7


Ашык сабак 'Бесік жыры'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Cабақтың тақырыбы: «Бесік жыры»

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы , алтын тіреу діңгегі - бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.

Пәнге қызығушылығын арттыру. Салт - дәстүрді құрметтеуге , адамгершілікке , мейірімділікке , тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары.

. Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 2. қорытындылау

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Қызығушылығын ояту

2.Ой қозғау.

3.Қорытындылау.

4 Жаңа материалмен жұмыс.

5.Сергіту сәті.

6. Ой - қиял .Топпен жұмыс.

7. Қорытындылау

. ІV. Сабақты қорыту V. Үйге тапсырма. VI. Бағалау. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт. Сабақтың мақсатымен және өтілу барысымен таныстыру. Топқа бөліп , топ басшыларын сайлау. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Жаздыгүн шілде болғанда» бөлімін қайталау. 1.Оқушылар жаттаған өлеңдерін оқиды. 2.Әр топ бір - біріне сұрақ қояды. - Абай ата жырлаған жаздың шілде айы қандай екен? - Шыбынсыз жаз бола ма ? - Жануарларға жаз қалай әсер етеді? - Ауыл кеші туралы не айтасың? - Таңның атуы, күннің батуын суретте. 3.Қорытындылау. -Бүгінгі кезде шұрайлы жерлерге ел малдарын жайып семіртеді. Семіз мал етті, сүтті, жүнді көп береді. Сондықтан малға шұрайлы жерді аялап күту керек. Ол- әрбір азаматтың борышы. ІІІ.Жаңа сабақ. 1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу. Сәбиге сәнді үй Анаға ән - күй. (Бесік) 2. Ой қозғау - Бесік деген не? Бесік неден жасалған? - Бесікке жатқан бала бар ма? - Бесікке байланысты қандай салт - дәстүрлерді білесіндер? Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, түсау кесу туралы ойларын тыңдау. 3. Қорытындылау. - Бесік- бабамыздан қалған киелі мүлік. Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша , қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді. Бесікке салуды көрсету. ( фильмнен үзінді ) 4.Жаңа материалмен жұмыс. - Балалар, «Сарқылмас қазына» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары , ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан - ұрпаққа , атадан - балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім- кешегінен бастап , үй жиһаздары, ата - кәсіп құрал - саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған. Басты мұралардың бірі - «Бесік жыры». 1) Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту. 2) Сөздік жұмыс: Құндыз - өзен, көлде тіршілік ететін терісі бағалы аң, құндыз терісінен тігілген сәнді, әрі жылтылдақ жағаға теңеу. Шешен -сөзге ағып тұрған шебер. Тілге жүйрік адам. Құрағым - көл , су жиегіне жайқалып өсетін жас шөпке теңеу. 3) Мазмұнын талдау - Осы бесік жырын айтып отырған ананың көңілі қандай? - Бесік жырын не үшін айтады? - «Көп қиыннан өтерсің» жолының мағынасын түсіндіріп көр. 4) Топқа тапсырма: I - Өлеңнен анасының баласын қалай жұбататынын тап. II - Баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді? III- Өлеңде айтылған мамандық түрлерін ата. 5) қорытындылау - Анасы баласының кім болуын қалайды? Ана тілегі:Ғалым,Батыр, Жігіт, Балуан, Шешен, Ұста - Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен- сазсыз мәні де, сәні де болмайды. Ендеше, «Бесік жырын» айтып көрейік. 5.Сергіту сәті: «Бесік жыры» (қимылға салып, орындау). Әлди, әлди бөпем- ай, Әлди әнге салам- ай. Әлди әнге мен салсам, Бөпем ұйықтап қала ма. 6.Ой - қиял . Топпен жұмыс. Тапсырма: Жағдаяттарды талда. І топ . «Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі» ІІ топ. «Мен бесікке салуға қарсымын». ІІІ топ. «Мен бесікті қалаймын». 7. Топ жұмысын қорытындылау. Ырым- тыйым сөздер: Бос бесікті тербетпе. Бесікті бір қолмен көтерме Бесікті ашық қалдырма Ана, бала туралы мақал -мәтелдер IV. Сабақты қорытындылау. - Сабақ ұнады ма? - «Бесік жырын» кім жазған? - Бүгінгі сабақтан не алдың? - Әрбір ана баласының адам болғанын қалайды, сол ананың тілегі орындалсын деп , «Тілек шоғын» жолдайық. Балалардың тілегі. V. Үйге тапсырма : «Бесік жырын» жаттау, эссе. VI Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал