7


  • Учителю
  • Открытый урок Көңілді ноталар

Открытый урок Көңілді ноталар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Баланың музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Музыкалық эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Нота туралы білімдерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту.



Көрнекіліктер: интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, музыкалық орталық, плакаттар, нота сызғы, ноталар, диска, флешка, сиқырлы кітап пен қалам.



Музыка әуенімен балалар залға кіріп жарты шеңберге тұрады.

М\ж:(әндете) - Сәлеметпе балалар?

Балалар: (әндете)- Сәлеметсізбе?

Шаттық шеңбері:

Армысыздар қонақтар

Қайырлы күн!

Ән айтамыз жалықпай

Біздер бүгін

Музыка жетекші: Балалар бүгінгі музыкалық іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Өйткені жан жақтарыңды қараңдаршы ғажайып заттарға толы.

-Ал сендер музыканың қазіргі заманға дейін қалай дамып жеткенін білесіздерме? Ендеше экранға назар аударайық.

Слайд 1-2-3-4-5-6

Скрипка кілті: Сәлеметсіздерме балалар! Мені таныдыңыздар ма?

- Балалар қараңдаршы мен ноталарымды шатастырып алдым. Маған ноталарды дұрыс орналастырға көмектесе аласыңдарма?

Балалар: Иә, әрине көмектесеміз.

Скрипка кілті: Ендеше мен сендерге музыка әлемінен ноталарыммен бірге әуен ханшайымын жіберемін.

Музыка әуенімен әуен ханшайымы келеді.

Көңілсіз мұңды әуендер

Үнімді тербеп ағылар

Әдемі әсем әуенде

Бойымнан менің табылар

Әуен ханшасы боламын

Баршаңыз іздеп сағынар

Сәлеметсізбе әуен ханшайымы

Әуен ханшайымы:Сәлеметсіздерме?!

Мен музыка әлемінен келген әуен ханшайымымын. Мені скрипка кілті сендерге ноталарды дұрыс орналастырып беруге жіберді. Ол үшін әр нотаның артында тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды орындаулырың керек.

Музыка жетекші: Балалар тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалар: орындаймыз.

Әуен ханшайымы:Бұл қандай нота?

-До-нотасының тапсырмасы мынадай. Кітаптағы ноталарды музыкаға айналдырып сипаттап беріңдер.

ДО-нотасының тапсырмасы музыка тыңдау

Әуен ханшайымы:Жарайсыңдар, деп нотаны береді.

Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Әуен ханшайымы:Мына нота қалай аталады?

-Ре-нотасында мынадай тапсырма жазылыпты. Мәнерлеп дауыс жаттығуын жасап көрсетіңдер.

РЕ-нотасының тапсырмасы дауыс жаттығуын орындау

Дауыс жаттығуы

М/ж: Күйсандықты ашайық

Балалар: до до до

М/ж: Тілдерін біз басайық

Балалар: До до до

М/ж: Бас дыбысты табайық

Балалар: До до до

М/ж: Жайлап әнге салайық

Балалар: До ре ми фа соль ля си до

Әуен ханшайымы:Жарайды деп нотаны береді.

Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Әуен ханшайымы:Бұл қандай нота?

-Ми-нотасында мынадай тапсырма. Өткен бір әндеріңді орындап беріңдер.

МИ нотасының тапсырмасы өткен әнді қайталау «Ойлан тап» әні: Ә. Еспаев

Әуен ханшайымы:Жарайды деп нотаны береді. Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Әуен ханшайымы: Балалар келесі нота қалай аталады?

- Балалар фа нотасында сендерге «дыбысынан танып қимылын көрсет» деген ойын беріліпті. Менімен ойын ойнайсыңдарма?

ФА-нотасының тапсырмасы қимылдық дамытушы ойын «Дыбысынан танып қимылын көрсет»

Әуен ханшайымы: Керемет ойнадыңдар-деп нотаны береді. Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Әуен ханшайымы: Ал енді соль нотасының тапсырмасы: менің флешкамдағы музыкаға әуендік қимыл қозғалыс орындап беріңдер.

Соль нотасының тапсырмасы би қимылдарын орындау

Әуен ханшайымы:Тамаша биледіңдер балалар міне нотаны алақойыңдар.

Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Әуен ханшайымы:Ля-нотасының тапсырмасы мынадай. Дискадағы жаңа ән бар сонып үйреніп айтып беріңдер.

Ля нотасының тапсырмасы Жаңа ән «Көктем» әні: А.Мұхамбатқалиева

Әуен ханшайымы:Жарайды деп нотаны береді. Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Әуен ханшайымы:Балалар ең соңғы нота қалай аталады?

Си нотасының тапсырмасы мынадай: Экранда берілген суреттердің астында жасырылған дыбыстарды тауып қай ұлттың аспабы екенін ажыратып беріңдер.

СИ-нотасының тапсырмасы ойын «Аспаптарды таны»

Әуен ханшайымы:Жарайды деп нотаны береді. Балалар нотаны өз орынына орналастырады.

Балалар сендер өте ақылды, өнерлі балалар екенсіңдер Менің музыка әлеміне кететін уақытымда болды. Қош сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз.

Экран қайтадан ашылып қуанып скрипка кілті сойлейді.

Срипка кілті: Балалар менің шатасқан ноталарымды дұрыстап қойып бергендеріңе көп көп рахмет. Мен сондай қуанып тұрмын. Маған жасаған жақсылықтарың үшін менің сыйлығымды қабыл алыңыздар. Сау болыңдар балалар.

Экранның артынан сыйлықтар алып таратылады.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар біз бүгін кімге көмектестік?

-Кімнің тапсырмаларын орындадық?

Бүгін біз қандай жаңа ән үйрендік?

-Музыканы ненің көмегімен тыңдадық?

-Ән айту үшін, би билеу үшін қар ханшайымы бізге не берді?

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміз ұнады ма?

Ендеше баріміз бірге үш рет қол шапалақтайық.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал