7


  • Учителю
  • Музыка пәнінен сабақ жоспар, Тақырыбы: Оркестр дирижердің міндеті

Музыка пәнінен сабақ жоспар, Тақырыбы: Оркестр дирижердің міндеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Музыка Сыныбы: 3«А» Күні: №13

Сабақтың тақырыбы: Оркестр дирижёрдің міндеті.

Сабақтың мақсаты:

Балаларды мамандыққа баулу, кәсіби бағдар беру.

Білімділік мәні : Үлкен ұжым - ұлттық оркестрді кім басқарады? Таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан -ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

</ Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасы: Оркестр құрамындағы аспаптар.

Оркестр түрлі музыкалық аспаптардан құралады. Оркестрді басқаратын адамды кім дейміз? Оркестр дирижері дейміз.

Жаңа сабақ: Оркестр дирижёрі.

Қазақстан Республикасының Әнұраны

Балалар, қандай ұлттық музыка аспаптарынан құралған оркестрін білесіңдер?

«Отырар сазы»ұлт аспаптар оркестрі . Сендер білесіңдер ме, біздің ауданда саз мектебі жанында Қазанғап атындағы саз аспаптар оркестрі бар.

Әндер мен күйлерді жеке аспаптарда және оркестрдің орындауында да тыңдауға болады. Оркестр құрамында көптеген аспаптар болады. Домбыра , қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, шертер, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз, сылдырмақ, тайтұяқ т.б. аспаптардың әр түрі болады. Бұл аспаптарды 70-ке жуық адам қосылып ойнайды. Мұндай оркестрді дирижёр басқарады. Осындай дирижердің бірі «Отырар сазы »оркестрінде көп жылдар қызмет қылған, Нұрғиса Тілендиев - қазақ халқының атақты композиторы, шебер домбырашысы.

Музыка сауаттылығы: До, ре, ми, фа, соль ноталары.

Сергіту сәті

Ән орындайық Атамекен. Әні Е. Хасанғалиевтікі.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.



Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің көзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспанымен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қорытындылау :

Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра » деп аса құрметтейді. Ал, Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қандай, аспап еді? Қобыз болатын. Міне, бұл аспаптар ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді. Оркестрді басқаратын адамды кім дейміз?Алда қандай мейрам келе жатыр?

Үйге тапсырма: Жаттау

Бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал