- Учителю
- 1- класс музыка сабағы күнделікті жоспар
1- класс музыка сабағы күнделікті жоспар
Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді.
«Ақсақ құлан» халық күйі.
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аңыз күйлерін,олардың шығу тарихы жайлы мағлұмат бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сұрақ жауап арқылы алған білімдерін пысықтап,одан толықтыру, музыкалық есту,тыңдау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
Білімділік: музыкалық білімдерін толықтыру,ән айтуды үйрету,музыка тыңдау ережелерімен таныстыру, аңыз күйдің шығу тарихымен және домбыра аспабымен таныстыру;
Тәрбиелік: халық күйлері мен ұлттық аспаптардың үнін тыңдау арқылы ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру, оз ойын әңгімелеп жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Ән орындау: «Отаным» Ө.Байділдаев
-
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар.
Жаңа сабақ: «Ақсақ құлан» халық күйі.
«Ақсақ құлан» аңызы
Көрнекіліктермен жұмыс: интерактивті тақтадан көріністерді тамашалай отырып, аңыз күйдің шығу тарихы жайында түсіндіру;
Домбыра аспабы.
Музыка тыңдау: «Ақсақ құлан» халық күйі.
Музыкалық теориялық талдау жасау
Музыка сауаты:домбыра, күй, күйші.
Сергіту сәті: «Көңілді музыкант»
Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.
Қозы-лақтар би билейді: дың, дың, дың.
Енді ойнаймын мен қобызда: зың, зың, зың.
Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.
Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дұң, дұң.
Төлдер састы, тұра қашты: дұң, дұң, дұң.
Дауысқа жаттығу:үш дыбыстық.«Тауға шығамын,таудан түсемін». Биік-төмен дыбыстарды айту;
Ән айту:«Құлыншақ» Ө.Байділдаев
-
Әнді орындап көрсету;
-
Әуенін аспаппен үйрету;
-
Қосылып хормен орындау;
Ой қозғау:құлыншақ деген не?
Шығармашылық жұмыс: «Құлыншақтың» суретін салу;
Сабақты қорытындылау:сұрақ жауап.
Үйге тапсырма: «Құлыншақ» әнінің сөзін жаттау, суретті аяқтау;
Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді.
«Наридірген» халық күйі.
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аңыз күйлерін,олардың шығу тарихы жайлы мағлұмат бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сұрақ жауап арқылы алған білімдерін пысықтап,одан толықтыру, музыкалық есту,тыңдау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
Білімділік:халымыздың күйшілік дәстүрін насихаттай отырып, музыкалық білімдерін толықтыру,ән айтуды үйрету,музыка тыңдау ережелерімен таныстыру, аңыз күйдің шығу тарихымен және домбыра аспабымен таныстыру;
Тәрбиелік: халық күйлері мен ұлттық аспаптардың үнін тыңдау арқылы ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру, оз ойын әңгімелеп жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Ән орындау: «Құлыншақ» Ө.Байділдаев
-
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар,әңгімелеу;
Жаңа сабақ: «Наридірген» халық күйі.
«Наридірген» күйінің шығу тарихы
Бейне көрініс тамашалау.
Музыка тыңдау: «Наридірген» Сармалай.
Музыкалық теориялық талдау жасау: мазмұны, көңіл күйі, кейіпкерлері, әуені;
Музыка сауаты: күй, күйші,сыбызғы.
Сыбызғы
Қамыс, қурай, ағаштан,
Түтікше боп ысылған.
Үрлемелі,ойықты,
Дыбысы нәзік сызылған.
Сергіту сәті: «Көңілді музыкант»
Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.
Қозы-лақтар би билейді: дың, дың, дың.
Енді ойнаймын мен қобызда: зың, зың, зың.
Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.
Енді ойнаймын дауылпазда: дұң, дұң, дұң.
Төлер састы, тұра қашты: дұң, дұң, дұң.
Дауысқа жаттығу: үш дыбыстық.«Тауға шығамын,таудан түсемін». Биік,төмен дыбыстарды айту;
Ән айту:«Ақтайлақ» Ә.Еспаев
-
Әнді орындап көрсету;
-
Әуенін аспаппен үйрету;
-
Қосылып хормен орындау;
Ой қозғау:тайлақ деген не?
Шығармашылық жұмыс: «Сыбызғы» аспабының суретін салу;
Сабақты қорытындылау:пысықтау.
Үйге тапсырма: «Ақтайлақ» әнінің сөзін жаттау, суретті аяқтау;
Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді.
«Тепеңкөк» халық күйі.
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың аңыз күйлерін,олардың шығу тарихы жайлы мағлұмат бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сұрақ жауап арқылы алған білімдерін пысықтап,одан толықтыру, музыкалық есту,тыңдау,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
Білімділік: халқымыздың күйшілік дәстүрін насихаттай отырып, музыкалық білімдерін толықтыру,ән айтуды үйрету,музыка тыңдау ережелерімен таныстыру, аңыз күйдің шығу тарихымен және сыбызғы аспабымен таныстыру;
Тәрбиелік: халық күйлері мен ұлттық аспаптардың үнін тыңдау арқылы ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын ояту, адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: музыкалық білімін тереңдету,музыкалық қабілетін дамыту, әнді әдемі сезіммен орындауға дағдыландыру, оз ойын әңгімелеп жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үнтаспа,баян аспабы;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: музыка тыңдау,ән айту, музыкалық сауаттылық, оқулықпен жұмыс, әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: Музыкамен амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау;
-
Ән орындау: «Құлыншақ» Ө.Байділдаев
-
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар,әңгімелеу;
Жаңа сабақ: «Тепеңкөк» халық күйі.
Ой қозғау: «Тепеңкөк» деген не? Жылқының пірін, түстерін, жасын ата.
Күйдің шығу тарихы жайында түсіндіру;
Музыка тыңдау: «Тепеңкөк» халық күйі.
Музыкалық теориялық талдау жасау: мазмұны, көңіл күйі,
Музыка сауаты: домбыра, күй, күйші.
Сергіту сәті:Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Оңға басты бұрайық,
Солға басты бұрайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Орнымызға қонайық.
Дауысқа жаттығу: үш дыбыстық.«Тауға шығамын,таудан түсемін». Биік-төмен дыбыстарды айту;
Ән айту:«Мұғалім ол біздің» И.Нүсіпбаев.
-
Әнді орындап көрсету;
-
Әуенін аспаппен үйрету;
-
Қосылып хормен орындау;
«Әуенді тап» ойыны
Ал,балалар,балалар,
Зейін қойып тыңдап ал.
Қандай әуен естідің,
Қане,кімдер таба алар?
Сабақты қорытындылау:сұрақ жауап.
Үйге тапсырма: «Мұғалім ол біздің» әнінің сөзін жаттау, суретті аяқтау;