7


  • Учителю
  • 'Н. Тілендиев' музыка сабағы 6 сынып

'Н. Тілендиев' музыка сабағы 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев.
Сабақтың мақсаты:

1. Н.Тілендиевтің шығармашылығымен, қазақ мәдениетіне қалдырған мол мұрасымен таныстыру..

2. Музыкалық сауаттылықты арттыру,музыканы тыңдап, талдай білу қабілетін дамыту.

3. Композитор шығармалары арқылы оқушыларға эстетикалық, рухани тәрбие беру.
Типі: Жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік, әуенді ойын.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Л.Хамиди.
2. Дауыс жаттығуын жасату.
3. Ән орындау. «Қазақ вальсі»
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. «Әуенді тап» ойыны.
2. «Романс» сөзжұмбағы
1)Л.Хамидидің "Кел,балалар, оқылық" әнінің сөзін кім жазды?( Ыбырай)
2) Ән айту қай жанрға жатады? (вокал)
3) Латиф Хамиди кім? (композитор)
4) Музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі. (фактура )
5) Музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармониялық құрылым. ( каденция)
6) "Қазақ вальсі" әнінің сөзін жазған ақынның есімі. (Сәбит) .
ІҮ.Жаңа сабақ.
1. Музыка тыңдау «Құстар әні». Бұл әннің авторын білеміз бе? Біз бүгінгі сабағымызды біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде -ақ замандастары бірауыздан мойындаған композитордың шығармашылығына арнаймыз.
2. Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы.
Дүниеге келгені: 1925 жылы 1-сәуірде Аманқарағай дуаны, Күнтимес орда қыстауы, қазіргі Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылы.
Қайтыс болғаны: 1998 жылы,қазан айында . Алматы облысы,Жамбыл ауданында, Жамбыл кесенесінің іргесінен топырақ бұйырды.
Атқарған қызметі: Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында, Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде және өзінің тікелей ұйымдастыруымен дүниеге келген "Отырар сазы" халық аспаптар оркестрінде бас дирижер, "Қазақфильм" киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.
Атақ - дәрежесі: Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1998 жылы халық Қаһарманы атағы берілді.
3. Бейнебаян көру. ("Бәрі есімде" бағдарламасынан)
А) Нұрғиса жайлы музыка зеттеушісі Жарқын Шәкәрім сыр шертеді.00:53-01:43
Ә) Нұрғиса - дүлдүл орындаушы, күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы.13:44- 14:30
4. Ән үйрену. «Әке туралы жыр» сөзі:М.Шаханов, әні: Н.Тілендиев.
5. Нота сауаты. Ноталық жазуды қысқарту белгілері.
Реприза - қайталау белгісі. Бұл белгілер қойылған шығармадағы аралық екі рет орындалады.
Вольта - соңғы тактілердің өзгертетін кезінде қойылатын белгі.
6.Дәптермен жұмыс.
Ү. Жаңа сабақты бекіту. дарын композитор
1. Топтастыру.
суреткер НҰРҒИСА дирижер
орындаушы
2.Венн диаграммасы. « Әке туралы жыр» , «Қазақ вальсі»
ҮІ. Қорытындылау.
1. Нұрғиса бәйтерегі.
Тамыры - халық музыкасы, тума талант, біртуар дарын, сұңғыла суреткер.Діңі - өзі: халық музыкасы мен кәсіби музыканы жалғастырушы, бұтағы -шығармалары.
2. Бейнебаян.

Ү. Үйге тапсырма.
1. Тақырыпты оқу.
2. Н.Тілендиев - зерттеп келу.
3. «Әке туралы жыр» әнін жаттау.
ҮІІ.Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал