7


  • Учителю
  • Разработка сценария 'Супер ана'

Разработка сценария 'Супер ана'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Супер ана»- сценариі

І жүргізуші: Қайырлы күн аналар, Ақ жаулықты әжелер! Ұстаз АНА! Ару қыздар! Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аналарымызды, аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі - 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз! ІІ жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы, Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы, Хормен балалар:Сізді жақсы көреміз Әрқашан мақтан етіп жүреміз 1. Оқушы: Ақ тілекті ағылтып біз тастайық Аналардың мерекесін бастайық Көздерінен көрем шаттық арайын Өтсін солай әр күнің мен әр айың 2.Оқушы:Қадірлі аналар көңілді Көктемдей жайнап гүл ашсын Бақытқа толып өмірі Шаттыққа толы жайнасын 3.Оқушы: Жыл басы наурыз мереке Ақ нұрға әлем боянды Аналар тойы ерекше Тіршілік жаңа оянды 4.Оқушы.Ананың әр сөзі ой талабы Жүрегімнің төрінде сақталады Өсеміз елін сүйген ұландар боп Ардақты ана еңбегі ақталады 5.оқушы:Ананың біз гүліміз, Ана біздің күніміз. Ұрпағыңды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз . 6.оқушы: Аналар асыл жандар Шуақ боп шашылғандар Сіздер үшін тәтті ән Мерекелік сыйым бар да. Ән «Ана туралы баллада» Диалог: Екі оқушы. Айдын: «Білесің бе Ернар ана деген керемет асыл жан!Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып, түн ортасында шөлдесем су беретін» Ернар: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады. Айдын: Өмірде маған ең жақын, данасың сен анашым Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін мәңгі дарасың Ернар: Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым! 7.оқушы: Жылылықтан жаралған, құшағы оның таң мекен Менің айдай анамнан асқан сұлу бар ма екен Құттықтаймын анашым 8 наурызбен! 8.оқушы:Қызық тойлар өткіздік Бірақ орны бөлекше Аналарға арналған Бүгінгі той ерекше 1.Жүргізуші: Уа халайық, халайық мұнда назар салайық Мерекесін халықтың, аналар тойын тамашалайық Осы тойға арналған сайысымызды бастайық 2.Жүргізуші Шашу, шашу шашайық Ақ сандықты ашайық Көрейік аналар байқауын Аналарды қарсы алып «Супер ана» сайысын думандатып бастайық. 9.оқушы :Маған да, саған да жақын бұл адам Үш әріптен жазылып бұл адам Оңға оқы, солға оқы өзгермейді ешқашан

І жүргізуші: Енді «Супер ана» сайысын бастайық. Қатысатын аналарды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық. Топтың атауы: 1. Қызғалдақ тобы/ 2сынып/ 2. Жұлдыз тобы /3сынып/ 3. Құлпынай тобы/4сынып/ ІІ жүргізуші: Аналарды таныстырады; 1. Қызғалдақ тобынан Мулжигитова Гульмира Қайратқызы- Қызмет қамту мекемесінің қызметкері қызы- Мулжигитова Арина Маралқызы ол би билеумен сурет салумен шұғылданады. 2.Жұлдыз тобынан Шунгулова Замзагүл Есламбекқызы Сарыкөл орта мектебінің математика пәні мұғалімі ,қызы-Жаңатілек Аружан Есенқызы ән айтып, би өнерлерін және кітап оқығанды қатты ұнатады. 3. Құлпынай тобынан Тулешова Алмагүл Амангельдіқызы - Тимур деген кішкентай бөпесін күтуде,қызы-Жабаева Аида Гайдайқызы -сурет салу, ән айтумен шұғылданады. І жүргізуші: Сайыста әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар. Шеберлікті, білімді, Сараптап сіздер көріңіздер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңіздер -/таныстыру/ ІІ жүргізуші: «Балапан қыран болу үшін, оны самалынан ұшыратын ата-анасы да қыран болуы керек» осы отбасы тәрбиесіне ұлтымыз да ерекше мән берген. Осы мақсатта сайысқа қатысушыларға І тапсырма: «Менің анам осындай, менің анам игі жан» деп балалар өз анасы туралы әңгімелеп береді. Әділқазылар алқасы ұпай шығарғанша кезекті биге береміз. 10. оқушы: Сіздер үшін сый құрмет Жан анашым мерейім Қаласаңыз ән айтып, би де билеп берейік Би: «Үнді биі»- биші қыздар тобы 2 тапсырма: «Ас адамның арқауы, аспен күш артады» І жүргізуші: «Ас адамның арқауы, аспен күш артады» - дегендей, келесі тапсырмамыз аспаздық сайыс. Әр ана өзінің дайындаған тағамын атап көрсетіп пайдасын түсіндіреді. ІІ жүргізуші: Аналарымыз дайын болғанша, көрермендермен ойынымыз бар ойнайық. Құрметті абзал жанды аналар түн ұйқыңды төрт бөліп, кірпік қақпай, бесіктен сәбидің үнін естіп, дамылсыз күндер өткіздіңіздер. Ал қазір сәбиіңіздің кішкентай күніндегі қылықтарын елестетіп, даусынан танып көріңіздер./аналарына әр түрлі сөздер айтады.Мысалы: анашым менің балмұздақ жегім келеді т.б. Ал балалар отырмайық аналарға демеу болып көмектесіңіздер. І жүргізуші: «Аспаздық сайыс» (аналар дайын болса дайындаған тағамдарын әділқазыларға таныстырып, тағамдарын қорғауы керек) ІІ жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Әншілерде өнерлерін көрсетуде ән: «Асыл ана» орындайтын Бисембаева Айна І жүргізуші: Көркімен тамсандырған шартарапты Сән үлгісі жарасар мархабатты. Біздің көркем аналар мен арулар Сән үлгісін көрсетер салтанатты 3 тапсырма:«Сәнгер» «Ұстаймын деп жең түріп, үлгісіз тон пішпеңіз» дегендей аналар өздерінің киім киюден талғамдарын көрсетеді. Баласының киген киімін сипаттап береді. 1. Қызғалдақ тобы 2. Жұлдыздар тобы 3. Құлпынай тобы ІІ жүргізуші: Біздің бүлдіршіндер әжелерін шыңдап, сөздерін есіне сақтап, суреттей біледі. 11.оқушы:Ән саламыз билейміз Сіздерге бұл сый дейміз Қариясы бар үйдің Қазынасы бар дейміз 16.оқушы:Ақ кимешек киген, ақ бетімнен сүйген Мені жақсы көрген ертегі айтып берген Әжем менің қандай, әжем менің айдай Ән «Асыл менің әжетайым» -орындайтын Серікпай Зарина

12. оқушы: Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Айналайын әжелер құтты болсын мейрамың Орнымыздан тұрайық, қолды белге қояйық Әсем әнге салайық, әжелерге сыйлайық Ән: «Сағындым әже,өзіңді» І жүргізуші: 4 тапсырма: «Әуенді тап» 16.оқушы: Құлпырған еліміздің қыздары Әзірге жайраңдаған құндыздары Ертеңі жарқырайтын жұлдыздары 13.оқушы:Балам, ұлым, қызым деп Еркелеткен біздерді Құтты болсын апайлар Мерекеңіз бүгінгі (ұстаз апайларға сыйлықтарын беру) ІІ жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Ортамызда би билейтін биші қыз баласы бар. Қалқаман Айсанаттың орындауында «Шығыс биі » І жүргізуші: Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе. Ырысты боп наурыз! Бақ дарысын бәріңе Келесі сайысымыз «Талантты отбасы» Жалпы барлық отбасыға тапсырма өз өнерлерін көрсету. (би, ән, өлең оқу т. б. ) ІІ жүргізуші: Аналар осылайша жүзге жеткін Ұл-қызын енді өзіңді еркелетсін Әрқашан биіктерден орын алып Уайымның не екенін білмей өтсін! Болды дейміз жарысымыз жемісті Озып шығар кім білімді, кім күшті Әділқазы, ақ қазыға жүгінсек Берер дейміз әділдікпен жеңісті (Әділқазылардан әділ бағаларын сұраймыз) І жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен сайысымыз аяқталды келгендеріңізге көп-көп рахмет сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал