7


  • Учителю
  • Ауылдағы той ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Ауылдағы той ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

технологиялық картасы





Мерзімі: 11,16,18.05.2016

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:«Музыка»

Тақырыбы:«Ауылдағы той»

Мақсаты: дыбыс биіктігі мен тембрін ажарата білу.Музыкалық шығармалардың сезімдік мазмұнын, сипатын ажаратуға уйрету. Мәтінін бұзбай дұрыс сезіне айтуға үйрету. Ойын арқылы балалардың эмоциясын ояту.

Көрнекілік: ұрмалы музыкалық аспаптар, аттың басы бейнеленген ойыншық таяқша-ат.

Сөздік жұмыс: Күй, той.Мотивациялық-қозғаушылық















Балаларды көңілді «Кеңес» күйі мен қарсы алады. Ауылға тойға баратынын айтады. Балалларға шеңбер бойымен жүруді айтады. Ұлдарға ат беріп, қыздардың қолына асатаяқ ұстатылады. «Колхоздағы той» (Е.Брусиловский) әуеніне

Қыздарға ойнап, ұлдарға «атпен» шабуды ұсынылады. Әуен екінші рет ойналғанда ұлдарға отырып, қол шапалақтау ұсынылады. Қыздарға асатаяқпен би қимылдарын жасатады.





Балалар тізбектеліп, көңілді күй мен залға келеді.

















Музыка ырғағымен қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды отырады.

-балалар, тойымызға сән беретін әндер мен күйлерді тыңдауға шақырады.

Музыка тыңдау: «Айжан қыз» (Құрманғазы), «Қамажай», «Хайләйлім» әуендері (үнтаспада) орындалады.

Әуендердің түрлісипаттарын ажаратуға уйрету.



Дауыс жаттығулары: «Домбыра үні» айтылып, дұрыс тыныс алуға үйрету.



Дауысымыз ашылдып,

Бұлбылдайсайраймыз.

Көңілді ән айтып,

Жадырап жайнаймыз.



Ән үйрету:«Домбыра»

(Ж.Тұрсынбаев, А.Асылбек) әнін қайталау.



Жетекші ән ән мазмұнын түсіндіріп, көңілді ырғақты сезінулеріне ықпал етеді.

-Тойымызды қызықты ойындар мен жалғастырайық-деп ойынға шақырады.

Ойын: «Тақия тастамақ», «Киіз үй»

ойындары ұйымдастырылады.



Балалар өздері ұнататын билерін таңдап, өз қалаулары бойынша билеуге ерік береді.

Би: «Асатаяқпен би», «Кел, билнйік» билері қайталанады

Қалаған аспаптарын тандап алып, ұлттық аспаптардан өз оркестырын құрап «Еркем-ай» әнінің әуенін ойнайды.

Балалар жайғасып отырады, музыканы тыңдайды.









Әуендердің түрлі сипаттарын ажаратуға тырысады.







«Дығы-дығы -дығыдың» буындарын анық, әуенімен айтуға тырысады.









Бір рет қайталап, дауыстарын ашады, еркін әндетеді.

















Ойынды қызығушылықпен ойнады.











Әуен ырғағымен аспаптардың өз ретімен ойнауға тырысады.

Рефлексивті- түзетушілік

Қорытынды:

-Балалар, бүгін біз қандай ән, күй тыңдадық?

-Кімге қандай ән ұнайды?

-Кімге қандай аспаптар ұнады?

-Қандай билер биледіндер?

Тойға барып , өз өнерлерінді көрсеттіндер.

Балаларға педагогикалық баға береді

Рефлексия:

Бүгінгі күн көңілдерінен шықса, тақтадағы қызыл гүл жапсыруды, көңілдерінен шықпаса көк гүлдер жапсыруды ұсынады.



Балалардың еркін жауабы.





















Өз таңдауларын жасайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді хормен мәнерлеп айтуды. Музыкалық шығармаларды сезінуді, сипатын ажыратуды,әнді сезіне айтуды. Сипатын ажыратуды.

Игереді: ұрмалы ұлттық музыкалық аспаптардың үндестігін тыңдап, бірігіп оркестрде ойнауды.

Меңгереді: ауыспалы әуенге сай би қимылдарын көрсетуді, әнді сипатына, көңіл күйіне сәйкес орындауды.





Жетекші: Қаратаева А.Қ

Тексерді:___________

































Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

технологиялық картасы





</ Мерзімі: 20,25,27.05.2016

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:«Музыка»

Тақырыбы:«Біздің оркестр»

Мақсаты: шығарманы зейін қойып тыңдауға, аспап дыбыстарын ажырата білуге, ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру. Оркестр туралы мағлұмат беріп, аспаптарда ойнау тәсілін үйрету, шығармашылыққа баулу.

Көрнекілік: оркестр, дирижер суреттері, ұлттық музыкалық аспаптар.

Сөздік жұмыс: дирижер, оркестр, концертМотивациялық-қозғаушылық















Балаларға «Қазақ маршы» (Е.Затаевич) әуеніне шеңбер бойымен жүруді ұсынады. Шеңберден шықпай тізбектеле жүруін, тұлғаларын түзу ұстап, бастарын көтеріп жүрулерін қадағалайды.

Асығып жүгіріп, саспайық,

Көңілді жаттығуларды бастайық!

«Жаттығу» (А.Райымқұлова, А.Асылбек) әуеніне шеңбер бойымен тұрып, ән мәтініне сай аяқ топылдатуды, өол шапалақтауды көрсетіп, үйретеді.

Балаларды екі топқа бөліп, кезекпен жаттығуды орындауды ұсынады.





Балалар тізбектеле, шеңбер бойымен, әуен екпінімен жүреді. Бастарын көтеріп, аяқтарын нық басады.

Балалар шеңбер құрып тұрады.

Жаттығу көрсеткендер-ішкі шеңберге, шапалақтап тұратындар - сыртқы шеңберге тұрады.

Ырғақты сезіне қол шапалақтайды, аяқ топылдатады.

Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларға оркестрдің суретін көрсетіп, әртүрлі аспаптар туралы түсінік береді. Балалардан таныс аспаптарын атап, көрсетулерін сұрайды. Барлық аспаптардың қосылып, үндесіп, әсем әуен шығаратынын жеткізеді. Дирижердің суретін көрсетіп, атқаратын қызметі туралы ұғындырады.

Бірнеше оркестр суретін көрсетіп, мәлімет береді.

Музыка тыңдау: «Сарыарқа» күйін («Құрманғазы» оркестрінің орындауында) үнтаспадан тыңдатады. Күйді сезіне тыңдап, әңгімелеулерін сұрайды.

  • Балалар, әнді әдемі айту үшін, дауысымыз жарқын шығу үшін не істейміз?

Дауыс жаттығуы:

«Керней» (Д.Ботбаев, А.Асылбек) айтылып, «та-ра» буындарын анық айту үшін бірнеше рет қайталатады.

Біз өнерпаз баламыз

Бізде билей аламыз.

Аспаптарда ойнаймыз,

Әнде шырқап саламыз!

Ән үйрену: «Біздің оркестр» әнін балаларға орындап береді. Әнді зейін қойып тыңдатып, не туралы айтылатынын сұрайды. Әннің бірінші шумағын орындап, балаларға қосылып айтуды ұсынады.

Әуенді - дидактикалық ойын: «Сырнай мен даңғыра». Ойын шартын түсіндіреді. Балалардың имитация түрінде аспаптарда ойнау қимылын бірге көрсетулерін сұрайды, әнді ырғағымен, әндете айтуларын қадағалап ескертеді.

Суретке қарап оркестр, дирижер туралы түсінік алады.

Таныс аспаптарды атап, суреттен көрсетеді.

















Күйді тыңдап, әсерленіп, көңіл күйлері көтеріледі.













Дауыс жаттығуын әндете, дауыстап айтуға талпынады.

«Р» әрпін анық айтуға, дұрыс тыныс алуға тырысады.





Көңілді әнге еліктеп, аспаптар атын бірге әндетеді.









Әннің мазмұнын түсініп, жеткізе білуге әрекеттенеді. Балалар ойынға белсене араласады. Әннің әуенін дәл келтіріп, аспаптарда ойнауды имитация арқылы көрсетеді.

Рефлексивті- түзетушілік

«Еркем-ай» әнін оркестрде ойнауды ұсынып, балаларға өздері қалаған аспаптарын таңдауға мүмкіндік береді.

  • Оркестрда қандай аспаптар ойнайды?

  • Дирижер деген кім?

  • Біздің оркестрімізде қандай аспаптар бар?

  • Жаңа әннің сипаты, екпіні қандай? Сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекітеді. Балаларды мадақтайды. Үйге қатты қағазға домбыра суретін салып, қиып әкелуді ұсынады.

Балалар аспаптар таңдап алып, әннің ырғағымен өз партияларын орындайды. Сқрақтарға толық жауап береді. Концерт, теледидардан көрген, тыңдаған оркестрлерң туралы әңгімелейді.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық ұрмалы аспаптар түрін, дыбысын ажырата білуді, ән ырғағын сезінуді.

Игереді: аспаптарда еркін ойнап,үндестікті сезінуді және өз шығармашылықтарын көрсетуді.

Меңгереді: оркестр, дирижер туралы білімді.





Жетекші: Қаратаева А.Қ

Тексерді:___________







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал