7


  • Учителю
  • Конкурс по национальной пении «Жырдан шашу»

Конкурс по национальной пении «Жырдан шашу»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жырдан шашу»

термешілер байқауы



Дана: Бабаң шерткен мынау асыл домбыра,

Балам саған қалдырған ғой мол мұра.

Бар болмысы құдіретіне бас иіп,

Бағаларсың,айтатыным ол мына.

Ақерке: «Бабалардың тілі,ділі - домбыра»,

Бақ пен сордың куәсі сен домбыра.

Таңыртқанқан сонау Париж аспанын,

Әміренің әнімісің домбыра.

Армысыздар қадірменді өнер сүйер қауым! Бүгінгі «Жырдан шашау» атты әнші,термешілер байқауына қош келдіңіздер!

Дана: Ән шіркін неткен ащы,неткен тәтті,

Өнерлі жан халқын талай таңырқатты.

Көмейден әсем ән жыр құйқылжыса,

Халқы да әнмен бірге ойға батты. Мектебімізде Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің ГКС-12 орта мектебі жанындағы филиалының дәстүрлі ән,терме класының оқушыларымен әнші,термешілер байқауын жылда өткізіп отыру үрдіске айналған.

Ақерке: «Өнер жұтамас байлық», деп халқымыз айтқандай терме,дәстүрлі ән класының оқушылары өнерді ерекше сүйетін жандар. Аудан,облыс Республика көлемінде түрлі байқауларда бақ сынап жүлделі орындарды иеленіп жүрген өнерлі жандар. Ендеше бүгінгі киелі сахнамызда тағы бақ сынап бәйгеден озып шығар жүйріктерді анықтау үшін келген қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Жанна Шынарбаева - Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің терме,дәстүрлі ән класының оқытушысы

  2. Гүлсім Жоламанова - домбыра -қобыз класының оқытушысы

  3. Айымгүл Сүйінова- домбыра класының оқытушысы.

Дана: Байқауда қатысушының дауыс мәнері,орындау шеберлігі, сахна мәдениеті ескеріледі. Байқау соңында қатысушылар Гран при,дипломант атагымен I,II, III орындармен, конкурсант атағымен I, II, III орындармен және алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушы сахнада бір шығармадан орындап шығады. Ендеше сіздерге сәттілік тілейміз!

Сахнада «Ақбөбек III» Республикалық байқауының дипломанты Әбдірашит Дәупеннің орындауында халық әні «Ақ Айша» қабыл алыңыздар!

Ақерке: Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі,-дейді Ахмет Жұбанов ағамыз.

Дана: Рас,Ақерке, әр заманның тарихын көз алдымызға елестетуге қазағымыздың ән-күйі арқау болады.

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген,

Сонау бір ерте кезде естіген ем.

Әредік әлдеқалай есіме алсам,

Қос басы,қою қара кешті көрем. Ән-көңілдің ажары деп халық боска айтпаған. Ән тыңдасаң көңілін жайланып,жүрегің қуанышқа толып рахат бір сезімді бастан кешіресің.

Ақерке: Дұрыс айтасың Дана,әннің кереметі әншімен көрінеді. Бір әу дері бар адам қай жерде жүрсе де жан-жағына қуаныш сыйлап жүреді.

Дана: Ия,халқына қуаныш сыйлай білген адам бақытты деп есептеймін. «Ақбөбек III» Республикалық байқауының дипломанты Сахнада Есмағанбет Мадинаның орындауында халық әні «Қарағым-ай» қабыл алыңыздар!

Ақерке: Дана, ән туралы айтқанда алдымызға жан салмай жатырмыз екеуміз де. Ал терме туралы не айтар едің?

Дана: Терме туралы да көп нәрсе айтуға болады. Терме- ақыл,нақылдан ,насихаттан туратын,екпіндете жырлағанда адамға шабыт сыйлайтын,тыңдаушыға күш беретін,бірнеше шумақтан туратын бір термеде бірнеше аталы сөздерді жеткізе білетін құдіретті күш дер едім.

Ақерке: дұрыс айтасың Дана, бір терме тыңдасаң жақсы мен жаманды айыра білуге үйренесің. Сахнада Елтежина Мадияның орындауында Бұхар жыраудың термесі «Не жаман?» Қабыл алыңыздар.

Дана: Жел тынған,жапырақ та сілкінбеген,

Тауға кеп түн ұйитын кілкілдеген.

Әр жүректі сол бір ән мазалайтын,

Әр көмейде сол бір ән бүлкілдеген. Гүлмира апайдан сабақ алып жүрген барлық оқушылар бір әнді өте жоғары деңгейде орындайды. Ол Бәкір Тәжібаевтың әні «Ақбұлақ». Бұл әнді терме класында ең кішкентай әнші баламыз Ерсұлтанның орындауында қабыл алыңыздар!

Ақерке: Кім білмейді Гүлайымның бұл өнерін,

Мектептегі бір өнерпаз сен едің.

Сахнаны әсем жырға бөлейсің,

Бір биіктен шығарыңа сенемін,- деп Гүлмира апайымыз сенім артқан Гүлайымның орындауында халық термесі «Шарайна». Қабыл алыңыздар!

Дана: Қарапайым қазақ қызы саналы,

Қара көзден намыс оты жанады.

Өнерлі боп өскеннен соң ортада,

Әнін айтса көмейден бал тамады,- «Ақбөбек III» Республикалық байқауының дипломанты Сырлыбай Мадинаның орындауында халық әні

« Ақерке» қабыл алыңыздар!

Ақерке: Дана, біз жақында ғана Алматы қаласында өткен «Арман бастауы I» Республикалық байқауына барып Улкен жеңіспен оралдық. Оның ішінде сен халықтың,қазылар алқасының ықыласына бөленіп Гран при иегері атандың. Сол жеңіске қалай жеттім деп есептейсің?

Дана: Сұрағың орынды. Гүлмира апай Алматыға байқауға барасың деп ескерткен күні ақ мен қалайда Гран приди алам деп алдыма мақсат қойдым. Сендерден үміт күтем жақсылап дайындалыңдар біреуің міндетті түрде Гран при алатын болыңдар деген кезде мен бірден орынмнан тұрып апайдың қолын алып мен аламын деп сөз бердім. Сол сөзімде тұру үшін көп дайындалдым. Апайдың ескертпелерін барлығын түзеп,үнтаспалар тыңдап шыңдалдым. Сондай еңбегімнің арқасында ғана жеттім деп есептеймін.

Ақерке: ия,еңбек бәрін жеңбек демекші, еңбектеніп адам барлық белестерді бағындыра алады. Тағы да еңбекпен өнердің биіктерінен көрініп жүрген әнші қызымыз Облыстық «Ақбөбек II» балалар байқауының 3 орын, «Арман бастауы I» Республикалық байқауының 3орын иегері Құттыбай Мадинаны сахна төріне шақырамыз. Халық термесі «Шарайна» қабыл алыңыздар!

Дана: «Асыл тастан шығады,

Өнер жастан шығады»,- дегендей,біздің мектебімізде өнерлі баллалар көп. Өнерге құштарлықтары ерекше . Солардың бірі «Ақбөбек III» Республикалық байқауының дипломанты Жауынбай Салтанат. Салтанаттың орындауында Ақтанның термесі « Жайық». Қабыл алыңыздар.

Ақерке: Шәкәрім атамыз, анық байлық жүрекке біткен өнер,білімдінің бәрі де соған төнер деген екен. Біз өнерімізбен бай жандармыз. Сахнада өнерлі қызымыз«Ақбөбек III» Республикалық байқауының дипломанты Нұрлыбаева Салтанаттың орындауында халық әні «Сәулем ай» қабыл алыңыздар!

Дана: Мақпал бір ойсам жарасар,

Алтын сандық зерлерге.

Ғұзырлық етсем жарасар,

Сөйлеген қызыл тілдерге,- кезекті әдемә термеге берейік. Сахнада «Ақбөбек III» Республикалық байқауының дипломанты Нағашыбай Тахминаның орындауында Бұқар жыраудың термесі «Тілек» қабыл алыңыздар!

Ақерке: Мектебіміздің тағы бір жаны өнерге жақын қызы Сабина Гүлсім апайдың шәкірті ән,терме өнерін де жаны сүйіп Гүлмира апайдан қосымша сабақ алып жүр. Әдемі даусымен бірнеше ән,термелерді меңгеріп орындап жүр. Сахнада Сабинаның орындауында Қадыр Мырзалиевтың термесі «Қазақ осы» қабыл алыңыздар!

Дана : Ән мен жыр көңілдерге ой салады,

Ата-баба сөздерін еске алады.

Балалар нақыл сөзге мән берейік,

Білмеген ата сөзін кеш қалады. Сахнада Байгазина Алинаның орындауында Ақтанның термесі «Жайық» қабыл алыңыздар!

Қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша кезекті әнге берейік.

Терме,дәстүрлі ән класының оқытушысы Өтегенова Гүлмира апайға сөз береміз.

Қазылар алқасына сөз береміз.

Ақерке: Болашаққа қадам басар күні ертең,

Бүгін міне өнерлінің күні екен.

Дәстүрлі ән класының баллары,

Ән мен жырдан сый сыйлады бір көркем. Келгендеріңізге көп көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал