- Учителю
- Презентация Түзетім кабинетіндегі саз мұғалімінің атқаратын жұмыстары
Презентация Түзетім кабинетіндегі саз мұғалімінің атқаратын жұмыстары
Жасы: 7-18 жас
Дерртемесі: ЖСТБ 1 деңгей
Айы: наурыз
Аптасы: 4
Күні: 26-28 наурыз
Сабақтың тақырыбы: Наурыз
Сабақтың мақсаты: Баларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт-дәстүрмен таныстыру, мерекені музыкамен байланыстыру. Наурыз, наурызкөже туралы түсінік беру
Міндеті:
Білімділік: Көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, наурыз айындағы мерекелер, ұлыстың ұлы күні, жыл туралы тақпақтар, қазақша әуенге би қимылдары
Тәрбиелілік: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру
Көрнекілігі: наурыз мерекесі бейнеленген суреттер
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: өнер, шығармашылық
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Балармен сәлемдесу
-
Баланың сабаққа деген жағымды эмоциясын қалыптастыру
-
Оқу құралдарын түгендеу
-
Алдыңғы сабақты қайталау
-
Сабақтың мазмұны
Жыл мезгілдерін еске түсіру, көктем мезгіліне тоқталу. Мезгілдік жылдық өзгерістер. Наурыз мерекесі туралы сурет бойынша әңгіме. Наурыз - жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Наурыз мерекесіне жеті түрлі дәм қосылып наурызкөже дайындалады. Жұрт бір-бірімен көрісіп, мерекесімен құттықтайды. Алтыбақан құрылып, ән салынады, би биленеді.
Би қимылдарын үйрену: «Қаражорға»
Ән үйрену: «Наурыз» ( А. Досмағамбет, Ж, Мұхамеджанов)
Ойын: «Сылдырмақтар» көз байланып, сылдырмақ даусына ереді
-
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайық.
Екі қолды көтеріп
Белімізге қояйық
Оңға солға қозғалып
Алақанды жаяйық
Сабақты бекіту
-
Наурыз туралы не білесіңдер?
-
Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
-
Үй тапсырмасы
</<font face="Times New Roman, serif">Жаттау: Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы аө мол болар
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар!
Сабақты қорытындылау
-
Бүгін қандай сабақ өттік?
-
Сабақ кезінде не істедік?
Күтілетін нәтиже: Наурыз мерекесі туралы, ұлттық салт-дәстүр туралы түсініктерін қалыптастыру