7


Бабалар мұрасы. 2 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бабалар мұрасы. Сілкіп ойнайтын аспаптар.

1. М. Әлімжан, Ж. Маханбетова. «Асатаяқ» - үйрену.

2. Музыкалық сауаттылық - асатаяқ музыка аспабының құрылысы. Мақсаты: қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу. Аспаптың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру. Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Есту, есте сақтау, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсінеді. Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдауға үйретіледі. Шығарманың айтар ойын, негізгі мазмұнын қортынды жасауға бағытталады. Қазақ халық аспаптарымен танысады. Әнді таза дыбыспен айтуға үйренеді.

Сабақ барысы: Тренинг ««Әнмен бой сергіту».

Мұғалім оқушылар білетін 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады.

Үй тапсырмасы тексеріледі. «Конверт» әдіс-тәсілімен. Оқушылардың салған суреттері бағаланады. «Қарлығаш» әні хормен орындалады. Хор - көп адамдардың қосылып ән айтуы, сондықтан әнді хормен орындау кезінде сынып оқушыларының түгел қатысуы қадағалап отыру қажет. Бұл әдіс баланың сынып оқушылары алдындағы жауапкершілігін сезінуге үйретеді.

Жаңа сабақ: Сабақ Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдаудан басталады. Күйдің алғашқы дыбыстарына аса назар аударуларын сұраймыз.

Балалар әртүрлі ой айтады. Күйді тағы қайта тындап, алғашқы ды-быстардан сылдырмақтың, асатаяқтың, т.б. ұрып ойнайтын аспаптардың үні естілгенін байқатамыз және балалардың зеректігін арттырамыз.

Мұғалім сөзі: -Ерте заманда адамдар құстармен, жан-жануарлармен сөйлесе білген. Олар, алдымен құстың, жануардың дыбысын жақсылап тындап, кейін дәл сондай дыбысты өздері айтып көруге талпынған. Түрлі дыбысты алдымен ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптармен салды. Біртіндеп жан-жануарларға белгі беретін дыбыстарды ойлап шығара бастады. Ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптарда аттың шабысын, құстың ұшқанын, жануардың жүргенін, т.б. салатын болған. Аспаптар осылай сөйлей бастайды.

Мағынаны тану кезеңі: Күннің ретін, сабақтың тақырыбын, музыка тыңдауды жазамыз. Әр топқа перфо-карточка таратылып, асатаяқ, жыланбас(қоңырау), тоқылдақ, тұяқтас аспаптары туралы анықтама беріледі. Сілкіп ойналатын аспаптар жайлы мәтінді «Жұптық әңгіме» стратегиясы арқылы оқып талдайды. А,Б. Әріптеріне екі баладан бөлінеді. Мағынаны оқып болған соң А-лар тындайды, ал, Б-лар сөйлеп түсіндіреді.

Түрлі түсті суреттер, интербелсенді тақтада көрсетілетін баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

1-ші топ: Асатаяқ - сілкіп ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқ ағаштан жасалады. Тегіс бетінде түрлі темірден жасалған, өрнектелген сылдырмақтар ілінеді. Сілкіп ойнағанда сылдыраған дыбыс естіледі. Ол ансамбльдегі басқа аспаптар үнін көркемдеп, көріктендіре түседі. Бұрынғы кездері көбіне бақсылар пайдаланған.

2-ші түрі: Қоңырауы -Қоңыраулары нота дыбысына тура келеді. Бұрын асатаяқпен бақсылар өз ойынын сүйемелдеп отыратын. Аспап бұдан да басқа түрлі көлемде жасалатын болған.Қоңырау - бұрынғы кезде қоңырауды бесікке байлаған, тұрмыс - тіршілікте пайдаланған.

3-ші топ: Тұяқтас- бұл аспапта әндерді сүймелдеуге арналған аттын тұяғынан жасалады. Музыканың ырғағына қарай ұрып ойнағанда, одан біріне-бірі үласқан тоқылдаған нәзік үн шығады. Тұяқ - қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады. Оның ішін әбден тазартып күнге кептіреді.

4-ші топ: Тоқылдақ - үні ерекше, жаңғырығып шығатын, соғып ойналатын аспап.Тоқылдақ- аспабы ерте заманнан бері келе жатқан ұрып ойнайтын аспаптың бір түрі. Ағаштан бір жақ беті ойылған аспаптың бастапқы қалпында сырты түгел тегістеледі. Аспаптың арнайы ұрып, соғып ойнайтын арнайы таяқшасы болады.

Оқушылар топта флипчартқа аспаптардың суретін салып, өздерінің түсініктерін айтып қорғау арқылы олардың музыкаға, ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттырамыз.

Сергіту сәті: Бейнеролик арқылы

Қызығушылығын ояту

дауыс жаттығуларын жасайды.

Асатаяқ әніне қосымша «Ортеке» әні үйретіледі.

Әннің мазмұны, әуені балалардың көңілінен шығатыны сөзсіз.

Музыкалық сауат: Әннің шумағы мен қайырмасы болады. Шумақ төрт жолдан тұрады. Көбіне әнде екі немесе үш шумақ болады. Қайырма әр шумақтан кейін қайталанып отырады. Қайырманың сөзі мен әуені өзгермейді. Ал, кей әндерде қайырмасы болмайды шумақтан ғана тұрады. Шумақтары әдетте төрт немесе одан көп жолдан тұрады.

Шығармашылық жұмыс: музыкалық аспаптарды ойнап көрсетіп олардың дыбыстары тындалады. Бұл баланың музыкалық аспаптың үнін және ойнап үйрену арқылы есте сақтап қалуына зор ықпал етеді. Балалар, біз ұлттық аспаптар деп жатырмыз, олармен таныстық, дыбыстарын естідік, қолымызға ұстап көрдік.

Қорыту: «Үш сұрақ» әдіс тәсілі арқылы. Ортаға бір оқушы шығып мандайына ілген стикердегі сөзді сұрақ қою арқылы табуы тиіс.

Бағалау:

Топ басшылары бағалау критерилар арқылы бағдаршам түстерімен топ мұшелерін бағалайды.

Рефлексия

Басбармақ арқылы.

Үйге тапсырма; Әнді жаттау. «Ортекенің» суретін салып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал