7


  • Учителю
  • Нұрғиса Тілендиев Көш керуен

Нұрғиса Тілендиев Көш керуен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ:

Н.Тілендиев «Көш керуен»



Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы

Шалқар ауданының саз мектебінің

домбыра класының мүғалімі





Сабақтың тақырыбы: Н.Тілендиевтің күйі «Көш керуен»

Сабақтың мақсаты:

Оркестр орындауында Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйін

Құрманғазының «Адай»күйлерін меңгерту.

Білімділік: Композитордың өмірбаяны жайлы әңгімелесу. Аспаптардың шығу тарихын білу. Аспаптар дыбыстарын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнер адамын құрметтеуге, өнерін насихаттауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларға аспапты меңгере отырып, шебер орындай білуге үйрету. Музыкалық сауатын дамыту

Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Оқыту әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, СТО технологиялары

Сабақтың көрнекілігі: портреттер, кеспе қағаздар,үнтаспа,буклет, музыкалық аспаптар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

ә) Шаттық шеңберінде «Тілек айту»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазының күйі «Адай»

3.Актуалдау:

XIX - XX ғасырдағы күйшілер





XX - XXI ғасырдағы күйшілер



Күй авторы -


Жаңа сабақ: Н.Тілендиев «Көш керуен»

Н.Тілендиев (1925-1998) қазақ топырағындағы ажелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі - Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет секілді ұлы композиторлар, сазгерлердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда (ХХғ) тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды композитор, дирижер және домбырашы.

Ол фольклорлық - зтнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

Жеті жасында Жамбыл атаның күні бүгінге дейін төрімнен түспей қымбат қазынадай сақтап жүрген домбырасын сыйға алыпты, осының барлығы музыканың оның ішіндегі күй өнерінің киелі болатыны содан. Музыка тілі барша әлем халқына ортақ тіл.
Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастай бойына сініріп ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада , алуан түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты..А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.
Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады.
«Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған.»Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған.
Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды.Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген алатаудан сылдырап аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдыңа елестейді. Сүйген жары Дариғаға арнап «Көңілді бикеш» шығармасын жазды.
«Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты бала қиялын кеңейтіп, ойландыруға итермелейтін мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер» сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды.
Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Олардың ішінде «Өз елім», «Алатау», «Саржайлау» «Құстар қайтып барады» әндері бар. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса» т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады.
«Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрік, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді». Өлмейтін тек өнер деген екен. Н.Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады. Оның оркестрлік музыкасының образдық әлемі ғасырлар қойнауынан жеткен жаңғырық іспетті. «Бостандық таңы» , «Мұрагер», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Алтын дән» күй поэмалардың халқын сүйсіндіріп, оның өткенін де болашағын да музыка тілінде жырлаған деп танимыз.
Н.Тілендиевтің еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал, 1998 жылы «Халық Қаһарманы» деген еліміздің ең басты атағына ие болды.


«Көш керуен» оркестрлік шығармасы: «Қыз жібек» көркем фильміне музыкалық өңдеу ретінде ойластырылған дүние болатын,әу-баста қазақ киносының классикасы дәрежесінде қабылдынды. Алайда, ақырында аталған фрагмент көркемдік біртұтастығы жағынан «кинофильмге арналған музыка жанры» шеңберінен шарықтап шығып, толыққанды, жеке музыкалық туынды мәртебесін алды.

Қыстаудан қымтырылып шыққан қалың жұрттың жазғытұрым жайлауға көшкендегі жазира көңілі мен сайын даланы думанға бөлеген шалқар шаттығы Нұрғиса Тілендиевтің бұл шығармасында шебер көрініс тапқан. Композитор көпшілік дүрмектің қуанышты дүбірін бір лекпен лықсытып, айшықты қанық әуезге айналдыра білген.Күйде бейнелердің анық көрінісін көре білу - Н.Тілендиевтің шығармашылық табысы деп тануға болады.

Сергіту сәті: Н.Тілендиев: "Көш керуен" оркестрлік шығармасын үнтаспада тыңдату арқылы онда кездесетін динамикалық белгілерді ажырата білу.

"Көш керуен" оркестрлік шығармасындағы динамикалық белгілермен жұмыс жасау

Сабақты бекіту:

Тапсырманы дүрыс орындағанда қандай сөз шығады. Тест-руно.

1.Мына күйлердің ішінен Нұрғиса күйлерін ата.

а) Ақжелең. Кіші Қаратөс. Балжан қыз.

н) Әлқисса. Ата толғауы.Көш керуен.

с) Адай. Сарыарқа. Серпер.

2. Нұрғиса әндерін тап.

б) Сағындым Алматымды.Әгугай домбыра.

е) Ақ бантик. Қайықта: Қайдасың.

ұ) Саржайлау. Өз елім. Алатау.

3. Н.Тілендиев басқарған оркестрді ата.

р) Отырар сазы.

и) Құрманғазы.

б) Симфониялық оркестр.

4. Н.Тілендиевтің туған жерін ата.

ж) Жамбыл облысы Байзақ ауданы.

ғ) Алматы облысы Іле ауданы.

у) Қызыл орда облысы Шиелі ауданы.

5. Н.Тілендиевтің күй поэмалары.

а) Дайрабай. Құдаша думан.

с) Ақсақ құлан. Мерекелік күй поэмалары.

и) Мүрагер. Махамбет.Жеңіс салтанаты.

6.Сүйген жары Дариғаға арнаған шығармасы.

а) Көңілді бикеш.

б) Сүйген жар.

в) Ақмаңдайлым.

7.Қай кинофильмде Нұрғиса шығармалары орындалады.

р) Көшпенділер.

о) Алты жасар Алпамыс

а) Қыз Жібек.

Дұрыс жауап: «Нұрғиса» сөзін құрайды.

Сабақты қорыту:

Мелодия-әуен деген сөз. Нұрғиса асқан әуенші композитор. Оның әуеншілігінің қасиеті терең тамырлылығында, жасыл жайлау,көш керуен,сыңғырлаған қыз шолпысы, ана қуанышы тәрізді жылылық сезімдер, жалпылай айтқандаелдің тұрмыс тіршілігі, майда қоңыр әуендермен сөзсіз жетелейді .

«Ақынмын деп қалай мен айта аламын.

Халқымның өз айтқанын қвйталадым.

…Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын»,- деп ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай халықтан іздейді, халқына қайтарады, халқының жүрегінде паналайды.

Үйге тапсырма: Н.Тілендиев: «Көш керуен» күйін үзбей орындап келу.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал