7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Музыкалық аспаптар үндестігі'

Ашық сабақ 'Музыкалық аспаптар үндестігі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптар үндестігі

Сабақтың мақсаты: Ой өрісі жетілмеген баланың музыка әуеніне еліктету және аспаптар үндестігін айра білу,салыстыра алуға баулу.

Міндеттері: Аспаптармен таныстырып өту, дауыс үндестігін естірту, салыстыру.

Тәрбиелік мәні: ұлттық аспаптарымызды ажырата білуге және құрметтеуге баулу.

Түзету жұмыстары: саусақтар қимылдарын жетілдіру, есте ұстау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: музыка аспаптар (домбыра, жетіген, баян, қобыз, сазсырнай, сылдырмақ), СД дискі.

Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: баланың назары сабаққа аудыру.

  2. Оқушыларды музыкамен қарсы алу.

  3. Әртүрлі аспаптармен таныстыру.

  4. Сергіту сәті.

  5. Саусақтар жаттығуы.

  6. Қорытынды.

  7. Үй тапсырмасы.

Ұйымдастыру кезеңі әр түрлі аспаптардың әуеніне балалар сыныпқа кіреді.:

----- Балалар қандай аспаптардың әуенің тыңдадыңдар? Бұл домбыраның дыбысы, баян, сазсырнай, қылқобыз, жетіген - аспаптардың әуендері. Музыкалық аспаптар әр түрлі аспаптарға бөлінеді, мысалы( ішекті, ұрмалы, үрмелі, түмелі) . Оқушылар, біз бүгін сабағымызда музыкалық аспаптардың түрлерімен және үндестігімен танысамыз.

Домбыра аспабы, бір сөзбен айтқанда, қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады, ішекті аспаптарға жатады. Қазіргі заманда бұл аспапта ойнауды арнайы оқу орындарында үйретеді.

Домбыраның құрылымы

Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:

шанағы(кеудесі), мойны және басы;

-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып

тұратын түйме орналасқан ;

-Мойын пернелерге бөлінген;

-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқарады.

Қазіргідей ғылым мен техника дамыған заманда, домбыра - ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы болмақ.

  • Домбырада орындау «Жастар биі».

  • Балалар, күйдің мінезі қандай?

  • Көңілді.

  • Жетіген - жеті ішекті дыбысты көне шертпелі, пішіні төрт бұрышты аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл күнде аспап кеңінен насихатталып, халыққа танылып, дамып келеді.

  • Жетіген аспабында орындау.

  • Балалар сендерге ұнады ма?

  • Қалай орналды, әуені қандай?

  • Балалар сергіту сәтіне жеттік,бәріміз бірге тұрып ән орындайық, бар қимылдарымен «Ән айтамыз бәріміз» (орындау).

1 шумақ

Шеңберді біз алайық, достарым кел билейік,

артқа қарап, алға қарап, орнымыздан бұрылып 2 рет

2 шумақ

Ал екеуміз ұшайық, ұшайық та тұрмайық

артқа қарап, алға қарап, орнымыздан бұрылып 2 рет

3 шумақ

Сенде менен қалыспа, би билейік жарыса

артқа қарап, алға қарап, орнымыздан бұрылып 2 рет

Әнімізді орындайық: Қанша бала,қанша біз.

1 шумақ

Қанша бала,қанша біз, бақыттымыз баршамыз

Ойын күлкі ортасы 2 рет

Біз бақытты баламыз 2 рет

2 шумақ

Бәріміз біз татумыз, біз өсеміз толамыз

Бәрімізде ертен-ақ 2 рет

Үлкен жігіт боламыз 2 рет

  • Балалар сазсырнай - саздан жасалған үрмелі аспап. Үні ашық, нәзік болады.Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.

  • Сазсырнай аспабында орындау.

  • Балалар, күйдің мінезі қандай?

  • Көңілді.

  • Келесі аспаптармен танысамыз:

  • Қылқобыз- әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттаң құйрық жалының қылы тағылады.

  • Балалар қобыздың әуенің тамашалаңдар.

  • Балалар, күйдің әуені қандай?

  • Ақырын, асықпай орындалады.

  • Жарайсыңдар балалар.

  • Балалар сергіту сәтіне жеттік, Ән орындау «Жануарлар әні».

1 шумақ

Терезе алдына отырады

Мысық жуды құлағын

оған көздің қырын салып

қайталаймыз қылығын.

Қайырмасы:

Бір, екі, үш кәне қайтала

бір, екі, үш кәне қайтала

Үш, төрт, бес қайтала қайта

Үш, төрт, бес қайтала қайта

Өте керемет

2 шумақ

Орман жолмен жылан жүреді

жер бетінде сырғыйды

ал біз оның қимылдарын

қайталауға келеді

Қайырмасы:

Бір, екі, үш кәне қайтала

бір,екі,үш кәне қайтала

Үш, төрт, бес қайтала қайта

Үш, төрт, бес қайтала қайта

Өте керемет.

  • Балалар сергіту сәтіне жеттік

Саусақтар жаттығуы:

Қуыр- қуыр қуырмаш,

Бидай қуыр қуырмаш.

Тауықтарға бидай шаш:

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.

Бас бармақ-әкем,

Балаң үйрек- шешем,

Ортан терек - ағам,

Шылдыр шүмек- әпкем,

Кішкентай бөбек - мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз (бесеуміз)

Кел, балақан,балақан!

Шапалақта алақан!

Жай,жай,жай!

Қозғап барлық денеңді,

Қолды қатты соқ еңді,

Сарт,сарт,сарт!

  • Баян аспабы-түмелі аспаб.Отырып және тұрып ойнауға болады. Бұл аспап орыс халқына жатады. Орындағанда аспап кітапша сияқты ашылады.

  • Баян аспабында орындауын тындайық.

  • Қалай орындалды?

  • Әуені қандай?

  • Сылдырмақ аспабымен танысайық - бұл ұрмалы аспабы. Ансамбльдерде көбінесе балалар орындалады.

Сылдырмақ әнің орындау:

Сылдыр, сылдыр ,сылдырмақ, қандай әсем сылдырдайды

Топ-топ басайық, сылдырмақты алайық, алайық.

Сылдырмақты алайық, қатты-қатты ұрайық

Күшті сені табанда, би билейміз жанаша, жанаша.

Әнімізді орындайық: Бақытты шақ.

1 шұмақ

Бау бақша белдер, орман тау көлдер

Көрікті шексіз даламыз, дәулетті тасқан, сәулетті асқан

Көңілді ауыл қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей, жайнаған гүлдей, бақытты біздер баламыз 2 рет

2 шұмақ

Өзіміз туған, көбелек қуған, өркеже өсіп толамыз

Жалықпай оқып, көңілге тоқып, білімді бала боламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей, жайнаған гүлдей, бақытты біздер баламыз 2 рет

Қорытындылау

Балалар, музыкалық аспаптардың үндестігімен таныстық.

Жаңа сабақты бекіту

1. Қандай аспаптармен таныстық?

2. Ең кеңінен таралған музыкалық аспап қалай аталады?

3. Домбырада не орындалды?

4. Қобыз аспабында не орындалды?

Үйге тапсырма беру

Ән репертуарын , саусақтар жаттығуларын қайталау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал