- Учителю
- Тақырып: «Күй пернесі адам өмірінен сыр шертеді»
Тақырып: «Күй пернесі адам өмірінен сыр шертеді»
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебінің
музыка пәні мұғалімі
Темирханова Шынар Сеитовна
Тақырып: «Күй пернесі адам өмірінен сыр шертеді»
2 сынып, музыка пәні оқулықтың авторлары: А. И. Райымбергенов С.Ш. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
Мақсаты: Құрманғазы күйлері арқылы оқушылардың туған елге, жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Құрманғазы Сағырбаевтің портрет суреті, күйлері туралы жасалған слайдтар, күйлерге байланысты суреттер, ою-өрнек суреттері, домбыра аспабы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: қалам, дәптер, оқулық,
Жаңа тақырып: Қайталау сабақ
Сабақтың түрі: сайыс
Интерактивті тақтада Құрманғазының портрет суреті көрсетіледі. Мұғалімнің кіріспе сөзі... /5 минут беріледі/ - Оқушылар, тақтадағы суретте кім? - Құрманғазы Сағырбаев. - Дұрыс. Ал, Құрманғазы кім болған? - Құрманғазы-күй атасы. Ол күйші, композитор болған. - Ал, күй дегеніміз не? - Күйдің сөзі жоқ, аспапта ойналатын күрделі шығарма... - Дұрыс. Ендеше, бүгінгі сабағымыз Құрманғазы атамыздың шығармашылығына арналады. Біз сендермен 1 тоқсан бойынша Құрманғазы күйлерінің шығу тарихымен танысқан болатынбыз. Сондықтан өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында бүгін бізде қайталау сайыс сабағы. Қазір топқа бөліну үшін үстелде жатқан сөздер жазылған бірнеше қағаздарды әркім бір-бірден таңдап аласыңдар. /балалар бір-бір қағаздан алады.../ - Енді балалар, кімге күйші, кімге композитор, кімге домбыра, кімге музыка деген сөздер лекті сол бойынша «Күйші» тобы, «Домбыра» тобы, «Композитор» тобы, «Музыка» тобы болып бірыңғай отырасыңдар/ Әр топ өз орындарына жайғасады.../ - Сайысымызды бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерін сайлап алайық: /3 ұстаз әділқазы мүшелеріне сайланып, таныстырылады.../ - Балалар, бүгінгі сайыс сабағымыз 4 кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, 1-ші кезең: «Ойлан да тап»
2-ші кезең: «Жүзден жүйрік»
3-ші кезең: «Өз біліміңді тексер!»
4-ші кезең: «Кім жылдам?» /тақтада слайдпен көрсетіледі/
- Сайысымыздың кезеңдерімен таныстық, әр сайысқа берілетін уақыт шеңберінен аспаймыз. Олай болса, сайысымыздың 1-ші кезеңін бастайық. 1-ші кезенде топтарға Құрманғазы күйлерінің суреттері беріледі. Ол күйлермен сендер таныссыңдар. /«Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Арба соққан», «Машина», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Қызыл қайың», «Бұқтым-бұқтым» күйлері/ Осы суреттерді ретпен қойып, күйдің атын жазу керек. /4 минут уақыт беріледі. Қай топ дұрыс жұмыс жасап жатқандары қадағаланады. Әділқазыларға балалардың жұмыстары беріледі, сол жұмыстары бойынша әр топ бағаланады./ Келесі 2-ші кезең «Жүзден жүйрік» сайысы. Тапсырма: Құрманғазы күйлерін ести отыра суреттерін көрсету, қимыл, сөз арқылы айту. Мысалы, «Аман бол, шешем, аман бол» күйі ойналғанда «Аман бол, шешем, аман бол» сөзін күй әуенімен айту т/б /әр топқа 1 минуттан.../
3-ші кезең: «Өз біліміңді тексер!» Сұрақтарға жауап беру. Әр топ интерактивті тақтада жазылған ұпайлар бойынша өзі таңдаған сұрақтарға жауап беру арқылы сол ұпайды алады. Бірінші кезек «Күйші» тобына беріледі. /Келесі кезекті «Домбыра», «Композитор», «Музыка» топтары алады.../ Әр топ мүшелерінің жауабына 1 минуттан беріледі/ Сұрақтар:
-
Құрманғазының ұстазы кім еді?
-
Құрманғазы қанша күй шығарды?
-
Ою-өрнектер адам өмірінде қандай қызмет атқарған?
-
Оюдың қандай түрлерін білесің?
-
«Шет ою» дегеніміз не?
-
Құрманғазының қандай күйі саған аса қатты ұнады?
-
Қандай домбыраның түрлерін білесің?
-
Қалай ойлайсың, «Келіншек» күйі кімге арналған?
Әр топ өз сұрақтарына
Соңғы 4-ші кезең: «Кім жылдам?». Әр топқа қағазда суреті салынған бірақ боялмаған бір оюдан беріледі. /тарақ, тұмарша, тышқан ізі, ботакөз оюлары/ Топта берілген ою суретін бояп, оюдың атын жазады және ол туралы қысқаша мәлімет береді /1 минут жұмысқа, 1 минут қорғауға беріледі/
Балалар, 4-ші кезеңде оюларды боядыңдар, сендердің саусақтарың қозғалыста болып жұмыс жасады. Ендеше, домбыра тартуға дайынсыңдар деп ойлаймын. Олай болса, қолымызға домбырамызды алайық. Үйге берілген «Келіншек» халық күйінің 1 бөлімін ойнайық.../ күйдің 1 бөлімі қателері түзетіліп бірнеше қайталанады... 10 минут/ Балалар домбыра ойнап болғаннан кейін мұғалім сайыс сабағын жалғастырады... - Бүгінгі сайыстың барлық тапсырмаларын әр топ жақсы орындады. Сайыс сабағымыздың бағасын беріп, қорытындысын шығару үшін әділқазы алқасына сөз береміз. /әділқазы мүшелері өз қорытындыларын шығарып, топтарды марапаттайды... 4 минут/ Әділқазы алқасына рахмет айтылып, сабақтың қорытындысы жасалады. /Жалпы қорытындыға 2 минут беріледі/
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Сонымен балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе, сендер Құрманғазы атамыздың күйлерін естіп, шығу тарихын еске түсірдіңдер. - Балалар, Құрманғазы күйші өз елінің патриоты деп айта аламыз ба?... - Оның күйлерінде туған елге, жерге деген сезім бар ма?... - Құрманғазы күйлерін есте сақтап қалдық па? Ұмытпайсыңдар деп ойлаймын. Сендер де Құрманғазы атамыз сияқты еліміздің патриоты болып өсетіндеріңе сенімдімін. Бүгінгі сабаққа барлықтарың белсене қатыстыңдар, сондықтан сендерге «5» деген баға қойылады. Балалар, бүгін барлығың да жеңімпаз болдыңдар, құттықтаймын. Осымен қайталау сайыс сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!