- Учителю
- 22-наурызға арналған сценарий конспектісі
22-наурызға арналған сценарий конспектісі
«Балдәурен» мектепке дейінгі
дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК.
Тақырыбы: «Армысың әз - Наурыз»
(22 Наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған
жалпы сценарий конспекті)
Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы
білімдерін тереңдету. Балалардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу,
би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Балаларды елін
сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізушілер: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Және
Нағима Темірбекқызы Тобашева
Қатысушылар барлық 4 ауыл.
Зал мерекеге сай безендірілген.
Барлық қатысушылар қазақы ұлттық киімде болады.
Экраннан фон болып 22 Наурыз туралы видео ойнап тұрады.
Фанфар ойнатылғаннан кейін жүргізушілер ортаға шығып,
«Көңіл толқыны» күйінің әуенімен
жүргізуші өз сөзін бастайды.
Кіріспе:
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, қадірлі қонақтар!
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты
болсын!
Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам.
Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген
халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Құттықтау сөз кезегі.. меңгерушіміз Мая Асқарқызына беріледі.
Жүргізуші: «Наурыз» сөзі - біріншіден, «жаңа күн», дегенді
білдіреді,
екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам,
үшіншіден, ай аты.
Алдарыңызда қазақтың ұлттық айтыс өнерімен
Томирис пен Жаскенді қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Барлық бастаманы, ұлы істі ырымдап халық осы күні
бастаған.
Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні» деп атаған.
Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы,
өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін
күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында
балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып.
Жылдам күй әуенімен есік жақтан бір ер бала атпен шауып қолында қамшысы бар, алақай Наурыз мерекесі басталды, алақай, алақай деп шығып кетеді.
Жүргізуші: Ертеде «Қыдыр ата» Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні
келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені
туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы
алуға дайындалыпты. Теңдессіз сыйдан жануарлар да, адамдар да құр
қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Сонда ұйықтап
қалмас үшін, жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған екен.
Назарларыңызға «Гүлдер» ауылының ұйқыашар ән - шашуларын қарсы алыңыздар.
«Дәстүрлер - ай» және «Наурыз всех приглашает»
Гүлдер ауылы бізге жай келген жоқ, бізге ұлттық
«Әтеш» ойынын ала келіпті.
Жүргізуші: Ал, ұлдар қыздарға жауап ретінде қонаққа келгенде «Селт
еткізер» сыйлаған екен. Ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді. Бұл
жерде ән айтылып, өлең жырланып, ойындар ойналған екен.
Алдарыңызда Балапан ауылының селт еткізер ән - шашуын қабыл
алыңыздар.
«Наурыз біздің - әніміз» және «Ән шашу» әнін айтады.
Балапан ауылы бізге жай келген жоқ ол, «Арқан тартыс» ойынын ала келіпті.
Жүргізуші: Түнімен дайындалған ел күнді қарсы
алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл - Қыдыр ата
үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек.
Алдарыңызда төс қағыстырып амандасу салтын тамашалаңыздар.
(Асылбек) Ұл: Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,
Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.
ұл мен қыз төс қағыстырып амандасуды көрсетеді.
Жүргізуші: Деп атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап,
амандасып көріскен екен./ Асылбек пен төс қағыстырып амандасуды
көрсетті./ аса қадірменді қонақтар, балалар, қанеки біз де
құшақтасып көрісіп көрейікші.
Осы жерде наурыз бата берілген.
Біздің «Балдәурен» орталығы бойынша,
біз Серік ағайдан «Наурыз батасын» Сұраймыз.
Жүргізуші: Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің
берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған.
Бүгінгі мерекемізге өздерінің ән шашуларымен келіп отырған Ботақан
ауылын қарсы алайық.
«Наурыз келді қалама» және «Наурыз біздің жаңа жыл» әндерін айтып береді.
Ботақан ауылы бізге «Қыз қуу» ойынын алып келіпті.
Жүргізуші: - Бұл күні үйленбегендер жанұя құрып, сәбилер дүниеге
келсе, шілдехана жасап, қадам басса, тұсау кесіп жатады.
Әрине, бүгінгідей тамаша ән - шашуларымен Құлпынай ауылы да келіп қалыпты.
«Құтты болсын халайық» және «Кел көктем» әндерін айтып береді.
Құлпынай ауылы бізге «Қол күрес» ойынын тарту
еткісі келіп отыр.
Жүргізуші: Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Іріктелініп алынған балалар «Жар - жар» әнін айтады.
Сол іріктелініп алынған балалар «Дастархан» әнін айтып, барлығы жалпы суретке түсіп, дастархан басына отырады.
Осы тамаша әндерден кейін сіздерді мерекелік дастарханға шақырамыз.
Келесі кездескенше аман болыңыздар.