- Учителю
- Дина Нұрпейісова күйлеріндегі ауыспалы өлшемдер.
Дина Нұрпейісова күйлеріндегі ауыспалы өлшемдер.
Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова күйлеріндегі ауыспалы өлшемдер.
Сабақтың мақсаты: Күйлерге теория жүзінде талдау жасай білуге,ауыспалы өлшемдерді ойнау кезінде күйдің мазмұның өзгерпеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,аспаптар,таблицалар.
Сабақтың әдісі: Баяндау-орындау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезені:
Үй тапсырмасын сұрау: Құранғазының Балбырауын күйін үйрену тапсырылған болатын. Күйді оқушыға айағына дейін орындату.
Жаңа сабақ: Дина Нұрпейісова күйлеріндегі ауыспа өлшемдер.
Ендеше сабағымызды бастап, күйші туралы мәлімет бере кетейін.
1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген,өнерге құмар кішкене қыз ұлы күйші Құрманғазыдан 9 жасында бата алып, өнерге бет алады.Құрманғазы, Дәулеткерей күйлерін орындай жүріп өз жанынан күй шығара бастайды. Өмірдін тауқыметімен отбасын ашаршылықтан сақтау мақсатында Ресейдің Астрахань облысна 1922 жылы қоныс аударады.Он бес жыл тұрған орны мен отбасын уақытша тастап,1937 жылы Ахмет Жұбановтың шақыртуымен, домбырашы Смағұл Көшекбаевқа ілесіп, Алматыға келеді.Байқауларға қатысып жүлдегер атанады.Өмірдің қиыншылығын бастан кешірген ұлы үйші,1955 жылы дүниеден озады.Бүгінде екі жолдасынан тараған Нүрпейісовтер әулетінен тараған бірнеше немерелері, жиендері бар.Дина апамыздың өнері мәнгі жасап келеді.
Күй атасы Құрманғазы,күй анасы Дина десек, өзің орындап жүрген, естіген күйлерінді атап көрші?
Оқушы: - Орындап үйренген күйім -«Тойбастар», «Әсемқоңыр».
Мұғалім: - Дина анамыздың күйлері өте көп. Солардың бірі -бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болып отырған Дина күйлеріндегі ауыспалы өлшемдер.
Дина күйлерінің құрлысы, ырғақтық өлшемдік формалары өте күрделі,сондықтан ансамбльде, оркестірде ойнау қиындық тудырады. Динаның «Тойбастар», «Әсемқоңыр» күйлері жиі, «Өттін даурен» , «Он алтыншы жыл», «Науысқы күйлері» оркестірде сирек орындалады.
Сергіту сәті:
-
Қолымызды жаттықтырып, ойымызды сергітіп, сенің екінші сыныпта үйренген күйлеріннің бірі «Тойбастарды» орындап көрейік. Енді Дина күйлеріндегі ауыспалы өлшемдерге тоқталайық.
Өлшем дегеніміз: - такт ішіндегі үлестердін жалпы саның нота ұзақтықтарымен белгілеп жазу.Ол екі бөлшек санымен беріледі, үстінгісі-үлес саны, астынғысы- әр үлестін ұзақтығын көрсетеді.
Оқушыға тапсырма: - Динаның «Көгентүп» күйінде өлшемдерге сараптама жасау.
/2/4 он екі такт/ , /4/4 бір такт /,/6/4 бір такт, /4/4 бір такт/ ,/4/6 бір такт/ , /4/4 бес такт/ ,4/8 бір такт/ , әрі қарай осы өлшемдердің ауысып келуімен жалғасады.
Күйді орындап оқушыға тыңдатамын да, басынан бастап оқушының өзіне нотаны бірден оқуға үйретемін.
Сараптамадан өлшеменің өте жиі ауысатынын көреміз. Егер орындаушы автордың күйінің өлшемдік өзгерісін сақтамай орындаса, күйдің құрылымы, мазмұны тіптен өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, орындаушы алдымен, теориялық талдау жасап алуы тиіс. Тағы бір күйге талдау жасап, ауыспалы өлшем туралы білімімізді бекітеміз. Дина - «Партия» туралы күй . /6/8 жиырма жеті такт /, /3/4 он такт/ , /2/4 екі такт/ , /3/4 бір такт /, /2/4/. Осы ауыспалы өлшемдерді сақтай отыры, күй тыңдадық.
Бас буын 6/8 өлшемімен марш екпінінде орындалып келіп, ортаңғы буында, сағада 2/4,3/4 өлшем дерімен төрттік, жартылық ноталарға ауысып кетеді.
Қайтадан бас буынның өлшеміне түседі.
Сұрақ: -Неліктен 6/ 8 өлшемі тұрақты болмай ,ортаңғы, негізгі буынғы келгенде, 2/4, ¾ өлшемдеріне ауысуы мүмкін?
Жауап нұсқаулары:
1.-Орындаушының жеткізуінен өзгеріске түсуі.
2.-Оркестрге лайықтағанда ішекті, ыспалы аспаптарға үндестік болуы үшін буындарға тремоло штрихын қосуы.
Оқушы жауап нұсқасын тандайды.
Қортынды
Дина Нұрпейісова - он тоғызыншы, жиырмашысыншы ғасырдың күйшісі. Табиғатынан талантты, күй атасының батасын алған, өз жанынан мың құбылған күй шығарған Дина шешеміздің күйлері құрылысының күрделі болмауы мүмкін емес. Құстың үнін, бұлбұлдың сайрауын қыз баланың болашақ жарқын өміріне теңеп «Бұлбұл», өрістен қайтқан малдың мөңіреген дауысын салып «Сауыншы», Ташкентке өнер көрсете барып, өзбек халқының ақына арнап, өзбек ырғақты «Науысқы» күйлерін шығаруы - формаға сыймайтын, еш бүкпесіз ішкі жан дүние әуені. Дина домбырасының қоңыр үні, төменгі бұрауға келтірілетін ешкі ішегінен жасалған домбыра, ұстаздың өз қолымен аманаттаған қара домбырасы, міне осы жиынтықтан екі ғасырға жуықтаса да, өз құндылығын жоймаған күйлер туды. Әр орындаушы өзінше көркемдеп, өзінше екпін беріп, өзінің мінезін домбыраға салуы мүмкін. Дина Нұрпейісова күйлері мұндай ауытқушылықтарды көтермейді. Ендеше, алдына отырғызып, күй үйреткен ұлы күйшінің осы күнге шебер орындаушылар арқылы жеткен, хатталған күйлерін тек сауатты талдаумен, сауатты орындайық.