- Учителю
- Аты әнге айналған Балқадиша
Аты әнге айналған Балқадиша
3 сынып
</ Сабақтың тақырыбы: Аты әнге айналған Балқадиша.
« Балалық шақ» А. Маханбетова.
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерту.
1.Жаңа сабақты оқушыларға түсіндіре отырып, сабақтың мәнін ашу, алған музыкалық білімдерін жетілдіру. Үйретілген әнді қайталай отырып, жалғастырып үйрету.
2.Оқушыларды әдемілікке, сұлулыққа, сыпайылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке және имандылыққа тәрбиелеу.
3.Жаңа әнді тыңдай отырып, балалардың тыңдау, есту, есте сақтау сақтау қабылеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі. Әңгімелесу, сұрақ - жауап, үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, оқулық, аспап.
І. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;
ә) оқу - құралдарын даярлату, тексеру;
б) назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Ақан серінің шын аты кім?
-Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?
-Құлагердің мінезі қандай екен?
-Бәйгеге қанша ат қосылып еді?
-Құлагердің жүрісіне арнап Ақан сері қандай ән шығарған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Аты әнге айналған Балқадиша
Ақан серінің жас кезінде шығарған әнінің бірі « Балқадиша». Ақан серінің есімі елге кең таралып, ойын - тойдың көркіне айналады. Қасына өнерлі жігіттерді ертіп ел аралап, ән салады. Осындай бір сапарында Ақан сері Ыбырайдың Балқадиша деген қызымен танысады. Ол ақылына көркі сай Балқадишаны ұнатып қалады. Кеш бата қыз - бозбалалардың ойын - сауығы басталады. Ақан сері Балқадишамен қатар отырып сырласады. Ойын - сауық аяқтала бере Балқадишаны алып кетуге екі жеңгесі келеді. Ақан сері Балқадишаны жібергісі келмейді. Бірақ оның мазасызданып тұрғанын сезген Ақан сері қолына домбырасын алып, ән шығарады.
- Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Өзенді өрлей өскен тал Қадиша.
Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша, -
деп өлеңмен қимай қоштасады.
Ақан сері Балқадишаны ұнатып қалғанымен, оған қосыла алмайды. Өйткені Балқадишаны басқаға айттырып қойған. Балқадишаның ұзатылғанын естіген Ақан сері бірнеше күн бойы нәр татпай жатып қалады. Сонда Ақан сері:
- Басынан Жыландының құлағаным,
Кекілін кер бестінің сылағаным.
Кетті деп Балқадиша естігенде,
Құшақтап құс жастықты жылағаным,
деп іштегі мұң - шерін өлеңмен шығарады. Әнді « Балқадиша» деп атайды.
Ақан серінің бұл әні қазақ даласына тарап кетеді.
Ән тыңдау
Ақан серінң « Балқадиша» әнін тыңдау.
Ақан серінің әндерін нақышына келтіріп орындаған атақты әншілер: Жүсіпбек Елебеков пен Жәнібек Кәрменов. Ақан серінің әндері диапазоны кең, жоғары дауыста шарықтап айтылатын күрделі әуендер қатарына жатады. Музыка тілімен нақтылап айтар болсақ, Ақан серінің әндерін көбінесе тенор дауыстағы әншілер орындаған.
Қазір Ақан серінің әндерін көптеген жас орындаушылар орындап келеді.
Ән үйрену: « Балалық шақ» А. Маханбетова.
IV. Сабақөты қорыту.
Неліктен Ақан сері Балқадишаны ұнатып қалады?
Ақан сері қай кезде Балқадишамен сырласып танысады?
Ақан сері Балқадишамен қалай қоштасады?
Не себепті Ақан сері Балқадишаға қосыла алмайды?
Ақан серінің осынау мұңды әні ел арасында қалай аталған
V. Үйге тапсырма.
Аты әнге айналған Балқадиша оқып түсінік айту.
«Балқадиша» және « Балалық шақ» әндерінің сөздерін жаттау.