- Учителю
- ӨНерлі өрге жүзер
ӨНерлі өрге жүзер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Тоғыз стансасы
№7 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі
Есеналиева Айгүл Сакипжановна
Тақырыбы: Өнерлі өрге жүзер
Мақсаты: оқушылардың алған білімдері мен үйренген әндерін паш ету, өнерге деген қызығушылыған арттыру, талантты балаларды көрсету. Дауыс диапазондарын дамыту. Сахна мәдениетіне баулу.
Көрнекілігі: баян аспабы, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакаттар, музыкалық орталық, мукалық аппаратура.
Өнерге байланысы даналық сөздер:
«Өнерпаз болсың арқалан» Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
«Талаптыға нұр жауар» Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. (Абай)
Өтілу барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, аяулы ата-аналар, қадірменді ұстаздар, құрметті қонақтар!
Жердің сәні- жеміс, өнім, дақылы,
Адам сәні-өнер, білім, ақылы,-демекші балаларымыздың «Өнер қарлығаштары» атты ән кешіне қош келдіңіздер!
Ең алдымен «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып болып өседі» деген қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезовтың даналық сөзін естен шығармасақ, бүгінгі бала-ертең еліміздің азаматы-жаны сұлу, рухы күшті, парасатты болатыны сөзсіз. Мектебіміздегі өнерпаз балалардың концертіне кош келдіңіздер!
1 -жүргізуші
Ерке өсіп, ең жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.
2-жүргізуші
Кел, достар, бастайық,
Бастайық ән кешін!
Қызықтан бос қалып,
Қызықтан бос қалып,
Еш бала жүрмесін.
1-жүргізуші
Құрметпен көп тосқан
Келді ата-анамыз.
Келіңдер, кел, достар,
Қазір ән айтамыз.
2-жүргізуші
Ал, тура қараңдар,
Жасқсы ән, күй келсін.
Білмейтін балалар,
Білгеннен үйренсін.
1-жүргізуші
Мектептің әдемі ғой әр сабағы,
Қызық- ау, әсіресе ән сабағы.
Шарипа Шара болып би билесе,
Күлипа Күлаш болып ән салады.
2-жүргізуші
Бәріміз бұл сабақта тамашамыз,
Үкілі бөрік киіп жарасамыз.
Апайға ән үйреткен риза болып,
Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз,-демекші ән сабағынан үйренген әндерімізді сіздердің алдарыңызға тарту етпекшіміз.
1-жүргізуші
Біз өнерсіз боламызба?
Көрсін аға-апалар. .
Көрсін папа-мамамызда,
Риза болсын апайлар мен ағайлар.
2-жүргізуші
Анам -биші
Әкем - күйші,
Асқан шебер
Өзім күйші, әнші
Бүгінгі кеш ата-аналар,
Өнерімізді танып алшы.
1-жүргізуші