- Учителю
- Сабақ жоспары Күй құдіреті(2 сынып)
Сабақ жоспары Күй құдіреті(2 сынып)
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күйші композиторлардың күйлерімен таныса отырып, күйлерінің шығу тарихын, құдіреттілігін түсіне, сезіне білу. Динаның «Қарақасқа ат» күйімен танысу.
Дамытушылық: Домбыра ойнаудағы шеберлігін шыңдау.
Тәрбиелік: Сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай, адамгершілігі мол жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. «Сырлы саз» күй сандығы 4 қақпа арқылы өтіледі.
3. Аспапта: Халық күйі «Келіншек» саға буыны.
1. Сәлемдесу ( әуенмен)
Бүгінгі сабағымыз «Сырлы саз» күй сандығы арқылы өтеді. Әр қақпа ашылу үшін сұрақтар мен тапсырмаларды орындау керек.
1- қақпа
Қарағайдың түбінен,
Қайырып алған қобызым.
Үйенкенің түбінен,
Үйіріп алған қобызым.
Желмаяның терісін,
Шанақ қылған қобызым.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған қобызым, ...
Осы өлең жолдарда қандай аспап жайлы айтылып тұр, ол аспапты жасаған кім?
(оқушылар жауабы) 1-қақпа ашылады «Қорқыт»
Сұрақтар: 1. Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?
2. Күйлерін үн таспада тыңдап ажырату. («Қорқыт», «Башпай», «Ұшардың ұлуы»)
2 - қақпа.
Өмір бойы теңсіздікпен, байлардың жасаған зорлық - зомбылығымен күресіп.
Сол кездегі Ресей патшалығының қазақ даласын басып алу саясатына қарсы тұрып
бас көтерген күй атасы кім? «Құрманғазы»
Сұрақтар: 1. Қандай күйлерін білесіңдер?
-
Күйлерін тыңдап күйдің атын, шығу тарихын айту.
( «Аман бол, шешем, аман бол», « Түрмеден қашқан», «Қызыл қайың»)
3 - қақпа.
Үсен төремен танысып, күй ойнаған қай күйші ?( көрініс арқылы кім екенін табу). «Қазанғап»
Сұрақтар: 1. Күйші қай ғасырда өмір сүрген?
2. Шығармаларын ата?
3. «Шынаяқ тастар» күйін кімге арнаған?
4 - қақпа.
Он жасында керемет күйші атанған,
Өнер сүйер қауымды тамсандырған.
Бекетай құмы деген асыл жерге,
Құрманғазы күйші әдейі іздеп кімге барған?
Атақты күйшілерден бата алған,
Із басар атағына ие болған.
Талай, талай күйлерімен таң қалдырған,
Өнер атты ұлы жолда із қалдырған.
Бұл өлең жолдарда кім жайлы айтылған? «Дина».
Сұрақ: 1. Динаның ұстазы кім?
Динаның «Қарақасқа ат» күйімен танысу.( үн таспада тыңдау.)
Домбыра аспапта: «Келіншек» күйінің саға буынын үйрену.
Ойнау: Халық әндері «Еркем-ай», «Қалаулым».
Қорытынды: Не білдік, не үйрендік? (Оқушылар жауабы)
Бағалау.
Үй тапсырмасы:
Күйдің мазмұнын айту, домбырада үйренген буынды жаттау.