, саз, қомыз аспаптарының қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?
ұқсастықтары
айырмашылықтары
Сергіту сәті
Ән орындау «Жаса Қазақстан»
Жаңа сабақ
Башқұрт халқының - қурай аспабы
Мәтінмен жұмыс
І топ. Қурай аспабының қолданылуы- әңгімелеу
Башқұрт халқында үлкерн құрметке ие болған аспап- қурай аспабы. Қурай тек музыкалық аспап қана емес, Башқұрт халқының мемлекеттік символы ретінде де аса қадырлы. Қурай аспабын республиканың туы мен елтаңбасынан да көре аламыз. Ежелгі замандарда қурай аспабын адамдарды қайғы мұңнан айықтыратын, ойына ой қосып, рухы мен жігерін көтеретін қасиетті аспап деп есептеген. Қураймен жеткен көне музыканы ерекше қастерлеп, ал үлкен жиындар мен мерекелерде бас қосқанда қурайшыларды құрметтеп, төрден орын беретін
ІІ топ. Қурай аспабының жасалу жолы- топтастыру.
Аспап қураған қамыстың ең ұзын сабағынан жасалады. 1метрлік ұзындықта алдыңғы жағынан 4 тесік және бас бармаққа арналған бір тесік жасап дайындаған. Қурай аспабын ойнау өте күрделі. Өйткені, қурай аспабын тарта отырып, аспапты орындаушы өз дауысымен, яғни көмеймен сүйемелдейтін болған. Қурайшылар көмеймен айту дәстүрін меігерсе ғана ол ең шебер орындаушы болып есептелген. Башқұрттар қурай аспабында бұлай ойнау әдісін «үзләу» деп атаған. «Узләу» алтай, тыва және хақас халықтарындағы көмеймен айту дәстүрімен туыстасып жатыр.
Қурай тектес аспатар барлық түркі тектес халықтарда кеңінен тараған. Қазақта- сыбызғы, түркіменде- түйдік, қырғызда- чоор, алтайлықтар шор, тывалықтар- шоор деп атаған.
ІІІ топ. Сөзжұмбақ құрастыру.
Рефлексия
Екі жақты күнделік стратегиясы
кітптағы ойжазбалар
Менің жаңалығым
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады