7


Ашык сабак 'Ормандағы аңдар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Аңдар



Білім саласы : «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған музыкалық іс - әрекет

Мақсаты: Аңдармен таныстыру; Музыка ырғағына сәйкес әр

аңның қимыл - қозғалысын келтіре білуге

үйрету; Сөздік қорын молайту; Әнді асықпай, әуезді

орындауға дағдыландыру; Аңдарға, жан -

жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі:Суреттер, ғажайып сәт, баян.

Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, жаттату, орындату;



Барысы:



Ұйымдастырушы - қозғаушы:Шаттық шеңбері.

Әуез жетекшісі: Сәлемет пе, балалар? (До, ре, ми, фа,

соль,соль,соль)

Балалар: Сәлеметсіз бе? (Соль, фа, ми,ре,до)

Әуез жетекшісі: Қарсы алыңдар, біздерге, (До, ре, ми, фа,

соль,соль,соль)

Келді қонақтар. (Соль, фа, ми,ре,до)

Балалар: Сәлемет пе, апайлар? До, ре, ми, фа,соль,соль,соль)

Әуез жетекшісі: Жарайсыңдар! (Соль, фа, ми,ре,до)

- Жарайсыңдар, балалар, отырыңдар. Балалар сендердің көңіл -күйлерің қалай?

Ұйымдастырушы - ізденушілік.

- Ендеше, балалар, мен сендерге бірнеше жұмбақтар жасырайын, содан кейін тақырыбызды ары қарай жалғастырамыз.

1) Халық «қу» деп

Қылған күлкі.

Айласы көп

Бұл не? (Түлкі)

2)Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады? (Аю)



3) Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады? (Қоян)

  • Балалар, жұмбақта не жайлы айтылып тұр екен?

  • Дұрыс айтасыңдар, ал олар қайда өмір сүреді екен?

  • Сендер бұлардан басқа тағы қандай аңдарды білесіңдер?

  • Олар қандай аңдар?

  • Балалар, мен сендерге қазір бір әуен орындап беремін, сендер сол әуеннің ырғағына, сазына сәйкес қандай әуен екенін таба аласыңдар ма?

Музыка тыңдау: «Қоңыр аю қорбаңбай» - әуен қалай орындалып тұр, ырғағы қандай екен? Осы ырғақтан біз қай аңның жүрісін көзімізге елестетеміз?

Сергіту: (әуенмен)

Қане қызық ойын бар,

Қатарласа қойыңдар.

Қолымызды жаяйық,

Құстай қанат қағайық,

Отырыңдар, тұрыңдар,

Маған мойын бұрыңдар.

Берекелді ұнайды - ақ,

Биледіңдер тым әйбат.

(Әуен ырғағына, мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды)

Ән айту: «Ортеке» әні Ә. Еспаев

  1. Аты шыққан биімен,

Мен боламын ортеке.

Ойқастаған ортеке,

Қой бастаған ер теке.

Мен бір билеп берейін

Буындарым былқылдап,

Мен бір билеп берейін

Тұяқтарым сыртылдап.

2) Қоңыр тоқты көк тұсақ,

Сенде биле мен құсап.

Қарап тұрмай бекерге,

Серік болып текеге.

Мен бір билеп берейін,

Шудаларым желкілдеп.

Өркештерім селкілдеп,

Тайраңдап бір билеңдер.



(әуенді әуез жетекшінің орындауында тыңдап, сөзін бірнеше қайталатып, бірге қосылып орындау)

Ғажайып сәт: Қоян түлкіден қашып, ентіге кіреді. Қоян:

  • Балалар, сәлеметсіңдер ме? мені тез жасырып қойыңдаршы, әйтпесе мені түлкі жеп қояды. (жасыру)

Түлкі келеді:

  • Балалар, сәлеметсіңдер ме? (қулана) Ой, сендер сондай әдемі екенсіңдер, сондай тәтті көрінесіңдер. Балалар, сендер осы жерден қоянды көрмедіңдер ме? Айтыңдаршы, ол сондай жаман қоян, мені ұрып - соғып қашып кетті.

Әуез жетекшісі:

  • Есенсің бе, Түлкі, біз қоянның ана жаққа қашып бара жатқанын көрдік. Түлкі:

  • Ендеше, оны осы жерден тосайын, кейін қайтып қалар.

Әуез жтекшісі:

  • Оған дейін біздің балалармен ойын ойнасаң қайтеді? Келісесің бе?

Ойын: «Қояндар мен түлкі»

Шарты: Балалар қоян болады, біреуі түлкі болады. Қояндар өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасап жүреді. Оларды түлкі аңдып, оңтайлы уақытты күтіп тұрады, қуа жөнеледі. Қояндар қашып орындарына отырып қалуы керек, егер, ұсталып қалса, айыбын тартады.

Түлкі:

  • қой, балалар, мен сендермен ойнап шаршадым, одан да қарнымды тойдыратын қояндарды қуып, ұстайын, сау болыңдар.(шығып кетеді, қоян шығады)

Қоян:

  • Ой, балалар, сендерге көп рахмет. Мені аман алып қалғандарың үшін сендерге айтар алғысым көп. Бағанадан бері қарап отырсам сендер өнерлі балалар екенсіңдер. Менде сендерге өз биімді үйретсем бола ма?

Әуенді қимыл: «Қояндар» биі . Қолымызды алдымызға жинап, алақанымызды төмен қаратып, аяғымызды қосып тұрамыз. Алға - артқа қосаяқтап секіреміз, жеңіл айналамыз.

Жетекші - жөндеуші.

Әуез жетекшісі:

  • Балалар, біз бүгін қандай аңдармен таныстық?

  • Олар қайда өмір сүреді екен?

  • Қандай әнмен таныстық?

  • Қандай би қимылдарын жасадық?

  • Жарайсыңдар,балалар!

Қоян: - Балалар, сендер біздер жайлы, аңдар жайлы әңгімелепсіңдер ғой? Ал енді менімен еріп жүріңдер биімізді одан ары жалғастырайық.

Қатарластырып тұрғызып, алып кетеді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі:Аңдардың түрлерімен танысып, оларды ажырата алады.

Меңгеруі:Олардың қимылдарын жасай алады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал