- Учителю
- Музыка пәнінен «Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында
Музыка пәнінен «Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында
Қысқа мерзімді жоспар. Музыка
Сыныбы 5 «а»
Күні 11.04.2013ж.
Тақырыбы
«Қыз Жібек»: жыр-опера-кино
Мақсаты
-
Жырдың тақырыбын, идеясын, тартысын нақтылай отырып, кейіпкерлер сипатын жан-жақты ашу, теориялық білімдерінің негізінде жырдан, кинодан үзінділер талдату, жырдың өміршеңдігін,операдағы оның маңызын ұғындыру.
-
Қазақ музыкасы мен кәсіби музыка арасындағы байланысты сезіндіру.Классикалық музыканы тыңдай білуге дағдыландыру.
-
Адалдықты, достықты, адамгершілікті паш ету, халқымыздың әдет-ғұрыптарын қадірлей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
А. Әндерді нақышына келтіріп орындай алады, жыр мазмұнына талдау жасай алады.
В. Музыкалық сауаты , танымы ашылады.
С. Музыкаға деген қызығушылықтарын артады.
Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар
АКТ. Композитор шығармашлығы , операның негізгі оқиға желісі, ресурстар мен стикерлер, түрлі смайликтер, үнтаспа
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Ұйымдастыру
3 минут
-
Амандасу.
-
«Сәттілік» тренингі
-
Топқа бөлу
1.Амандасады.
2. Сәттілік тілеп, бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды қарым-қатынас орнатады.
Тұсаукесер
Үй тапсырмасы
15 минут
Үй тапсырмасы тексеріледі.
-
«Өкіл» әдісі арқылы тексеріледі. Әр топқа өкіл барып оқушылардың тақырыпты меңгергендігін тыңдап, түрлі стикер арқылы бағалайды.
-
«Сиқырлы сұрақ» Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар даярлау. «Бағалау ағашы» арқылы бағаланады.
-
Топтамаша арқылы өкіл сайлаған оқушы келесі топқа барып,оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзара бағалайды.
-
Берілген жауаптарға сәйкес жоғары, Төмен дәрежелі сұрақтар дайындайды.
Негізгі бөлім
20 минут
-
Е.Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығы жіне «Қыз Жібек» лиро-эпосы туралы ресурс беріледі.
-
Ойтолғау.
-
Шығармашылық тапсырма беріледі. Берілген ресурстар бойынша постер қорғау тапсырылады. Критерий бойынша бағаланады.
-
«Қыз Жібек» операсынан Жібектің ариясы «Гәкку» әні тыңдатылады.
-
Берілген ресурстармен топта танысып, өзара пікір алмасады.
-
Оқушылар стикерлерге ақын шығармашылынан алған әсерін жазады
4.Ән орындайды.
Қорытынды
7 минут
-
Сағат тіліндегі сандар оқушыларға үлестіріледі. Сандарға сай сұрақтар беріледі.
-
Формативті бағалау.
«Бағалау ағашы» арқылы бағаланып отырады
3.Рефлексия
4. Үй тапсрмасы беріледі.
-
Оқушылар өздеріне берілген сағат тілінің сұрақтарына жауап береді.
-
Жауаптарын бағалау ағашына белгілеп отырады.
-
Кері байланыс парағын толтыру.
-
Тапсырманы белгілеп алады.
Сабақтың талдау
Сабақ бойынша өзгертулер