7


«Екі жұлдыз» ән байқауы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Екі жұлдыз» ән байқауы

Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау. Өнерге бір табан жақындату.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Гүлдер,шар, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта, үнтаспа, т. б..

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Әділқазы алқасымен таныстыру
Ә) Сайыстың шарты:
1. Сырт келбеті,киім кию үлгісі - 5 ұпай.

2. Әнді орындау шеберлігі ,сахна мәдениеті - 5 ұпай

1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде бастауыш сынып арасында 1 -ші рет ұйымдастырылып отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 - Жүргізуші: Біз бүгін сайыста мектеп оқушыларының өз аналарымен жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.

1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер олай болса бүгінгі сайыста үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:

1. Мектептің тәрбие - ісінің меңгерушісі: Сүлейманова Айман Аятқызы

2. ________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

2 - Жүргізуші Қайырлы күн құрметті ән сүйер қауым!

«Екі жұлдыз» ән жобасына қош келдіңіздер!

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.-деп

«Екі жұлдыз» ән жобасын бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - Жүргізуші Ал, кәнеки, ағайын
Асқақ әнге салайын
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап әнге салайық, - деп байқауымызды әнімізбен бастайық.
Абай атамыз айтқандай «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй»
дегендей осы сайысты бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды бізге ашып беретін Махамбетова Майраны ортаға шақырамыз

2 - Жүргізуші

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша осынау қауымды

Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» ән жобасына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық, ағайын!

1 - Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
Бүгінгі концертті біз бастайық Қошеметтеп, қол соғып отырайық!

Олай болса «Екі жұлдыз» жобасына қатысатын үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!

1 жұп- 4 «а»

2 жұп-3 «а»

3 жұп-1 «в»

4 жұп-1 «б»

5 жұп-2 «а»

6 жұп-3 «в»

7 жұп-3 «б»

8 жұп-4 «б»

9 жұп-2 «г»

10 жұп-2 «б»

11 жүп-1 «а»

12 жұп-2 «д»


2 Жүргізуші:

1 - жұп 4а сыныбы

Мейірімімен балаларды үйіре білген,

Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.

Амантай Мақсатты біз қарсы алайық,

Ағасы Амантай Азаматпен !

2 - жұп 3 а сыныбы

Немересін өзіне серік еткен,

Сұлу сазды әндерімен тербеткен

Сегіз қырлы, бір сырлы Жұпаркүл апай

Бұлбұлдай әнші ару Қарақатпен !

3жұп орыс сыныбы

4 - жұп 1 б сыныбы

Болашаққа үмітпенен қараған,

Шәкіртіне сәуле шашып сабақтан,

Жас ұстаз, Мадина әпки алдыңызда

Жас өнерпаз Сезімі қасында!

5 - жұп 2а сыныбы

Шәкірттерге анасындай болып кеткен,


Күлімдеп мейірімінен жылу төккен.

Райымкулова Гүлнұрды қарсы алайық

Болат Диас әнші, сері жігітпенен!


6 жұп орыс сыныбы

7 - жұп 3б сыныбы

Балаларына мейірлене күлімдеген,

Әдептілік әндерін және үйреткен.

Жолдыкулова Гулжанды қарсы алайық,

Құдайбергенова Дана деген аруменен!

8 - жұп 4 б сыныбы

Балалардың шығар әркез көңілінен,

Шәкірттерін мейіріміне бөлеген.

Есбаева Мадина әкпиді шақыралық,

Сезім атты әнші жұлдызымен!

9 жұп орыс сыныбы

10 - жұп 2 б сыныбы

Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,

Әр күндерің әуендетіп өткізген,

Арайлымдай апкесімен қарсы алайық.

Құралайдай болашақ жұлдызбенен!

11 - жұп 1 б сыныбы

Ботадай көздері бар мөлдіреген,

Қызымен үнемі бірге жүрген.

Айгерімдей апайды қошеметпен,

Қарсы алайық қызы Балнұрменен !

12 орыс сыныбы

1-Жүргізуші Үміткерлерлер сіздерге сахна төріне қош келдіңіздер дейміз.

«Екі жұлдыз» жобасының ережесімен таныс болыңыздар!

Бүгінгі концертте 1 ән шырқауы керек. Әндер жанды дауыста орындалады.

Үміткерлер келесі критерилер бойынша бағаланады.

1. Сырт келбеті,киім кию үлгісі - 5 ұпай.

2. Әнді орындау шеберлігі ,сахна мәдениеті - 5 ұпай


Үміткерлерді сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен сахна сыртына шығарып салайық.

1 - Жүргізуші:Әділ- қазы алқалары байқауымыздың 1. Сырт келбеті, киім кию үлгісіне ұпайларынызды берсеніздер . Әділ -қазылар сөз сіздерде Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер1жұп 2жұп 3жұп 4жұп 5жұп 6 жұп 7жұп 8жұп 9жұп 10 жұп 11 жұп, 12 жұп

2 Жүргізуші:

Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсы көгімде.

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,

Әуелесін әніміз Қазақстан жерінде, - дей келе

«Екі жұлдыз» ән жобасын бастаймыз. 1 жүргізуші:Келесі кезекте №1 жұп - қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ Амантай Азамат пен талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы Амантай Мақсатты « Менің елім » әнімен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:Енді ортаға №2 жұп - ақ жаулықты анамыз ,өз ісіне ұқыптылықпен қараған , қоғамдық істерге белсене қатысқан , қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сыпайы апамыз Махамбетова Жұпаркүл Нәзбайқызы мен мектебіміздің ақылды оқушысы Үсен Қарақатты «Асыл әжем » әнімен ортаға қошеметпен шақырамыз.

1 жүргізуші:Сахна төріне №4 жұп - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Есбаева Мадина мен әдемі сурет салатын, сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Таужарық Сезімді халық әні «Әгугай» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз.

2 жүргізуші:Ортаға №5 жұп - ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ ата-ана Райымкулова Гүлнұр мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз Болат Диас «Менің анам алтын» әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:Ортаға №7 жұп - ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Жолдыкулова Гульнара мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Құдайбергенова Дана «Ана» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық

2 жүргізуші:Келесі кезекте №8 жұп - айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын Жаният Задыгерейқызы мен сынып белсендісі, сымбатты қызымыз Кеңес Ділназ «Асыл ана» ду шапалақпен ортаға шақырайық

1 жүргізуші:Ортаға №10 жұп - өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын апкесі Асетулаева Арайлым Асанқызы мен екілік баға алмайтын, класс жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын, ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт Үсен Құралайды «Ертегілер » әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.


2 жүргізуші:Сахна төріне №11 жұп - салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп жүретін Марал Қошқарбайқызы мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар Тұрсын Балнұр «Ана » әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын әділ -қазылар сөз сіздерде Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер1жұп 2жұп3жұп 4жұп5жұп 6 жұп7жұп 8жұп 9жұп

2 - Жүргізуші: Мың бұралу аз екен бұл өнерде, Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге. Бар сезімді көрерменге жеткізу, Мақсат екен орындалған әр биде. дегендей осы сайысты бізге кішкентай бүлдіршіндеріміз мың бүралып би билеп береді. ортаға шақырамыз
1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз. Марапаттау рәсімі. 2-Жүргізуші:Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз! Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.Ән аманат сіздер үшін, Бар болыңыздар сау болыңыздар. Екі жұлдыздың әнұраны орындалады

Екі жұлдыздың әнұраны орындалады

  • «Жұлдызды жұп»-

  • «Сүйкімді жұп»-;

  • «Актерлік шеберлігі»үшін-

  • «Үйлесімді дауыс»-

  • «Көрермендер көзайымы»-




«Екі жұлдыз» номинациясы бойынша
Гран при жүлдегерлері
Назгүл Қойшыбайқызы және Садирбаев Артур

Вокал, сахналық киім, сахналық қойылым, ән орындалу шеберлігі және дуэт секілді бағалау критерийлерінен құралған «Екі жұлдыз» ата-аналар ән додасына 5 жұп қатысып, ата-ана мен оқушы қатар өнер көрсетті. Техникалық ахауларға байланысты кейбір жұптардың ән орындау ерекшелігі жоғалғанымен, келеңсіздікке мән бермеді. Сайысқа қатысқан үміткерлер көптеген іс-шараларда белсенділік танытып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып жүрген, қиындықты қуанышпен айырбастайтын ерекше тұлғалар десек, артық айтқандық емес. Жұлдызды жұптарымыз ән әлемінің майын ішіп, жілігін шағып жүрмесе де, бар ынтасын салып жеңіске жету жолында аянбай тер төккендері көрініп-ақ тұр.

Сайыс өте тартысты, әрі қызықты өтті. Олай дейтініміздің басты себебі, әрбір жұп өз ерекшелікігімен танылды және көпшіліктің назарында болып, зор қошеметке ие болды. Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен 7 «А» сыныбының атынан қатысқан Жанар ханым, Ақнәзік қызымен «Асыл әжем» әдемі әуенімен жүрегімізге мейірім ұялатты. Бұл жұп осы сайыстың «Бас жүлдесіне» лайықты деп танылды. «Қазақ жастары» әнімен 7 «Б» сыныбының атынан шыққан Дильнара ханым, Жайна қызымызбен сахнада тамаша әуен сыйлады. Бұл жұп І орынды иеленді. Қазақтың «Дудар-ай» әнімен бізді тамсандырған 9 «Б»сыныбының Дильнара ханыммен бірге Махаббат қызымыз ІІ орынды иеленді. ІІІ орынды 8 «А,Б»сыныбының атынан қатысқан ата-аналарымыз «Қазақ қызы» әнімен Роза ханым, Әсел қызымызбен және «Қазақ елі» әнімен Жанар ханым, Ерке қызымызбен бөлісті.

Мектеп-интернатымызда өткен аптада ата-аналар, ұстаздар, оқушылар арасында «Сайысқа қатыс, озық оқырман» атты М. Әуезовтың «Абай жолы» романының 1-кітабынан оқу сайысы өткен болатын. Ата-аналарымыз бен оқушыларымыз бұл сайысқа ат салысып, көптеген жеңімпаздарымызды осы тамаша сайыстың үстінде марапатталып өтті.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал