Тақырыбы: Тәуелсіздік - аңсар әнім!..... Кештің мақсаты: 1.Егемендіктің мәнін түсіндіру. 2.Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу. 3.Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Кештің көрнекіліктері: Желтоқсан жұлдыздары - Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанованың суреттері. Кештің жоспары: 1.«Тәуелсіздік - аңсар әнім!!!» әдеби-музыкалық кеші. 2.Сахынада Құрманғазының «Адай» атты күйі орындалады (екі жүргізуші ортаға шығады). Кештің барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 70 жыл бойы құлдырауға айналған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.Жанар таулар бұғып жатып бір күнде атылды.Сол сияқты 1986 жылы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді.Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. 2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да қайырлы болсын!Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық (орындарынан тұрады). 1-жүргізуші: Тәуелсіздік алғанымызға мінекей 24 жыл болды. «Тәуелсіздік» - деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Желтоқсан - жеңіс желтоқсан - ұлы жаңалық, Нохат деп оны нәубетке қойған саналық Жәнібек, Бұхар, Абылайдан қалған бар болсын. Азаттық! Елдік! Даналық! 2-жүргізуші: Рас, досым, 86 есімде, 16 - желтоқсанның кешінде, Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға, Шындық үшін «Тар жол тайғақ кешуге» Біз Отанды қаралауға бармадық. Сол үшін де қолға қару алмадық Қайта қолда қаруымыз сөз болып, Біз Отанды әділетті қорғадық. Желтоқсан айы естесің Дауыл боп бұрқап ескенсің Азаттық күйі қашаннан Көкейін елдің тескенсің. 1-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздіккке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Ата - бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 2-жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанованың өздері өлсе де, олардың отансүйгіштігі, ерен ерлігі ешқашанда өлмек емес, бізбен, біздің ұрпағымызбен мәңгі сақталмақ. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бұны бізге ешкімде аяп бермеді. Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың, Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.
Видео фильм «Желтоқсан желі әні»
Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып 1-жүргізуші:Алматыдағы болған желтоқсан оқиғасының жаңғырығы алыс жатқан Алтайға да жеткен еді. Өскемен қаласының көкірегі ояу студенттерді де Ушанов алаңына қарай сап түзеп, өлең айтып шеру тартқан. Солардың арасында небәрі 16 жастағы өжет қыз Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова да бар еді.
Көрініс: «Желтоқсан оқиғасындағы Сабира Мухамеджанованың өмірінен үзінді»
3-4 сыныбы оқушылар әдеби монтажы
1-жүргізуші: Қолымызда Тәуелсіздіктің көк туы, елтаңбамыз да бар, халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз бар. 2-жүргізуші: Көк байрақтың астында көпұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған тұңғыш елбасмыз Н.Ә.Назарбаев «Нені де болса елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» - деді. 24жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 1991 жыл. 16 желтоқсан.Бұл күн -біздің тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн.Еліміздің егемендігінің іргесін қалауда өзінің жанын құрбан етуге дейін барған адамдар қаншама? Кезінде айтқызбағанымен су бетіне қалқып шыққан көбіктей, шындықтың да шыңырауда жатпасы хақ. Желтоқсан оқиғалары - ұлт тарихында өшпес ізі қалған оқиға. Сол кезді қазір ауызбен айтуға жеңіл болғанмен ақылмен ойлап, саналы түрде терең түсінген адамға оңай емес. Егемен болмай - ел болмас, Етек - жеңі тең болмас. Терезесі тең болмас, Енді қазақ кем болмас. 1-жүргізуші: Ал енді осы әдеби кешті қорытындылау үшін бірнеше сауалдар қоялық. Сұрақтар: 1.Қазақстан қандай мемлекет? 2.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата. 3.Қазақстанның мемлекеттік тілі. 4.Қазақстанның елордасы қай қала? 5.16 - желтоқсанда қандай мерекені атап өтеміз? 1-жүргізуші: Осыменен, Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-музыкалық кешіміз аяқталды.Сау-саламатта болыңыздар. |