7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Тәуелсіз елім - тірегім

Сабақ жоспары Тәуелсіз елім - тірегім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақты өткізген: Кенжеханов Азамат Көшкінбайұлы

Мектеп: №38 мектеп-лицей, Астана қаласы

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елім - тірегім»

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың мақсаты: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет туралы кеңінен мағлұмат беру, композитор шығармаларынан мысалдар келтіру. Жан-жақты патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың міндеттері: а) Білім беру: әнді үйрене отырып, шығарманың мазмұнын және сипатын қабылдап, айыра айтуға үйрету; ә) Дамыту: саздық сезімді жетілдіру; б) Тәрбиелеу: елін, Отанын сүйетін азаматтар тәрбиелеу.

Оқыту әдістері: әңгімелеу, әңгімелесу, иллюстрациялау, іздену, жаттығулар жасау, дауыс жетілдіру, ән айту, музыка тыңдау.

Көрнекіліктер: арнаулы аспап, суреттер, «Желтоқсан оқиғасына» байланысты бейне материал (көрсетілім).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сыныптың назарын аудару;

2. Оқушылардың дайындығын тексеру;

3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. «Кім жылдам?» ойыны түрінде ауызша сұрақ-жауап;

1. Ән айту өнері дегеніміз не?

2. Қазақстанда қанша әншілік мектеп бар?

3. Халық әндерін бүгінгі күнге жеткізген атақты әншілерді ата.

4. Ән айтқанда нені есте сақтау керек?

5. Сегіз сері кім? Оның қандай әндері бар?

6. Гамма дегеніміз не? Арпеджио дегеніміз не?

  1. Сөзжұмбақ «Әнші»

1. Қазақтың суырып салма ақыны;

2. «Көкшолақ» әнінің авторы;

3. Халық ақыны, әнші - композитор;

4. Сарамен айтысқан ақын.

ІІІ. Жаңа сабақ

Эпигроф: Еділді келіп алғаны -

Етекке қолды салғаны.

Жайықты келіп алғаны -

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды келіп алғаны -

Ойындағысының болғаны.

Мұрат Мөңкеұлы.

  1. Тәуелсіздік, егемендік туралы жалпы түсінік;

  2. 1986 жылы желтоқсан оқиғасының маңызы;

  3. Қайтар - батыр туралы түсінік беру;

  4. Желтоқсан туралы Мұхтар Шахановтың өлеңдерін тыңдау;

Төрт жыл кешіккен шындық немесе бұрынғы Брежнев,

қазіргі Республика алаңында оқылған өлең.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ,

Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

  1. «Елімізді сүйеміз» әнінің авторлары, олардың шығармаларына кеңінен тоқталу;

  2. Отан, туған ел, атамекен жайындағы шығармаларға кеңінен тоқталу.

IV. Ән үйрену. «Елімізді сүйеміз» әні: Д.Ботбаев, сөзі: Қ.Мырзалиев.

1. Композитор шығармаларына тоқталу;

2. Әндердің мазмұнын ашып түсіндіру;

3. Әннің орындалу характеріне көңіл бөлу;

4. Аспапқа қосылып хормен орындау;

5. Әннің дауыстарын таза айтқызуға бейімдеу.

V. Қорытынды бөлім

а) Сұрақ - жауаптар арқылы сабақты бекіту;

ә) «Блум таксономиясы» арқылы сабақты қорытындылау.

VI. Үйге тапсырма «Менің елім - Қазақстаным» атты тақырыпқа шығарма жазып келу;

Әннің мәтінін жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал