7


  • Учителю
  • 'Жай және жылдам музыка' + презентация

'Жай және жылдам музыка' + презентация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Музыка 1 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жай және жылдам музыка


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жай және жылдам музыка туралы түсініктерін кеңейту. Оларды

ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Музыка жөнінде ұғымын дамыту. Ән айту қабілетін, дауыс

ырғағын жетілдіру.

Тәрбиелік: Музыкалық талғамын ашу, музыкаға іс-әрекет арқылы

қызығушылық сезімін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ


Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, мазмұнды суреттер, ұрмалы аспаптар, үнтаспа


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

1. Музыкамен әндетіп сәлемдесу.

2. Дауыс қыздыру жаттығулары.

ІІ. Өткенді еске түсіру

«Жұмбақ суреттер» ойыны ойналады. (1 слайд)

Ойынның шарты бойынша интерактивті тақтадан көрсетілген слайдтар бойынша сұраққа жауап алынады.

  1. Музыканы кім жазады?

  2. Әннің сөзін кім шығарады?

  3. Әнді орындап тарататын адамды кім дейміз?

  4. Сурет бойынша шулы дыбыстарды ата.


ІІІ. Жаңа сабақ.


Кіріспе әңгіме.

- Қане, балалар, мына суретке қарап олардың жүрісі туралы не айтар едіңдер? (2 слайд)

- Балалар, тасбақа өте жай, асықпай жүреді, ал қоян жылдам жүгіреді екен. Демек олардың жүру жылдамдықтары әр түрлі. Музыкада да тез, жылдам орындалатын немесе жай, баяу орындалатын жылдамдықтар болады.


Музыкалық сауат.

Музыканың тез немесе жай орындалуы оның

жылдамдығына байланысты болады.


Музыка тыңдау.

Үнтаспадан мультфильмдерден үзінді музыкалар тыңдалады.

Балалар олардың жылдамдығын анықтайды.

ІV. Сергіту сәті.


Ән үйрену жүмыстары.

Е.Хасанғалиевтің «Жылдам және жай музыка» әнін үйрету және орындау.Әнді ырғақты қимылдармен орындаймыз. Салыстырмалы түрде жай және жылдам ырғақ баланың ойында жақсы сақталады.

V. Бекіту

Жылдамдық ұғымын бекіту мақсатындағы тапсырмаларға «жай», «жылдам» жауаптарын қою керек.

  1. Машинамен келе жатқанда

  2. Сабаққа кешігіп қалсам

  3. Сурет салсам

  4. Футбол ойнасам


Музыкалық жылдамдық ұғымын бекіту мақсатындағы тапсырма:

Өздеріне таныс әндердің жылдамдығын ұрмалы аспаптарды

соғу арқылы салыстырмалы түрде ажыратамыз.


VІ. Үйге тапсырма

Өздері білетін әндерге іс-қимыл ойластыру.


VІІ. Марапаттау.

VІІІ. Қорытындылау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал