- Учителю
- Урок музыки на тему: Музыкадағы табиғат көрінісі
Урок музыки на тему: Музыкадағы табиғат көрінісі
Сабақ тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі.
Сабақтың мақсаты: Сазгерлердің өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру.
Міндеттері:
1 Музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.
2 Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3 Музыканың әсерлі мазмұны мен сипаты арқылы туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Музыка тыңдау
V. Ән айту
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Музыка тілінде амандасу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі
-
Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма?
-
Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?
-
Әдебиеттегі батырлар есімін білесің бе?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта, жайлы мекен, ырыс - даулет.
Табиғат - адам үшін қажетті: ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана! Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың жаратылысымен, асқақ та өрлігімен, шексіздігімен, нәзік үнімен қайран қалдырады. Сөйте тұра, қажет болса орнымен қатал да бола алады. Табиғатты сүю - Отаныңа адал болу. Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Табиғат бұл адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.
Қорқыт ата - күй атасы. Өзі ойлап тапқан қобыз аспабында табиғат, жан - жануарлардың дыбысын керемет сазды әуенмен сарнатқан. Аңызда Қорқыт ата Сырдарияның бетіне суға батпайтын кілем жайып, үстіне отырып күй тартқанда керемет дыбыс күші пайда болады екен.
Қазақ кәсіби мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосқан өнер тұлғаларының туындыларына тоқталып өтейік. Қазақтың ұлы ақыны Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңіл - күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізеді. Сондай туындыларының бірі. «Желсіз түнде жарық ай...»
19- 20 ғасырдың Құрманғазы, Нұрғиса сынды дүлдүл күйшілер арасындағы байланыс - біздің алтын қазынамыз, шежіреміз. Рухани қайнар бұлақтың ішінде күй өнерінің алатын орны ерекше. Құрманғазы қазақ халқы өзінің арманын, көңіл күйін, өсу жолдарын, өмір сүрген қоғамға, табиғатқа деген көзқарасын, туған жерге деген сағынышын домбыраның қос ішегінен шыққан құдіретті үнмен жеткізе білген шығармасының бірі «Сарыарқа»,
Күләш Байсейтова -(1912-1957) қазақтың бұлбұл әншісі. Өзінің қысқа ғұмырында актерлік, әншілік өнерде өзіндік дәстүр қалыптастырып кеткен әйгілі өнер шебері.
Шара Жиенқұлова - қазақтың атақты бишісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Ол қазақтың халық билерін шебер орындаған, би тақырыбына сай дене қимылдарын қою арқылы би элементтерін дамытқан. Табиғат тақырыбындағы би қимылдарында кең даланың самал желі, тербеле соққан желге жарыса тербелген толқындар, сұлу табиғатты әсем өрнектеген.
Би қимылдарынынан табиғат көрінісінен үзінді көрсету.
Шәкен Айманов (1914 -1970). Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер, білікті ұстаз. Ол режиссерлік еткен ( «Дала қызы», Алдар көсе, Атаманның ақыры») -фильмдерінде қазақ табиғатының сұлулығын бейнелеген.
Н.Тілендиев - дарынды композитор, дирижер және фольклорлық - этнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрды. Сазгер туған жер табиғатының көркем көрінісін, елдің шат көңілін, бақытты балалық шақты әсем де әсерлі суреттей білген «Сарыжайлау» әнінен түсінуге болады. Н.Тілендиев «Жан сәуле», «Алатау», «Құстар әні» атты үш жинақтың авторы.
IV. Музыка тыңдау
«Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Аққу», «Қасқыр» - күйлерінен үзінді тыңдау
V. Ән айту
«Желтоқсан желі»
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма
38 бет оқу, ән жаттау